Су мөлшерін бақылаудағы антидиуретикалық гормонның (АДГ) рөлін түсіндіру
Гормондар туралы не білесіңдер? Олар жүйке жүйесімен қалай әрекеттеседі? «Шөлдеу орталығы» туралы не білесіңдер? Ол қайда орналасқан? Қандай қызмет атқарады? Осмос қысымы дегеніміз не? Ол неліктен тұрақты болуы керек? Нефрон, кері сорылу – реабсорбция және екінші реттік зәр дегеніміз не? Су ағзамызға денеміздің әртүрлі мүшелері арқылы түседі және шығарылады. Қоршаған ортаның қалыпты температура жағдайында, дене жүктемесі артық болмағанда және қалыпты тамақтану кезінде адамға тәулігіне 2-2,5 л су керек. Судың көп мөлшері су (шамамен 1-1,5 л) және тамақ ішу кезінде түседі. Сонымен қатар нәруыздар, майлар мен көмірсулар түрленетін химиялық реакциялар кезінде ағзада шамамен 300-350 мл су түзіледі.
Су балансы. Адам ағзаға қалыпты қызмет атқару үшін түсетін және бөлінетін судың мөлшері шамалас болуы керек. Бұл су балансы деп аталды. Егер су ағзада түсетін суға қарағанда көп мөлшерде шығарылатын болса, онда адамда шөлдеу сезімі пайда болады. Шөлдеу нәтижесінде адам су ішеді де су балансын қалпына келтіреді. Су балансы бұзылуының екі типі болады.
Сусыздану. Егер алатын судан көп мөлшерде су жоғалтатын болса, ағза сусызданады. Бұл барлық жасуша мен мүшелердің жұмысын қиындатады. Жүрек едәуір қою қанды айдауға мәжбүр болады. жасушалар плазмолизге ұшырап, су жоғалтады. Сусыздану ішек жұмысы (дизентерия, тырысқақ (холера) бұзылған жағдайда да болуы мүмкін. Бұл жағдайда су жойылып қана қоймай, тоқішекте қанға сіңірілмейді.
Су мөлшерінің артуы – ағзада судың артық мөлшерде болуы. Бұл құбылыс 7-сыныптағы биология курсында жануарлардағы «шөлдеу орталығын» электродтармен стимулдау туралы эксперимент нәтижесі ретінде сипатталады. Адамда осындай жағдай күн ыстық кезде ауыздың шырышты қабатының құрғауынан «өтірік шөлдеу» сезімі пайда болады. Сондықтан күн ыстық кезде (күн суық кездегі сияқты) мұрынмен тыныс алуға тырысу керек; су ішпей тұрып, ауызды шайып, жай (бірден ішпеу) және жиі ішу қажет. Дене еңбегімен айналысып, ыстық күнде далада ұзақ уақыт жүргенде алдын ала тұзды не минералды су ішіп алу керек; немесе шамалы тұзды тамақ жеп, мөлшерлі су ішу қажет.
Судың артық мөлшері ағзада су алмасудың реттелу механизмі бұзылған кезде де пайда болуы мүмкін. Бұл жағдай жүрекке, бүйрекке және басқа мүшелерге жүктеме түсіп, биохимиялық үдерістерді бұзады.
Су (су-тұз) алмасуды реттеу адам ағзасындағы басқа да үдерістер сияқты нейрогуморальды түрде жүзеге асырылады. Су жетіспеген кезде ағзада ұлпа сұйықтығының осмос қысымы артады. Бұл жүрек пен тамырларда орналасқан барорецепторлардың тітіркенуіне апарып соғады. Олардан импульстер арнайы жүйкелер арқылы миға бағытталады. Көптеген алмасу үдерістерін реттеу орталықтары аралық мида болып, бұл жерде су-тұз алмасуды реттеу орталығы орналасқан. Осы орталықтан импульстер гипоталамусқа түседі. Мұнда осыған ұқсас рецепторлар – гипоталамустың осморецепторлары бар. Тітіркенуге жауап ретінде гипоталамус нейрогормон: вазопрессин немесе АДГ – гипофиздің антидиуреттік гормонын синтездейді. Бұл гормон қанға гипофиздің – гипоталамустың бақылауымен гормон бөлетін ішкі секреция бездерінің артқы бөлігінен түседі.
Қанға АДГ түскен соң – диурез – зәр бөлу күрт төмендейді. АДГ үшін нысагна-мүше-бүйректер. Өйткені осы гормон кері сорылу – реабсорбция – судың қанға қайта келуі жүзеге асатын нефронның ирек түтікшелерінің қызметін күшейтеді.
Вазопрессин реабсорбцияны арттыруға, яғни суды бірінші реттік зәрден қанға қайтаруға әсер етеді. Бұл зәр концентрациясын арттырады және оның көлемін азайтады. Ол үшін сұйытылған (концентрлі емес) зәр түсетін бүйректің жинаушы түтікшесінде судың қанға кері сіңірілуі күшейеді. АДГ (вазопрессин) бүйректің жинаушы түтікшесінің су өткізгіштігін арттырады. Қан плазмасы тұтқырлығы артқанда және ұлпа сұйықтығы көлемі азайған кезде ағзада АДГ секрециясы артады.
АДГ қан тамырларына және миға бірқатар тиімді әсер көрсетеді. Ол тамырларды тарылтып, қан қысымын арттырады.
АДГ әсерінен су қанға белсенді түрде қайтып келеді, зәр мөлшері азаяды да, ол едәуір концентрлі болады. Яғни зердегі зиянды заттардың мөлшері судың азаюы есебінен артады, бірақ бұл кезде зиянды заттардан арылу үдерісі зиян шекпейді. АДГ әсерінен су көп мөлшерде қалады. Сәйкесінше қандығы қысым төмендейді де, жағдай қалпына келеді.
АДГ синтезі мен бөлінуінен қан плазмасында осмос қысымының (тұздарының концентрациясы, су мөлшерінің азаюы) артуы себеп болады. Қанның осмос қысымы қалыпты деңгейге жеткен кезде, АДГ-ның бұйректің ирек түтікшесіне бөлінуі мен әсері азаяды.