Су алмасуды реттейтін басты механизмдердің біріне АДГ жатады. Түзілетін зәр мөлшері бүйрек артериясындағы қан қысымына байланысты өзгереді. Қысым неғұрлым жоғары болса, соғұрлым көп зәр түзіледі. Сондықтан бүйрек жұмысын бағалау кезінде бүйрек қысымын өлшеу маңызды көрсеткішке жатады.
АДГ-дан басқа су және тұз алмасуға қатысатын гормондардың екі типі болады. Бұлар – минералокортикоидтар – бүйрекүсті бездерінің қыртысы түзетін стероидта гормондар тобы. Олардың ішіндегі ең белсендісі – альдостерон. Осы топ гормондары артық мөлшерде болған кезде адам ісінеді және қан қысымы көтеріледі су ағзаға жиналады. Ал осы топ гормондары жетіспеген жағдайда ағза сусызданады. Сонымен қатар ол гормондар ағзада Na сақтауда және К шығаруда маңызыды рөл атқарады.
Ренин – бүйректерде – бүйрек шумақтарының артериола жасушаларында түзілетін гормон. Ол артериялық қысымды, бүйректердің белсенділігін және су – тұз алмасуды реттейтін биологиялық белсенді заттардың ыдырауына қатысады.
Тақырып бойынша қысқаша қорытынды: Адам ағзасы басқа тіршілік иелері сияқты су-тұз балансын реттеуі керек.
Су- тұз балансының бұзылуының алдын алу механизмдерінің біріне АДГ – антидиуретикалық гормон жатады.
АДГ кері сорылу (реабсорбция) және екінші реттік зәр түзілуді стимулдау есебінен денеде қажетті ылғалды сақтауға себеп болады.
АДГ жеткіліксіз болған кезде көп мөлшерде су, тұздар мен глюкоза ағзадан шығарылады да, қантсыз диабет дамиды.
Су балансы, сусыздану, су алмасу, тұздар мен электролиттер алмасуы, су-тұз алмасуы, барорецепторлар гипоталамус, осморецепторлар, вазопрессин, АДГ – гипофиздің антидиуретикалық гормоны; кері сорылу, реабсорбция, екінші реттік зәр, екінші реттік сорылу, қантсыз диабет, минералокортикоидтар, альдостерон, ренин.
Пайдаланған ресурстар: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т.Ибраимова, «Биология» 10 сынып, Алматы, Атамұра 2019. §21. 96 бет;