Қазақ тілі пәні бойынша 5-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары



Дата07.02.2022
өлшемі41 Kb.
#91872
түріСабақ
Байланысты:
5-сынып-1 каз яз



Қазақ тілі пәні бойынша 5-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Сабақтың нөмірі: 1
Сабақтың тақырыбы: §70. Ерте дүниедегі халық астрономиясы

  1. Мақсаты: 5.1.4.1 - тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау; 5.4.5.5 - төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру.

Бұл сабақта оқушы: негізгі ойды анықтауы тиіс; төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білуі, төл сөзді төлеу сөзге айналдыра алуы керек.

  1. Қысқаша тезисті конспект

  1. Ертедегі адамдардың астрономия туралы білімдері әртүрлі ертегі, аңыздармен астасып жатады. Арғы ата-бабаларымызда көптеген әйгілі адамдардың болғандығы туралы археологиялық зерттеулер арқылы аса құнды материалдық-мәдени айғақтар табылды. Тарихтың атасы Геродот пен басқа да грек ғұламалары скиф-сақ жұртынан шыққан біздің арғы бабаларымыз туралы көп деректер қалдырды. Олардың ішінде екі адамды бөле-жара сипаттайды. Олардың бірі – Тоқсары (Токсарис), екіншісі – Анақарыс (Анахарсис). Бұларды гректер сол кездегі данышпан Солон бастаған әйгілі жеті ғұламаның қатарына қосқан екен. Орта Азияның ұлы астрономдары қатарына Әбу Насыр әл-Фарабиді, Әбу Райхан әл-Бируниді, Омар Һайамды, Мұхамед Тарағай Ұлықбекті жатқызамыз. әл-Фарабидің мол рухани қазынасының ішінде астрономияға қатысты еңбектері де көп. («Менің алғашқы энциклопедиям» жинағынан).


Сөйлеуші тек өзі ғана сөйлей бермей, өз сөзінің ішінде басқа біреудің айтқанын, сөйлеген сөзін келтіреді. Біреудің сөзі екі түрлі жолмен беріледі. Ешбір өзгеріссіз, дәл сол айтылған күйінде жеткізілуі төл сөз деп аталады. Мысалы: «Еңбек түбі – береке», - дейді халық.
Сөйлеуші тарапынан өзгеріске ұшырап, тек мазмұнын сақтап жеткізу төлеу сөз деп аталады. Мысалы: Халық еңбектің түбі береке екенін айтқан.
2) Әдеби тіл нормалары


  1. Сілтеме: 5-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы, «Арман-ПВ» баспасы, 111-112-б., 2017 ж., https://kk.wikipedia.org/wiki/

  2. Оқушыларға арналған тапсырмалар

1-тапсырма. Мәтінді оқып, тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі және қосымша ақпаратты анықта.

Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат







2-тапсырма. Мәтіндегі төл сөздерді төлеу сөз түрінде жаз.
Үлгі: Күләш жыл санаудың күнтізбелік жүйесі бұдан 5-6 мың жыл бұрын Ежелгі Шығыс елдерінде пайда болғанын айтты.
3-тапсырма. Ата-анаңның көмегімен немесе энциклопедияларды пайдаланып, ертедегі халықтық ұғымдағы тәулік мезгілдерін жаз. Оларға түсінік бер.

  1. Кері байланыс: орындаған тапсырмаңды мұғалімге электронды пошта немесе «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібер.



Әзірлеген: Мунасаева Р.Н., М.Ганди атындағы №92 МЛ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет