II сынып оқулығында білім мазмұны, оқулықтағы жүйелі тақырыптар желісі сөйлеу және таным әрекеттерінің негізінде қалыптастырып, технологияның басты өзгешелігі арқылы тіл үйренуге, қарым-қатынас жасауға, алған білімін өмірде пайдалануға, танып-білуге талпыныстың пайда болуына жетелейтін коммуникативті ұстаным басшылыққа алынған. - II сынып оқушыларына берілген сөйлесу үлгісі:
- "Менің отбасым" тақырыбы
- - Сенің атың кім? – Менің атым – Ғалия.
- - Сен нешінші сыныпта оқисың? – Мен екінші сыныпта оқимын.
- - Сенің отбасында неше адам бар? – Менің отбасымда алты адам бар.
- - Олар кімдер? – Атам, әжем,әкем, шешем, сіңлім және мен.
- "Менің үйім" тақырыбы
- - Сен қайда тұрасың? – Мен Алматыда тұрамын.
- - Үйлерің қай көшеде? – Үйім Сайын көшесінде.
- - Нешінші үй? – № 62 үй.
- - Нешінші пәтер? - № 10 пәтер.
- - Пәтер нешінші қабатта? – Пәтер үшінші қабатта.
- V сынып оқулығының авторы – Ж. Адамбаева. Оқулық 6 блоктан тұрады, әрбір блоктың іші 12-15 мәтіннен құралған. Әрбір мәтін шығармалардан алынған. Оқулықта 70 параграф, " Суреттер мен 250 жаттығу және қосымшалар" деген атпен тіл дамыту грамматикалық ережелер берілген. Әдістемелік нұсқаулар болады. Диктантты 5-10 минут өткізу керек. Шығарманы жазбаша, уақыт жетсе ауызша да өткізуге болады. Қазақ тілі оқулығы ( 5-сынып) оқушылардың сөйлеу әрекетін ( түсіне білу, сөйлеу, оқу, жазу, аударма) дамыту мақсатында төмендегідей тақырыптар бойынша қарастырылады: Мектеп және біз, менің достарым, жыл мезгілдері, біз ауылда, қалада тұрамыз, біздің еліміз, жануарлар әлемінде. Тақырыптар 6 блокқа бөлініп (әр блок 11, 12 мәтіннен) беріледі. Оқулыққа енген мәтіндер әдеби шығармалардан алынады. Әр блоктың соңында " өткенді қайталау" деген атпен алдыңғы материалды еске түсіру, пысықтау мақсатында жаттығу, өздеріңді тексеріңдер (қажетті тақырыптар төңірегінде), жаңа сөздерді еске түсіру секілді, т.б. тапсырмалар қамтылады. Мұндай қайталау сабағының мақсаты – жаңа сөз, сөз тіркестері, сөйлемдер, ережелер, өлең, мақал, жұмбақтарды еске түсіру жолымен қазаақша ауызекі сөйлеуге,сауатты жазуға жаттығу.
|