Қазақ тілі пәні мұғалімі ( орыс мектебінде) Сәпенова Гүлнәр Теміртасовна



бет1/10
Дата16.01.2020
өлшемі187,26 Kb.
#55931
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қазақ тілі пәні мұғалімі  ( орыс мектебінде)


Сәпенова Гүлнәр Теміртасовна

 

 

 

10-сыныптарға  (жаратылыстану- математикалық бағыт)   арналған бақылау жұмыстарының жинағы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік хат

       10-сыныптарға  (жаратылыстану- математикалық бағыт)   арналған бақылау жұмыстарының жинағы.

10- сынып оқу бағдарламасы және Т.Артықова,

Т. Төлеуованың 2010 жылғы  «Атамұра» баспасының «Қазақ тілі»  оқулығы бойынша жасалған.

Жинақтың мақсаты:  Мемлекеттік стандарт талаптарына  сәйкес оқушылардың білім деңгейін анықтау. Осы мақсатты жүзеге  асыру үшін  алғашқы үзігі,    тақырыптық тесттер, жылдық бақылау  диктант (деңгейлік тапсырмаларымен) алынған. Диктант сөз мөлшері мәтіннің соңында берілген. Сонымен қатар әр тоқсан  соңында өткізілетін лексико-грамматикалық   тапсырмалар( саны-4), диктанттар және  3 мазмұндама енгізілген.

Оқушылардың мақсаты:  мәтінді дұрыс ұғып, қазақ  тіліне тән дыбыстарының емлелік заңдықтарына сүйене отырып, сауатты жазуға  тырысу. Ал-  лексико-грамматикалық    және   деңгейлік тапсырмалардың мақсаты- стандарт талаптарына сәйкес  алынған танымдық, грамматикалық білімін мееңгерілу деңгейін анықтауға негізделген.  С- деңгей-шығармашылық(  жоғары),   А-В-  реподуктивтік, реконструктивтік  (мүмкіндік, орта) деңгейлері. Әр оқушының 1 деңгейлік тапсырмаларын таңдауға мүмкіндігі бар. Әрбір бақылау жұмысы лексикалық тақырыптарды терең меңгеруге  көмектеседі. Тапсырмалар оқушылардың өздігінен жұмыс  істеуге, тақырыптар бойынша игерілген білімдерін  тексеруге көмектеседі.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



Қазақ тілі   ( орыс мектебі)  10-сынып.

Жаратылыстану-математикалық бағыт.



Алғашқы бақылау үзігі.

Мақсаты: 10-сынып бағдарламасы бойынша мемлекттік стандарт талаптарының  орындалу деңгейін анықтау. Негізгі білім. Фонетика. Үндестік Заңы. Буын Үндестігі. Дыбыс Үндестігі. Фонетикалық талдау. Лексика . Сөздік қоры. Морфология. Жалқы зат есім және жалпы зат есім.  Зат есімнің жалғаулары. Сөз таптары. Сөз құрамы. Синтаксис. Құрмалас сөйлем, оның  түрлері. Синтаксис талдау жасау. Жай және құрмалас сөйлемнің тыныс  белгілері. Сөйлемдегі  бастауыш пен баяндауыштың арасында қойылатын сызықша. Мәтінді түсіну,негізі ойды білдіретін сөйлемді теріп жазу. Мәтінге сұрақтар қоя білу. Өз ойларын сауатты дәлелдеу.

 

Жатжазу.


Тәуелсіз Қазақстан.

Бұл дүниеде біздің бір Отанымыз бар. Ол- тәуелсіз Қазақстан. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бері,Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз бірқатар аса беделді  халықаралық  ұйымдарға, оның ішіндеБіріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына  мүше  болып қабылданды.

Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш президентін сайлады.

Елтаңбамызды , туымызды  белгіледік. Қазақ  тіліне мемлекеттік  мәртебе  берілді.

1991 жылы қазақ жігіті Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшып, ұлттың мерейін көтерді.

Туған жерімізде талай-талай өркенді өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр. Ең бастысы – тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар.

Біздің туымыз-тәуелсіздік, тілегіміз-бейбітшілік, тыныштық . Еліміздің тұтастығын, халықтарымыздың жарастығын аман сақтау – әрбір азаматтың борышы.   (106 сөз )

Деңгейлік тапсырмалар

.А-деңгей.  1. Мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемді тауып жаз. Мәтінге 3 сұрақ қой. 2. Мәтіннен жалқы зат есімді теріп жаз. 3. Берілген сөздерге сұрақ қойып,сөз құрамына талда.

В-деңгей. — .1. «Тәуелсіздік»  деген сөзге фонетикалық талдау жаса.



  1. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жаып, жағын, түрін анықта.

  2. Мәтіндегі 2жай сөйлемнен құрмалас сөйлем құра. Оған синтаксистік талдау жаса.

С-деңгей-  1. Ата Заңымыз- бүкіл қазақстандықтардың  еркіндігі мен құқығының кепілі. Сен осы сөздерді қалай түсінесің? ( өз ойыңды жазбаша дәлелде).

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Тоқсандық бақылау жұмысы № 1.



Мақсаты: Өтілген лексико-граматикалық  тақырыптар бойынша оқушылардың  білім деңгейін анықтау, тексеру, бағалау.

Фонетика. Үндестік Заңы.

Морфология. Етістіктің шақтары. Есімше, көсемше.  Тәуелдік жалғау. Септік жалғау.

Синтаксис.Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.  Жай мен құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері.Құрмалас сөйлемге синтаксистік талдауын  жасау.

Лексика. Сөздік қорын молайту. Синоним. Антоним.   Берілген тақырыптар бойынша жазбаша жауап беру,   өз ойларын  сауатты дәлелдеу. Қазақ  отбасындағы   туыстық  атауларын білу,  Ата Заңымызды құрметтеу.Отбасын ,елін сүю, бір-бірін сыйлау, қамқор болу.

Лексикалық тапсырмалар.



  1. Егемендік деген не? Қазақстан өзінің егемендігін  қашан жариялады?

  2. Ата Заңымыз соңғы рет қай жылы  қабылданды?

  3.  «Әкем- отбасымыздың  асыраушысы,қамқоршысы»   туралы шағын әңгіме  құраңдар.

  4. Қазақ отбасындағы туыстық атауларға сипаттама  беріңдер.

  5. Қазақ дастарқаны тақырыбы бойынша диалог құраңдар.

Грамматикалық тапсырмалар.

  1. Тұйық  етістік  туралы  түсінік беріңдер. Тұйық  етістіктің  жасалу  жолдары,грамматикалық ерекшеліктерін  түсіндіріңдер.

  2. Сөздерге синоним , антонимдер табыңдар.

Отбасы, тағдыр, сақтау, құрметтеу, егемендік.

  1. Берілген сөз тіркестерін дұрыс аударып, жағын, түрін анықтаңдар:   мои родные- ……, его независимость-……,наша Конституция-….., ваш обычай-…., ее уважение-….,их гостеприимство…..

  2. Шашылған сөздерден сөйлем құраңдар. Сөйлемге толық синтаксистік талдау жасаңдар.   Отанымыз, Қазақстанның , мәртебесін,аяулы, ұмытпауымыз,,керек, биіктеп, борышымыз,қасиетті, екенін.

  3. Етістіктерден көсемше, есімше түрлерін жасаңдар: біл-……., ұмытпау-…………..,қорғау-……..,сүю -…………

 

Тоқсандық бақылау жұмысы  № 2.

Мақсаты : Өтілген лексико-грамматикалық тақырыптар бойынша  оқушылардың  білім деңгейін анықтау, тексеру, бағалау.

Фонетика.  Үндестік Заңы.  Дыбыс үндестігі. Буын үндестігі.

Морфология. Сөз құрамына талдау. Туынды етістік. Етістің түрлері. Зат есім. морфологиялық талдауы. Күрделі  сөздер. Септік жалғау.

Лексика. Сөздік қорларын молайту. Берілген тақырыптар бойынша  жазбаша

тілдерін  дамыту, ой қабілеттерін арттыру, грамматикалық дағдыларын  қалыптастыру,  өз ойларын сауатты жеткізе алу, Қазақстан облыстарын білу, еліміздің ғалымдарын  тану , құрметтеу, еңбектеріне қызығушылығын ояту.

Лексикалық тапсырмалар.



  1. Астана — еліміздің  бас қаласы. (монолог құраңдар.)

  2. Қазақстан облыстарын атаңдар.   ( орналасқан жері,  облыстық  орталығы).

  3. Тіл білу өте маңызды. Тақырып бойынша өз пікірлеріңді жазыңдар.

  4. «Қазақ халқының  ғалымдары»  деген тақырыпқа  диалог  құраңдар.

  5. Мақал- мәтелдерді түсініп оқып, орыс тіліндегі  баламасын  табыңдар.

  6. Білімді өлсе,қағазда аты қалар, ұста өлсе, істеген заты қалар.

  7. Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер, залыммен жақын болсаң, басын кетер.

Грамматикалық тапсырмалар.

  1. Үндестік заңы дегеніміз не?  Оның екі түрін атаңдар.Мысал келтіріңдер.

  2. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшылар:………………..

  3. Сөз құрамына талдаңдар:  зерттелінген, дәлелдеді, салыстырып,ғалымдардың еңбектері.

  4. Етіс туралы  түсінік  беріңдер. Етіс түрлерін жасалу жолдарын көрсетіңдер.

  5. Сөйлемнен зат есімді тауып жазып, оған морфологиялық талдау жасаңдар.Қаныш Сәтбаевтың 640-ған астам ғылыми еңбектері бар.

 

 

 



 

Тоқсандық бақылау жұмысы  № 3.

 

Мақсаты:  Өтілген  лексико-грамматикалық тақырыптар бойынша  оқушылардың білім деңгейін анықтау, тексеру, бағалау.



Фонетика. Үндестік Заңы.

Морфология. Етістіктің морфологиялық талдауы.Есімше. Рай түрлері.

Синтаксис.  Жай сөйлемнің  түрлері. Бастауыш пен баяндауыштың арасында қойлатын  сызықша.  Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.Жай сөйлемнің синтаксистік талдауы.

Лексика. Сөздік  қорын байыту. Тұрақты сөз тіркестер. Өз ойларын жазбаша сауатты жеткізе алу.

Лексикалық тапсырмалар.


  1. Мемлекттік қорықтарын атаңдар.

  2. « Қазақ салт-дәстүрлері» деген тақырыпқа диалог құраңдар.

  3. Теледидардың пайдасы мен зияны . Өз пікірлеріңді жазыңдар.

  4. «Арал тағдыры – адам тағдыры» деген қанатты  сөздің  мағынасын  түсіндіріңдер.

  5. Бата – дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

Грамматикалық тапсырмалар.

  1. Есімшені септеңдер:  қорғаған. 1   сұраулы сөйлем құраңдар.

  2. Рай туралы түсінік беріңдер. Рай түрлерін жасалу жолдарын анықтаңдар. Мысалдар келтіріңдер.

  3. Сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс қойыңдар. Оған синтаксистік талдау жасаңдар.

Баянауылдың  әсем көркі  көгілдір таулары күрең  белдері мөлдір көлдері

  1. Сөйлемнен етістікті тауып жазып, морфологиялық талдау жасаңдар. Үлкен кісімен сөйлескенде,қолыңды қалтаңа  салып тұрма.

  2. Тұрақты сөз тіркестер дегеніміз  —     ………………………….    (жалғастырыңдар).Төмендегі  тұрақты сөз тіркестерін  аударып , орыс тіліндегі баламасын табыңдар.

Қой аузынан шөп  алмас-

Жылқы мінезді –

Су жүрек –

Ит өлген жер —

Тоқсандық бақылау жұмысы № 4.

Мақсаты: Өтілген тақырыптар  бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау, тексеру, бағалау.  Фонетика.    Үндестік Заңы.   Кейінді ықпал.

Морфология.   Үстеу, оның түрлері. Туынды зат есім. Қос сөздер. Біріккен  сөздер. Сөз құрамына талдау.

Лексика.  Термин сөздер.  Стиль , оның түрлері.

Синтаксис. Құрмалас сөйлемнің түрлері. Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері. Бірыңғай мүшелер.  Өз ойларын  сауатты  дәлелдеу, тілдік қабілеттерін  дамыту.

Лексикалық тапсырмалар.



  1. Әбілхан Қастеев  туралы не білесіңдер? 6-7с.

  2. Кереку өңірінде шығарылатын журнал-газеттер атаңдар.

  3. « Менің сүйікті ұстазым»  туралы шағын шығарма  жазыңдар.

  4. « Менің болашақ маманым» деген тақырыпқа диалог  құраңдар

  5. Мақал-мәтелдерді түсініп оқып, орыс тіліндегі баламасын  табыңдар.

А )  Ер жігіттің екі сөйлегені- өлгені.

Ә)  Көп жасаған  білмейді, көп тоқыған біледі.

Б)  Өнер-білім- бәрі де , оқуменен табылған.

Грамматикалық    тапсырмалар.



  1. Стиль дегеніміз не? Оның  түрлерін  атаңдар.

  2. Сөйлемдегі үстеудерді тауып, мағынасына  қарай ажыратыңдар.

Бүгін  ол келеді.  Әрі –бері мылтық даусы естілді.  Асан екеуіміз ақырын әңгімелесіп  келеміз.  Ауыл  реңі мүлдем жүдеу еді. Ауыл үйлері  біріне- бірі әдейі  жақын қонған. Мен амалсыздан  келіп тұрмын.

  1. Сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс қойып, сөйлемнің түрін анықтаңдар.  Публицисткалық стильге  қойылатын талап қандай тақырыпқа  жазылса да  логикалық  жағынан  дәлелді көңілге  қонымды  болуы қажет.

  2.   Болашақ-   болашағым

Мамандық— мамандығы

Осы сөздердегі   дауыссыз дыбыстардың  не себепті өзгергенін

дәлелдеңдер.


  1. Сөз құрамына  талдаңдар:     өмірбаяным,   Әбілханның туындылары, өнер-білім,мінездемені

І тоқсан.

Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын тексеру.

Диктант.

Отаншылдық – ұлы қасиет.

Отансүйгіштік –әрбір азаматқа керек ұлы қасиет. Өз Отанын , өз халқын сүймейтін адамдар елінің қорғаны, патриоты бола алмайды.

Отаншылдық өз үйіңнен басталады.  Кімде-кім ата-анасын ардақтаса, бірге туған баырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады.

Өз әке-шешесін ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрметтемейді.

Намыс-азаматтың  алтын  туы. Әке-шешесін сыйлаған балада ғана намыс болады. Ер жігіттің  елі-ата-анасы. Отан-өз үйі. Елді, Отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде. (101 сөз)

(Б.Момышұлы )



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тоқсан.

Мақсаты: оқушылардың сауаттылығын тексеру.        

                                       Диктант.

                                    Баянауыл.  

Баянауыл- Сарыарқа аталатын ұлан-ғайыр сахараның бір ғана бөлігі. Ол Ертістің сол жақ жағалауында орналасқан.    Ол  Павлодар облысында орналасқан.

Баянауылдың бүкіл кербез көркі – көгілдір таулары, күрең белдері,  мөлдір көлдері.

Таулардың қойнаулары қалың жыныс орман-тоғайлар: қарағай, терек, қайың, мойыл… Шырша иісі бұрқырап тұрады. Көз жасындай мөлдіреген салқын бастаулар… Мұнда қайран қалар жайлар аз емес. Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр көлдерін айтсаңшы! Алтынмен аптап, күміспен күптеген гауһар жүзік қой әрқайсысы.

Баянауыл –туған халқына  қызмет етуге бүкіл ғұмырын сарп еткен талай ардақты, атақты  азаматтарымыздың  елі.

Баянауыл – жаратылыстың қаймағы бұзылмаған қастерлі бір мекені. Мұнда жабайы аңдар мен құстардың алуан түрлерін кездестіресіз. Бұл өңірдің байлығы ұшан-теңіз.Үкіметтің шешімі бойынша Баянауыл ауданының аймағы қорық болып жарияланды. ( 108 сөз)



 

 

   

 

 

 

 

 

 

ІІІ тоқсан.

  Мақсаты: Оқушылардың  сауаттылығын тексеру.

Диктант.

Тұсаукесер тойы.

 Тұсаукесер тойы сәби тәй-тәйлап жүре бастағанда өткізіледі. Тұсаукесер тойына арнайы қонақтар шақырылады. Жиналған  көпшілік  арасынан  сәбидің  тұсауын кесетін адамды тағайындайды.  Ол адамдың жүрісі жылдам, қимылы тез, епті кісі болу керек. Тұсау кескен адамға сәбидің тұсауына  байланысты арнайы тұсаукесер сыйлығы беріледі. Тұсаукесер тойына жиналғандар кең далаға шығып, дәмге толы дастарқан жанына қазық қағады. Аяғы тұсалған баланы осы қазыққа  арқандап қояды. Содан соң  тойға жиналған  балаларды  жаяу жарысқа жібереді. Озып келен балалар арқанды қиып, дастарқандағы дәмге ие болады. Оған да арнайы сыйлық береді. Тұсауын кесетін адам ала жіпті кеседі. Тұсауы кесілген соң, сәбиді екі адам ортаға алып шығып, тез-тез жүргізеді.Осы кезде  «Тұсаукесер»  жыры шырқалады.( 104 сөз )

( « Шаңырақ»  кітабынан )

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Жылдық бақылау жұмысы.

Мақсаты: 10-сынып бағдарламасы  бойынша мемлекеттік стандарт  талаптарының орындалу  деңгейлерін анықтау.

Негізгі білім. Тілдік білім.

-Лексика. Сөздік қорлары. Синоним,антонимдер.

-Морфология. Сын есім,оның түрлері. Сан есім,  оның түрлері.

-Фонетика. Үндестік Заңы.

Синтаксис. Жай сөйлем. Құрмалас сөйлем, оның түрлері.

Біліктілік: Мәтінді түсіну, сұрақ қою білу.



  • морфологиялық талдау жасау

  • синтаксистік талдау жасау .

  • сабақтас салалас құрмалас сөйлем ,оның түрлері.

  • Сұлбаларын құру.

  • Өз ойларын сауатты жазу, қорытынды жасау.

 

Жатжазу.


Қожа Ахмет Йасауи кесенесі.

 

Түркістан –Қазақстанның қалаларының бірі. Ол Орта Азия мен Қыпшақ даласы халықтарының  саяси  орталығы  болған. Беріде Түркістан Қазақ  хандығының  ордасы деп  саналған.



Түркістан келгендер  алдымен  Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне барады. Бұл кесене –  ең  озық сәулет өнерінің  үлгісі. Кесене 35  бөлмеден  және 8 бөліктен тұрады. Бір бөлмесі  қазандық деп аталған. Осы бөлмеде  салмағы екі тонна  үлкен  қола қазан  орнатылған.Оған  жеті жылқының  еті сыяды.  Кесененің  жанында  шығыс моншасы бар. Жер астында  ғибадатхана орналасқан. Осы ғимарат Әмір Темір  бұйрығымен салынған.

Бұл ғимараттың  құрастырғанына 60 жылдай болды. Оның бір қышы сынбаған, бір шегесі босамаған , сыры кетпеген.

Хандар таққа  отырған кезде , Қожа Ахмет ақынның басында ант берген. (108 сөз)    (  Интернет желісінен)

Деңгейлік тапсырмалар.

А-деңгей. 1) Мәтінге 4 сұрақ қой. Негізгі ойды  білдіретін  сөйлемді теріп жаз.

2) Сөздерге антоним- синоним тап.

Көне-…., беріде-….., сыяды-…..,сыры-….,

3) Сөзге морфологиялық талдау жаса.

Жеті-

В-деңгей. 1) Сөз құрамына талда: саяси, кетпеген, үлкен, ең озық



2) 2 жай сөйлемнен 1 сабақтас, 1 салалас құрмалас сөйлем құра.

1 сөйлемге синтаксист»к талдау жаса.

С- деңгей.1) Біздің қаламызда  қандай тарихи  ғимараттар бар? Олар туралы   не  білесің ? ( шағын шығарма жаз)

 

 



 

 

Оқу орыс тілдерінде жүретін мектептердегі қазақ тілі мұғалімдері үшін



ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН

МЕКТЕПТЕРДІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ

АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ


Тест сауалнамалары

5-11 сынып

Павлодар қ., 2013 ж.
Түсінік хат

Оқу бағдарламасында білім берудің барлық деңгейлерінде «Қазақ тілі» пәнінің мазмұндық желісі үш аяға бөлініп ұсынылған. Әр ая жеке бөлімдерге бөлінген:

Әлеуметтік -тұрмыстық ая:

Әлеуметтік -мәдени ая:

Оқу- еңбек аясы:

Білім мазмұнын, көлемін,мөлшерін белгілеуде оқу жүктемесі 5-11сынып оқушыларының жеке жас ерекшеліктерін ескерді. Тақырыптық тесттер оқушылардың әр бөлім бойынша алған білімдерін тексеруге көмектеседі.

Тест мақсаты:

Оқушылардың теориялық және практикалық білім дәрежесін байқау

Оқушылардың стндартты толық меңгеру деңгейін бақылау

Тест арқылы грамматикадан және лексикадан өткен материалдарды қайталау.

Тест жүргізу – тілдік білімділікті тексеруге ең тиімді әрекеттердің бірі. Ол білімнің сапалық және сандық жағдайын нақтылы түрде көрсете алады. Тест арқылы өзі ізденеді, дұрыс жауабын табады. Оқушылар өткен тақырыпты еске түсіреді, осылай білімі бекітіледі. Тест лексикалық, грамматикалық, логикалық тапсырмалардан құрастырылған. Барлығы 15-20 сұрақтан және 5 нұсқалы жауаптан тұрады. Жауап кілті тесттердің соңында берілген.

Тест нөмірлерінің реті:

Бірінші сан – сыныбы

Екінші сан – аясы

Үшінші сан - бөлімі

«Қазақ тілінен 5-11 сыныптарға арналған бақылау жұмыстарының өлшем бірліктерін құрастыру» атты қалалық шығармашылық топтың орыс тілде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерінің құрастырған тізімі:

5-сынып

1. А.Х. Ережепова - №24 ЖОМ

2. Ш.Т. Капсалыкова - №15 ЖОМ

3. Г.К. Абдрахманова - №36 ЖОМ



6-сынып

1. А.Ж. Төлебаева -№ 6 ЖОМ

2. Ш.А. Ахметжанова- №14 ЖОМ

3. А.О. Ысқақова -№28 ЖОМ

4. Г.С. Мусина -№17 ЖОМ

7-сынып

1. Н.М. Жағыпарова-№9 ЖОМ

2. Д.С. Уныйбаева-№43 ЖОМ

8-сынып

1. Г.С. Байғұлова -№34 ЖОМ

2. А. Е. Оспанова- №34 ЖОМ

9-сынып

1. Н.Б. Исабаева -№11 мектеп

2. Р.С. Шахметова- №36 мектеп

3. А.С. Еспосынова-№16 мектеп



10-11-сынып

1. Г.С. Ахметжанова -№43 ЖОМ

2. Г.К. Абенова -№ 42 ЖОМ

3. М.Т. Сейітканова- №4 ЖОМ

4. А.А. Жантемірова-№ 26 ЖОМ

5- сынып. І. Әлеуметтік-тұрмыстық ая

1. Менің отбасым.

Лексика - грамматикалық тест № 511

1. Отбасы мүшелерінің атауын табыңыз

A) үй, пәтер, бөлме

B) аға, сіңлі, іні

C) дәрігер, ұшқыш, сатушы

D) дос, жолдас, сыныптас

E) мектеп, дүкен, пәтер

2. Дұрыс жазылған сөзді табыңыз

А) орталығы

В) орталықы

С) орталыгы

D) орталығі

E)орталыкі

3. «Қарындасым» деп кім айтатынын анықтаңыз

А) әкесі

В) әпкесі

С) ағасы

D)інісі

E) анасы

4. Үндестік заңының түрін анықтаңыз

А) 2 В) 3 С) 4 D) 5 E) 6

5. Отбасы мүшелерінің ішінен жасы үлкенін табыңыз

А) іні

В) ата


С) шеше

Д) әпке

E)әке

6. Сызбаға сәйкес сөзді табыңыз: Түбір + қосымша



А) ана

В) қарындас

С) әкесі

Д) әпке

E)әже

7. Сызбаға сәйкес сөз тіркесін табыңыз: Зат есім + етістік



А) отбасы мүшесі

В) ақылды ана

С) отбасым жиналды

Д) менің әкем

E)әжесінің баласы
8. Бірыңғай ашық буынды сөзді табыңыз

A) нағашы

B) қарындас

C) отбасы

D) немерелер

E) оқушылар

9. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді табыңыз

A)немересінің

B) баланың

C) әкесімен

D) ағама

E) әженікі

10. Жуан дауысты дыбыстарды табыңыз

A) а, ә, ұ, ө

B) ұ, о, ы, а

C)ү, е, и, ө

D) ұ, ү, е, о

E)е, и, ы, і

11. Буынның неше түрі бар?

A) 2 B) 3 C) 4 D) 5 E) 6

12. Әліпби тәртібімен жазылған қатарды анықтаңыз

A) г ғ з е д

B)а ә в б ғ г

C)н ң о ө п

D) т у ү ұ ф

E) ш щ ъ ь э ю я

13.Үш буынды сөзді белгілеңіз

A) Шымкент

B) Ибалылық

C) Қиналғаным

D)Серттескен

E) Банк


14. Тұйық буынды сөзді табыңыз

A) би


B) сүй

C) же


D) ел

E) бас


15. Сөзге көптік жалғауын жалғаңыз: Әже...

A) лар B) дер C) лер D) дар E) тер



5- сынып. І. Әлеуметтік-тұрмыстық ая

2. Менің мекен жайым

Лексика - грамматикалық тест №512

Сіз қай қалада тұрасыз? А) Астана

В) Павлодар

С) Алматы

Д) Өскемен

E) Ақсу


Жатыс септікте тұрған сөзді белгілеңіз

А) үйдің

В) үйге

С) үйде

Д) үйден

E) үйді


Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз: Мен бесінші .... тұрамын.

А ) қабатқа

В) қабатта

С) қабатпен

Д) қабаттан

E)қабаттың

Сөйлемнен жіктік жалғауы бар сөзді табыңыз: Мен Естай көшесіндегі жиырма бесінші үйде тұрамын.

А) Естай

В) мен

С) тұрамын

Д) көшесіндегі

E) үйде


5. Ілік септіктің сұрағын белгілеңіз

А) кімнің?

В)кімге?

С)кіммен?

Д) кімнен?

E) кімді?

6. «Көршілермен» деген сөздің жалғау түрлерін анықтаңыз

А )тәуелдік, септік

В )көптік, жіктік

С) көптік, септік

Д) тәуелдік, жіктік

E) септік, көптік

7.Дұрыс аудармасын табыңыз: «Қаланың оңтүстігінде мұражай, мектеп бар»

А)на севере города есть музей, школа

В)на юге города есть музей, школа

С) на востоке города есть музей, школа

Д)на западе города есть музей, школа

E) в центре города есть музей, школа

8.«Кім?»сұрағын қандай сөздерге қолданар едіңіз

А) адамдарға, мамандық атауларына

В)сын есімдерге

С) жануарлардың атауларына

Д) өсімдіктерге

E) жер-су атауларына

9. Заттың атын білдіретін сөздерді не дейміз?

А) зат есім

В)сын есім

С) сан есім

Д) есімдік

) етістік

10. «Көше» деген сөзге көптік жалғауын жалғаңыз

А) -лар

В) –лер

С) -дар

Д) -дер

E)–тар


11. Септіктің неше түрі бар?

A) 3 B) 4 C) 5 D) 6 E) 7

12. Төртінші қандай септік екенін анықтаңыз

A) атау

B) барыс

C)табыс

D) шығыс

E) көмектес

13. -да, -де, -та, -те қай септіктің жалғаулары екенін атаңыз

A) ілік B) табыс C) жатыс D)шығыс E)көмектес

14. «Менің досымның үйі мектептен алыс емес» - сөйлеміндегі шығыс септікте тұрған сөзді табыңыз.

A) менің

B)досымның

C)үйі


D)мектептен

E) алыс емес

15. «Менің әжем ауылда тұра... » - сөйлемді аяқтаңыз

А) –мын В)- сың С) – сыз Д) – ды Е) - мыз



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет