Қазақ тілі пәнінде қолданылатын педагогикалық Әдіс-тәсілдер. Қазақ тілі пән бағдарламасында көрсетілген ұстанымдар. Оларды жүргізу жолдарын саралау



бет6/8
Дата21.04.2023
өлшемі0,92 Mb.
#175135
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
?àçà? ò³ë³ ï?í³íäå ?îëäàíûëàòûí ïåäàãîãèêàëû? ?ä³ñ-ò?ñ³ëäåð. ?àç
Модуль 30.10.2020, English срсп 4.5, Шеттілдік білім
II сынып оқулығында білім мазмұны, оқулықтағы жүйелі тақырыптар желісі сөйлеу және таным әрекеттерінің негізінде қалыптастырып, технологияның басты өзгешелігі арқылы тіл үйренуге, қарым-қатынас жасауға, алған білімін өмірде пайдалануға, танып-білуге талпыныстың пайда болуына жетелейтін коммуникативті ұстаным басшылыққа алынған.
  • II сынып оқушыларына берілген сөйлесу үлгісі:
  • "Менің отбасым" тақырыбы
  • - Сенің атың кім? – Менің атым – Ғалия.
  • - Сен нешінші сыныпта оқисың? – Мен екінші сыныпта оқимын.
  • - Сенің отбасында неше адам бар? – Менің отбасымда алты адам бар.
  • - Олар кімдер? – Атам, әжем,әкем, шешем, сіңлім және мен.
  • "Менің үйім" тақырыбы
  • - Сен қайда тұрасың? – Мен Алматыда тұрамын.
  • - Үйлерің қай көшеде? – Үйім Сайын көшесінде.
  • - Нешінші үй? – № 62 үй.
  • - Нешінші пәтер? - № 10 пәтер.
  • - Пәтер нешінші қабатта? – Пәтер үшінші қабатта.
  • V сынып оқулығының авторы – Ж. Адамбаева. Оқулық 6 блоктан тұрады, әрбір блоктың іші 12-15 мәтіннен құралған. Әрбір мәтін шығармалардан алынған. Оқулықта 70 параграф, " Суреттер мен 250 жаттығу және қосымшалар" деген атпен тіл дамыту грамматикалық ережелер берілген. Әдістемелік нұсқаулар болады. Диктантты 5-10 минут өткізу керек. Шығарманы жазбаша, уақыт жетсе ауызша да өткізуге болады. Қазақ тілі оқулығы ( 5-сынып) оқушылардың сөйлеу әрекетін ( түсіне білу, сөйлеу, оқу, жазу, аударма) дамыту мақсатында төмендегідей тақырыптар бойынша қарастырылады: Мектеп және біз, менің достарым, жыл мезгілдері, біз ауылда, қалада тұрамыз, біздің еліміз, жануарлар әлемінде. Тақырыптар 6 блокқа бөлініп (әр блок 11, 12 мәтіннен) беріледі. Оқулыққа енген мәтіндер әдеби шығармалардан алынады. Әр блоктың соңында " өткенді қайталау" деген атпен алдыңғы материалды еске түсіру, пысықтау мақсатында жаттығу, өздеріңді тексеріңдер (қажетті тақырыптар төңірегінде), жаңа сөздерді еске түсіру секілді, т.б. тапсырмалар қамтылады. Мұндай қайталау сабағының мақсаты – жаңа сөз, сөз тіркестері, сөйлемдер, ережелер, өлең, мақал, жұмбақтарды еске түсіру жолымен қазаақша ауызекі сөйлеуге,сауатты жазуға жаттығу.
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет