III сынып оқулығы. Орыс тілінде оқытылатын жалпы білім беретін мектептерде III сыныпта қазақ тіліне – 68 сағат, яғни аптасына 2 сағат берілген. III сыныпта қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты: оқушыларда күнделікті қарапайым, оқу-әңгімелі қазақ тілінің дамуы мен қалыптасуы. 1. Қайталау. Дыбыстарды дұрыс айту және қоюды әрі қарай үйрену. Сингармонизм жазуын көріп қабылдау. Дәріс сөздерін еркін пайдалану. Мәтін бойынша диалог құрастыру. 2. Қазақша тіл дамыту және оқу. Сингармонизм сөздерді тыңдау және айту. Сөздер және сол сөздермен үлгі сөйлемдер. Тақырыпты күнделікті жағдайлар (уақыт, күнтізбе, жыл мезгілдері) арқылы кеңірек ашу. 3. Сөйлесу тілі. Лексикалық минимум, басқаша айтқанда, басқа пәндермен байланысты жаңа сөздер мен сқйлем енгізу. 4. Сөйлемге қашан, қандай сұрақтарын енгізу. Септік, тәуелдік категориясын енгізу. Мысалы: Кімнің қаламы? – Менің қаламым. 5. И, У, Я, Ю әріптері, олардың жазылуы, айтылуы. 6. Мәтін күнделікті сөйлесу пәні – әңгімелесу, балаларға арналған ертегілер мен әңгімелер. - Оқулықты талдау үлгісі
- Жоспар:
- 1.Оқулықтың сыртқы безендірілуі – автор, мұқабаның ішкі-сыртқы көрінісі,бекітілген жері, шыққан баспасы, оқулықтан ғылыми бөлігі, арналған сыныбы т.б. жайында.
- 2.Оқулықтың ішкі құрылысы, тілдің ғылыми салаларының берілу мазмұны.
- 3.Тілдің ғылыми теориясын түсіндіру жолы және оқыту әдістері.
- I-IV сынып аралығындағы оқулықтар Ә.Жүнісбектің, А.Қайырбекованың әдістемелері бойынша жазылған. Бұл аралықта оқушы 4 жағдаятқа байланыста 400 сөз білуі тиіс. Олар:
- 1) ойынға байланысты сөздер;
- 2) тамаққа байланысты сөздер;
- 3) сабаққа байланысты сөздер;
- 4) киімге байланысты сөздер.
- IV сыныптан бастап қазақ тілі сабағында әріп, дыбыс, буын, түбір т.б. грамматикалық ұғымдар беріледі. Орыс мектебінде I-IV сынып аралығында қазақ тілінен 9 дауысты дыбыс үйретіледі. Олар: а, ә, ы, і, ұ, ү, о, ө, е және санға байланысты 21 сөз. 0-ден 9-ға дейін сандар және 100 – 1000 сандары. Түс атауларына байланысты 7 түс білулері керек. Олар: ақ, қара, қызыл, көк, сары, жасыл, қоңыр. Оған қоса екі түс – сұр, ала деген түстері үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: |