Мусиева Эльмира Жакашовна Күні: 13. 12. 16ж Сыныбы: 10«А» Пәні: География Тақырыбы: Халықтың нәсілдік, ұлттық, тілдік құрамы



бет1/3
Дата10.06.2017
өлшемі483,91 Kb.
#18452
түріҚұрамы
  1   2   3
Қостанай облысы,

Арқалық қаласы, Фурманов ауылы.

Фурманов жалпы орта білім беретін

мектебінің география пән мұғалімі

Мусиева Эльмира Жакашовна

Күні: 13.12.16ж

Сыныбы: 10«А»

Пәні: География

Тақырыбы: Халықтың нәсілдік, ұлттық, тілдік құрамы және әлем діндері

Жалпы мақсаты: Оқушыларға халықтың нәсілдік және ұлттық құрамы және әлем діндері туралы түсіндіру

Күтілетін нәтижесі: Оқушыларға халықтың нәсілдік және ұлттық құрамы және әлем діндері туралы топтық жұмыста, оқулық мәтіні мен ғаламтор материалдарын пайдаланып түсінеді,бірлесе қорғайды,өз беттерімен білім жинақтап белсенділік танытады.Фнукционалдың сауаттылықтарын арттырады.

Әдісі: Баяндау,топтық жұмыс сұрақ-жауап

Пән аралық байланыс: Тарих, қазақ тілі

Түрі: Аралас

Көрнекілігі: Д.Ж халықтарының картасы, кескін карта, интерактивті тақта , рефлексия, плакат ,слайд, маркер

Сабақтың барысы :

1Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу ,оқушыларды түгендеу

психалоиялық дайындық

Оқушыларды ортаға шығып бір-біріне сәттілік тілеу

Оқушылар 3 топқа бөлінеді нәсілдер,діндер ,тілдер үш бұрыш, төртбұрыш,дөңгелек

Үй тапсырмасы: Оқушылардан «қара жәшік » ойыны арқылы сұрау

1.Халық сирек қоныстанған аудандарды ата? Сахара, Орталық Азия, Арабия, Аустрралия шөлдері, Канада

2.Халық тығыз қоныстанған және дамыған елдер қатарына қандай елдер кіреді? Белгия, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Бангладеш, Индонезия

3.Халықтың жастық –жыныстық құрамы дегеніміз не?

4. Еңбек ресурстары дегеніміз не?

5.Дүние жүзі бойынша халықтың орналасуына сипаттама бер?

6.Халықтың көші-қоны дегеніміз не?

7.Дүниежүзі халқының саны туралы не білеміз?

8.Миграция дегеніміз не?

9.Эмиграция дегеніміз не?

10.Эканомикасы арта қалған қандай елдер?
Жаңа сабақ:

Жоспары: 1.Нәсілдік құрамы.



2.Ұлттық құрамы, тілдік құрамы.

3.Әлем діндері

4.Қорытынды

«Ой қозғау »

-Біз кімбіз?

-Біздің дініміз не?

-Біздің ұлтымыз не және тіліміз қандай?

Олай болса балалар ,бүгін біз Халық, тіл, дін, және ұлт жайында әгіме етеміз . Жер шары халқы, негізінен үш үлкен нәсілге еуропалық, монғол тектес және экваторлық жатады. Негізінде нәсілдер үлесіне дүниежүзі халқының 70% ға тиесілі. Еуропалық нәсілдер солтүстік және оңтүстікте кең тараған. Монғол тектес нәсілдер азиялық және америкалық нәсілдер ретінде кең тараған. Экваторлық нәсілдерге африкалық және аустралиялық нәсілдерге жатады. Сонымен қоса аралық және аралас нәсіл топтары қалыптасқан. Аралас нәсілдер топтары әсіресе Латын Америкасында кеңінен таралған. Мысалы : Бразилия халқының 54% ын еуропалықтар, 22% ы мулаттар, 12% ы метистер, 11% ы қара нәсілдер құрайды.



Ұлттық құрамы.Кез келген аймақ пен ел халқының ұлттық құрамы этностық белгілеріне байланысты ажыратылады. Дүниежүзінің этностық құрамын анықтау өте қиын,ғалымдар этностардың саны 3-4 мыңдай деп болжаған. Қазіргі кезде әлемде аса ірі этнос-қытайлар. Елдің ұлттық құрамын анықтағанда алдымен басты этностарды,содан соң аз ұлт өкілдерін есепке алады.Саны аз ұлттар қатарына Ұлыбританияда байырғы этностар шотыландықтар, ирландықтар 15% құрайды. Бірұлтты елдер қатарына Дания, швеция, Жапония, Корея т.б. жатады. Көпұлттық елдерге Үндістан, Нигерия, Индонезия, Ресей, АҚШ, Қазақстан елдері жатады.

Тілдік құрамы. Жер шары халқын көбінесе тілдік негізде топтастырады, өйткені тіл-кез келген этностың басты белгілерінің бірі.Қазіргі кезде дүниежүзіндегі халық саны 7 млрд адамнан асқанын білесіңдер, олардың қанша тілде сөйлейтіндігі әлі нақты анықталмаған. Кейбір деректер дүниежүзінде тілдер саны 3 мыңнан асады десе ,кейбір ғылыми еңбектерде тіл саны 5мың деп шамаланған. Дүниежүзінде кең тараған 12 тілде 60% дан астамы сөйлейді.Кең тараған 6 тіл ағылшын, француз, орыс испан ,араб және қытай.

Әлем діндері.

Дін

Этностық Әлемдік Дәстүрлік

«Мағнаны тану»

Постер қорғау.Шығармашылық жұмыс.Слайд жасау

І-топ Нәсілдер постер қорғау




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет