Қазақ тілі пәнінде қолданылатын педагогикалық Әдіс-тәсілдер. Қазақ тілі пән бағдарламасында көрсетілген ұстанымдар. Оларды жүргізу жолдарын саралау


V-IX сыныпқа арналған бағдарлама мынадай мақсаттарға бағдарланып құрылды



бет4/8
Дата21.04.2023
өлшемі0,92 Mb.
#175135
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
?àçà? ò³ë³ ï?í³íäå ?îëäàíûëàòûí ïåäàãîãèêàëû? ?ä³ñ-ò?ñ³ëäåð. ?àç
Модуль 30.10.2020, English срсп 4.5, Шеттілдік білім
V-IX сыныпқа арналған бағдарлама мынадай мақсаттарға бағдарланып құрылды:
  • 1. Қазақ тілінде сөйлеу білік-дағдыларын қалыптастыру, яғни тілдік қарым-қатынастың қызметін меңгеру;
  • 2. Тілдік білім жүйесін танып-білу, яғни тілдің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, стилистикалық ерекшеліктерін танып-білу;
  • 3. Танымдық біліктілік, яғни қазақ халқының материалдық, рухани және тарихи-мәдени байлығын тіл арқылы таныту. Бағдарламаның мақсаты – оқу орыс тілінде жүргізілетін мектеп оқушыларының бастауыш мектепте алған білімін жалғастырып, V-IX сынып арасындағы білім мазмұнын "қоршаған орта" тақырыптары арқылы теориялық жүйелеу, сөздік қорын байыту. "Менің Республикам" тақырыбы бойынша өлкетану материалдары негізінде оқушылардың ой-өрістерін дамыту, ғылыми,публицистикалық стиль ерекшеліктерімен таныстыру, грамматикалық білімдерін тереңдету (VII-VIII сынып). Осы тақырып негізінде оқушылар Қазақстан мемлекетінің теориялық тұтастығын, этномәдени бірлігін, тәуелсіздігін, Конституциясы мен Заңдарын құрметтеуге, оның материалдық және мәдени-рухани, әдеби құндылықтарын,географиясын,тұрғын халықтарының этномәдениетін тануға тырысады және қазақ тілін меңгеруі мақсат етіледі. Мысалы, IX сыныпта "Елтану" тақырыбы бойынша біртұтас білім қалыптастыру, халық ұғымынан мағлұмат беру, грамматикалық білімді күрделендіру, тілдік қарым-қатынастың, этномәдениет біліктерін арттыру.
    • Оқу пәндерінің бағдармалары және оқулықтары – білім мазмұнындағы маңызды элементтер. Олар оқыту процесін ұйымдастырудың да маңызды бөлігі болып табылады. Мысалы, қазақ тілі оқулықтары.
    • I сынып оқулығының авторлары: Ә.Жүнісбек, Б.Баймуратова, Ж.Сүлейменова, С.Бітібаева. Кітаптың 3-бетінде ата-аналар мен мұғалімдерге қысқаша нұсқау берілген. Соңында қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктер берілген. Материалдар көбінесе сұрақ-жауап арқылы орналастырылған. I сыныптағы сабақтың саны – 32 сағат.
    • II сынып оқушыларының қазақша тіліне тән дыбыстарды мұғалімнің оқыған үлгісі бойынша оқытуға жаттықтыру керек, екі тілде де бар дыбыстарды бұрмаламай, дауыс ырғағын, сақтап оқытуға дағдыландыру керек.

      Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7   8




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет