Қолданылу қызметі ж/е салалары



Дата07.02.2022
өлшемі10,89 Mb.
#82169
Байланысты:
2 дәріс


Қоғаммен байланыстың қолданылу қызметі ж/е салалары
Қоғаммен байланыс-101 топ
Орындаған: Елемесова Аружан
Қабылдаған: Садуақасов Абай
ҚОҒАММЕН
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Қоғаммен байланыс немесе PR (Public Relations) ағылшын тілінен аударғанда — жұртшылықпен байланыс деген мағына береді. Бәсекелестіктің
қоғамдық-экономикалық және саяси жүйелерінде объектті (тауар, қызмет, фирма,
бренд, тұлға) бейнесін қоғам көзіне мінсіз және қажетті етіп бекіту мақсатындағы сала болып табылады. PR- бағдарламасының негізгі міндеттері: адамдар арасындағы қарым-қатынас жолдарын жақсарту, екі жақты ақпарат ағымы ме түсіністікті қалыптастыру әдістерін әзірлеу, ұйымның басшылығын қоғамдық пікір турасында ақпаратпен қамтамасыз ету, жұртшылықтың мүддесіне қарай басшылықтың
қызметін қамтамасыз ету; бұқаралық ақпарат
құралдарымен жұмыс жасау,ұйымның имиджін қалыптастыру.
PR-МАҚСАТЫ
ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС
тоқтала өтсек, өйткені мақсаты арқылы біз- осы саланың қандай мағынаға ие екенің көре аламыз. Сонымен, PR-дың негізгі мақсаты фирманың немесе өзге ұйымның, не PR-қызметтерге мұқтаж жеке тұлғаның жоғары қоғамдық беделіне қол жеткізу болып табылады.Бірақ, бұл PR-ды жарнама жасаушылар деген сөз емес. PR-ды жарнамадан ажырату керек: екеуі де іскерлік байланыс процесін қамтамасыз етсе де, жарнама өнім туралы, ал PR - өндіруші туралы айтады.
PR-қызметі
Қоғамдағы білім беруде PR-дың алатын рөлі зор. Өйткені, PR-шы болу үшін тек қана білім алу жеткіліксіз. Білім мен қоса адам бойында жоғары деңгейде ұйымдастыра білу қабілеті, таланты, еңбекқорлығы, талдау дағдысы болуы шарт. Қазақстан Республикасында 1992 жылдан бастап жас мемлекетіміздің әр саласында PR қызметі еліміздің бет-бейнесін жағымды қалыптасытыру мақсатында құрыла бастады. Ең алдымен еліміздің жоғарғы оқу орындарында: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, Халықаралық бизнес университеті (UIB) ҚМЭБИ университеттерін де PR мамандығы бойынша білім алған алғашқы түлектер бітіріп шықты. Қазіргі таңда PR мамандығын иеленген түлектер әр түрлі салаларда: банктер мен кәсіпорындарда, компаниялар мен фирмаларда, баспасөз қызметі мен БАҚ салаларында, түрлі агенттіктерде қызмет жасап жүр.
PR
-қолданылу қызметі
Қоғаммен байланыстың қолдану қызметі
Мемлекеттік мекемелердің, олардың өкілдері мен мен нақты бір тұлғаның немесе тауардың қоғам алдында жақсы көзқарас қалыптасуы үшін қоғаммен байланыс жасау қоғамдық байланыстарды дамыту, жанама жарнама,қоғамдық пікірді басқару жөніндегі ғылым, жарнаманың жасырын түрі, мәртебелік фирмалық жарнама, абырой-бедел менеджменті, абырой-бедел жасаушы, ұйым мен онвң жұртшылығы арасында өзара түсіністікке қол жеткізуге бағытталған сала. Қоғаммен байланыс-бұл ұйым мен қоғам арасында өзара тиімді, үйлесімді қатынастар орнатуға бағытталған басқару қызметі.Бұл тұрақты байланыстар, сенім мен өзара түсіністік орнату мақсатында ұйымның мақсатты аудиториямен байланысын басқару.
Қазақстандағы қоғаммен байланыс қандай?
Саяси немесе мәдени әр-түрлі коммерцилық ұйымдардың,мекемелер мен фирмалардың,корпорациялар мен компаниялардың бет-бейнесін қалыптастыруда таптырмас маңызға ие PR қызметі өзге алпауыт мемлекеттер мен қоса біздің тәуелсіз елімізге де әбден сіңісті.
PR -қоғам өмірінің барлық жақтарын қарастырады, оның ішінде мемлекет, саясат, құқық, экономика,культурология,социология, мораль, өнер, психология және қоғамдық дамудың басқа да жақтарына қатысты проблемаларды шешумен де айналысады
Қазақстандағы қазіргі қоғаммен байланыс негізінен 4 салада дамып келеді
1.Үкіметтік PR
2. Коммерциялық PR
3. Саяси PR
4. PR туралы білім беру саласы
PR құралдарының көмегімен ғаламтор кеңістікте қоғамдастықпен тиімді байланыс орнату
PR-дың мақсатына қоғамның сыртқы және ішкі іс әрекеттерін ұйымдастыру жатады.
PR-дың рөлі
Күнделікті бұқаралық ақпарат құралдары мен әдебиеттерден және өмірден байқағанымыздай, PR-дың әлемдік аренада алатын рөлі ерекше. Алдағы уақытта біздің мемлекетте PR қызметін барлық салаларда дамытуды жолға қою керек деген пікірді айтуды жөн санаймыз.
Назарларыңызға рақмет!
PR-ды кейбір адамдар айла арқылы қаралаушылар, агрессивті жарнама жасаушылар,маннипуляция жасаушылар, өтірікті шыңдықтай шағып айтушылар сияқты көреді. Бірақ, "Қоғаммен байланыс" бұл ойларға қарама-қайшы. Ол шыңдықты, дәлелденген дәйектерді халыққа жеткізушілер болып табылады.
PR мақалалар
20 бап
  • Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады.
  • Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді.
  • Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет