Тақырыбы: Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, шығармашылық әрекетін дамытуға жол ашу



Дата28.01.2018
өлшемі42,95 Kb.
#34839
Тақырыбы: Оқушылардың  танымдық қызығушылығын арттыру, шығармашылық әрекетін дамытуға жол ашу 

Қазіргі жағдайда жеке тұлғаны педагогикалық процестің субьектісі ретінде қалыптастыру көкейкесті мәселе болып отыр.Бастауыш мектеп оқушы тұлғасы мен санасын қалыптастырудың, дамытудың негізгі кезеңі ретінде ерекшеленеді. Бастауыш мектепті бітіргенен кейін бала еркін ойлап, қоршаған ортамен белсенді байланыс жасай білуі керек, толығымен алдында тұрған міндеттерді шешу дағдыларын игере алуы қажет. Мұның өзі бастауыш мектептің оқу –тәрбие процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануы меңзейді. Ал оқытуды жаңашылдық тұрғыдан ұйымдастыру өз кезегінде оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық әрекетін дамытуға жол ашады.

Қазақтың көрнекті ағартушылары мен ойшылдары да балалардың қызығушылығы жөнінде ой-пікірлер айтып,баланы оқыту мен тәрбиелеудегі қызығушылықтың маңызын атап көрсетті.

Абай Құнанбаев бала міңезінің қалыптасуы жөргектен басталатынын айта келіп, « Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен», — деген тұжырым жасайды. Абай бала психологиясының басты ерекшелігі – білуге құштарлық деп есептейді.

Ал белгілі педагог М.Жұмабаев « бір сабақтан бала күшті әсер алуы үшін баланың сол сабаққа құмары болуы шарт. Баланы құмар қылу үшін мұғалім өзі құмары болуы керек» — дейді. Сонымен бірге бала бір затпен танысқанда, сыртқы сезімдердің көбі қатынасса, ол зат ұмытылмайды. Мысалы, бір заттың түрін де көрсет, дыбысын да естірт, ұстатып та көр, иіскет, дәмін татқыз, сипат, суретін салғыз, қызықтыр, баланың жаратылысының өзі осыны тілейді. Бала өзінің естіген нәрсесін көргісі келеді, көрген нәрсесін ұстағысы келеді. Ұстаған нәрсесінің дәмін татқысы келеді. Осы жолды ұстағанда баланың білімі берік болады деген пікірді айтады.

Қызығушылық ұғымы философия, психология, педагогика ғылымдары саласына еніп, оқыту мен тәбиелеу тәжірибесінде маңызды орын алады. Бүгінде қызығушылық ұғымына түрліше анықтамалар беріліп, оның негізгі мәнін ашуға нақты қ қадамдар жасалған. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыруда проблемалық оқытудың мүмкіндіктерін былай бөліп көрсетуге болады:

оқушының танымдық көкжиегін кеңейтеді, шығармашылық белсенділігін арттырады,

проблемалық оқыту оқушының білімді игеруі мен қабілетін проблемалық жағдайларды талдау арқылы жүзеге асырады;

білімді игеру қарқынын тездетеді, қасиет сапасын жақсартады, жаңа тапсырмаларды орындау кезінде өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді, оқуға деген ынта-ықыласын оятады;

Проблемалық оқыту кезінде мына нәрселер айқын көрінеді: проблеманың тууы және оны сезіну, шешімін табуға және іздену, оның дұрыстығын тексеру. Проблеманы сезіну оқушыға қиын жағдайдан шығу жолдарын табуға жетелейді. Бұл, сөз жоқ, оқушыны өз бетінше ойлануға мәжбүр етеді. Проблемалық жағдайды тудыратын жәйттер: проблеманың өзі, білімнің жеткіліктілігі, өз бетінше жағдайдан шығу мүмкіндігі, оқушылардың дүниетанымдық қызығуы мен зерделік белсенділігі.

Бастауыш мектепте  оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда жаңа педагогикалық технологиялары арқылы мүмкін болатынына зерттеу барысында көзіміз жеткіздік.

Қазақ тілі, ана тілі сабақтарында  дамыта оқыту технологиясының бір түрі болып табылатын оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы жүзеге асырылды.

Сын тұрғысынан ойлау бойынша оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру мақсатында ана тілінен ұсынылатын шығармашылық жұмыстың түрлерін былайша бөліп көрсетуге болады:

1.    Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну;

2.    Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыға тасыру;

3.    Белгілі мақал негізінде әңгіме жазу;

4.    Мәтін бойынша мақал құрастыру;

5.    Берілген мәтіндегі бір бөлікті өзі жазып шығару;

6.    Сөйлемдегі кейбір сөздерді көркем сөздермен ауыстыру;

7.    Белгілі ақын жазушы шығармасына еліктеп өлнң әңгіме жазу;

8.    Тірек сөздер арқылы мәтін жазу.

Аталған дамыта оқыту технологиялары дүниетану сабағындада қолданыс тапты.

Дүниетану сабағының үлгісі

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер.

Сабақтың мақсаты: 1. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, ой шақыра білуде жеке жұпта, топта жұмыс істеуге үйрету, мәтінді сын тұрғысынан ойланту арқылы меңгерту.

2. Оқушылардың өсімдіктер туралы дүниетанымын кеңейту барысында қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды топқа бөліп отырғызу:

1- топ Солтүстік

2- топ Оңтүстік

3-топ Шығыс

4-топ Батыс

Ой шақыру стратегиясы:

Біздің жерде өсетін өсімдіктер туралы не білетініңді қағаз бетіне түсіріп ойыңды жаз.

Сұрақ қою стратегиясы:

Өсімдіктер туралы не білесің, не білемін деп ойлайсың? Ойыңды көршіңмен бөліс, талқыла, пікірлес.

Топпен жұмыс:

Топта бір-біріңді тыңда және өсімдіктердің пайдасын ойланып жаз, ауызша әңгімеле.

Инсерт стратегиясы:



      Білемін

        Білдім

     Білгім келеді

 

 

 

Бекіту:

Сендермен сабақ бойы өсімдіктер туралы сөйлестік. Өсімдіктердің қоршаған ортаға тигізер пайдасы туралы білдік. Тақтаға әр топтың лидерлері шығып, басқалардың жазғандарын қайталамай бір-бірін толықтырады.

Үйге тапсырма:

Өздеріне ұнайтын өсімдіктің суретін салып, өсімдік түрлерінен гербарий жасау.



Бастауыш сыныптың оқыту процесінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда оқытудың жаңа технологияларын сабақтың мақсаты мен мазмұнына сай пайдаланып, осы технологиялардың негізінде оқушылардың даму деңгейіне сәйкес тапсырмалар жүйесін ұсыну тиімді болады.Келешекте интеграциялық оқыту технологиялары негізінде оқушылардың оқу танымдық қызығушылығын қалыптастыру, жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселелері арнайы зерттеуді талап етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет