Қазақ тілі пәнінде қолданылатын педагогикалық Әдіс-тәсілдер. Қазақ тілі пән бағдарламасында көрсетілген ұстанымдар. Оларды жүргізу жолдарын саралау


Қазақ тілін оқытудың негізгі мазмұндық бағыттары



бет7/8
Дата21.04.2023
өлшемі0,92 Mb.
#175135
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
?àçà? ò³ë³ ï?í³íäå ?îëäàíûëàòûí ïåäàãîãèêàëû? ?ä³ñ-ò?ñ³ëäåð. ?àç
Модуль 30.10.2020, English срсп 4.5, Шеттілдік білім
Қазақ тілін оқытудың негізгі мазмұндық бағыттары
  • " Қазақ тілі " пәнінің мазмұнының негізгі жолдары:
  • - қазақ тілінде сөйлей білу бағдарын қалыптастыру ( қарым-қатынастық, біліктілік) ;
  • - линвгистикалық білім жүйесін танып-біліп ( тілдік біліктілік ).
  • IX сынып оқушылары мектептің негізгі сатысында алған білімдерін жинақтап, сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінің ( түсіну, оқу, жазу, сөйлеу ) білік пен дағдыларын қалыптастыра алады. Осы кезде оқушылар тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі мәтін ұсынады. Оның ішінде ресми қарым-қатынастарға аса мән беріледі. Мәтінмен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. Мәтін бойынша жоспар құрып, конспект, реферат, шығарма жазады, үлгі бойынша мәтін құрастырып жаттығады.
    • ҚОРЫТЫНДЫ
    • Тіл – мәдениет қаруы. Тіл өмір сүріп отырған кезде сол елдің мәдениеті де өмір сүре береді. Тілді оқытудың негізгі мақсаты – тілді шынайы да толыққанды қарым-қатынас құралы ретінде үйрету. Әрбір тіл үйрену сабағы мәдениеттер тоғысуы, мәдениетаралық қарым-қатынас тәжірибесі, себебі әрбір сөз сол елдің өмірі мен мәдениетін, қоғамдық ой-пікірін, өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Демек өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету, тіл үйренушілердің қазақ тілін оқып, жазу және мұғалімнен, оқулықтан алған білімдері қазақ елі жайлы жарнама емес, керісінше қазақ халқының көзімен қарау қабілетін дамыту негізі болып табылады. Ол қазақ тілін үйрету сабақтарында елтанымдық мәліметтерді енгізе отырып жүргізгенде жүзеге асады.
    • Қорыта айтқанда мәдениеттаным бағытында оқыту әдістемесінде тіл үйренушілерге тек қана тіл үйретіліп қана қоймай, сол тілді тұтынушы халықтың мәдениеті, салт-дәстүрлері, тарихы, географиялық жағдайы, саяси-экономикалық даму бағыты, өнері, ғылым-білімі және қоғамдық ой-пікірлері мен рухани құндылықтары жайлы мәлімет бере отырып, сол халықты таныту болып табылады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымында көптеген әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде танымдық мәліметтер бағытында оқыту әдістемесі арнайы зерттеу нысаны болған жоқ. Біздің мақсатымыз қазақ тілін тіл үйренушіге ауызекі қатысым құралы ретінде ғана үйретіп қоймай, тіл үйренушіге үйренім жатқан тілдің ұлттық реалилерін таныта отырып, сол тілде еркін ойын жеткізе алатын, пікірталасқа түсе алатын, танымы кең тұлға ретінде қалыптастыру.
    1   2   3   4   5   6   7   8




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет