«Дүниетану» пәні ҚР БҒМ 2018 жылғы 10 мамырдағы №199 бұйрығымен бекітілген (8-қосымша) «Дүниетану» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқытылады. «Дүниетану» пәнін оқытудың мақсаты - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан білім алушылардың бойында адам, табиғат және қоғамның өзара байланысуы және өзара тәуелділігі туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Бұл пәннің ерекшелігі – біз өмір сүретін әлем туралы мағлұмат алу болып табылады. «Дүниетану» пәнін оқытудың ерекшеліктері Бастауыш сыныптарда «Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта сияқты оқыту нысандарына тоғыстырылған.
«Дүниетану» пәнін оқыту:
1) білім
2) білім алушыларда табиғи, әлеуметтік және технологиялық ортадағы мінез-құлық нормаларын және қауіпсіздік ережелерін түсінуге;
3) білім алушыларда табиғи алушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен нысандарының өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыруға; және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін: бақылау, эксперимент, сауалнама тәжірибелерінің қалыптасуына;
4) білім алушылардың танымдық әрекетін дамытуға;
5) білім алушыларды қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбилеуге;
6) білім алушылардың өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына дұрыс қатынастарын қалыптастыруға бағытталады.