Дүниетаным дегеніміз



Дата12.12.2021
өлшемі181 Kb.
#99868
Байланысты:
философия


Дүниетаным дегеніміз:

А)ежелгі заманнан бастап қалыптасып келе жатқан ғылыми көзқарастардың жиынтығы

В)ізгілік пен зұлымдық туралы түсініктердің жиынтығы

С)тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, сезімдердің, түсініктердің, ойлар мен идеялардың жиынтығы

D)адамды табиғаттан бөлмейтін көзқарас

Е)адамды Құдайдың пендесі деп түсіну

3

Дүниетанымның тарихи формаларының алғашқысын тауып көрсетіңіз:



А)дін

В)философия

С)мифология

D) ғылым


Е)психология

3

Дүниетанымның тарихи формаларының екіншісінің тауып көрсетіңіз:



А) миф

В)мораль

С)дін

D)саясат


Е)философия

3

Дүниетанымның тарихи формаларының (миф,дін,философия) алғашқысы болып саналатын дүниеге мифологиялық көзқарастың мәні:



А)адам мен табиғатты бір-біріне қарсы қою

В)дүниенің субстанциялық бастамасын мойындау

С) дүниені ұғынудың біртұтастығы, бірлігі

D) бір құдайға сену

Е)дүниені жоғарғы және төменгі өмір сүру салаларына бөлу

1

Дінді, мифті және философияны не біріктіреді:



А)рационализм

В)қарапайым сана үшін қолайлылық

С)дүниеге көзқарастық мәселелердің қойылуы

D) агностицизм

Е)рефлексия

3

Мифологияға берілген толық анықтаманы таңдаңыз:



А)О дүниеге сену

В)таптық қоғамда пайда болатын сана формасы

С) дүниеге көзқарастың алғашқы тарихи түрі, адамдардың санасында дүниенің қияли бейнеленуі, құдайлар мен батырлар іс әрекеттері жөніндегі аңыздар

D) дүниеге, ондағы адамның орнына деген белгілі көзқарастар жиынтығы

Е)адамзаттың балалық шақтық кезіндегі санасының қалыпы

3

Мифологияда бүкіл табиғатты жанды деп қарастыратын көзқарас:



А)экзистенциализм

В)персонализм

С)томизм

D)фрейдизм

Е) анимизм

5

Мифологияға тән антропоморфизмнің мәні:



 А)ол ғылым мен техниканың озық салаларында да жиі көрініс табады (ойлайтын машина, есептеу техникасы, ақылды робот т.т.)

В)жаратылыс иелерін (құдайды, періштелерді, мал-жан иелерін), табиғаттағы нәрселерді (ғарыштык, географиялық объектілерді, жан-жануарларды, өсімдіктерді, т.б.) адамға ұқсату

С)адам кейпіндегі киік, жын, пері, дию, жезтырнақ, албасты, т.б. ұғымдар осының айғағы

D) төрт түліктің иелері мен киелері (Қамбар ата, Шопан ата, Зеңгі-баба, Ойсыл қара) туралы түрлі аңыз-әңгімелер 

Е)бұл тек архаистік сананың қалдығы 

2

Аталған діндердің ішінен әлемдік діндерді көрсетіңіз:



А)даосизм, синтоизм, ламаизм

В)брахманизм, христиандық, конфуцийшілдік

С)буддизм, христиандық, ислам

D)христиандық, буддизм, иудаизм

Е)ислам, христиандық, даосизм

3

Өзінің рационалдылығымен, жүйелігімен, логикасымен және теориялық сипатымен ерекшеленетін дүниеге көзқарастың түрі:



А)таным

В)философия

С)мәдениет

D)мифология

Е)дiн

2

Философия б.д.д. І мыңжылдықта, бір уақытта, бір-біріне тәуелсіз және дербес түрде қандай елдерде пайда болды?



А)Еуропада

В)Араб түбегінде

С)Ежелгі Мысырда

D)ежелгі Үнді, Қытай, Греция жерінде

Е)Ежелгі түріктер дүниесінде

4

Философия тарихында «философия» ұғымын алғаш рет қолданған ойшыл:



А)Протагор

В)Парменид

С)Платон

D)Анаксагор

Е)Пифагор

5

Философияның қандай анықтамасы дұрыс емес?



А) философия- бұл сыншыл рефлексия

В)философия- бұл мәдениеттің айнасы

С)философия- бұл жеке теория

D) философия - бұл табиғат пен қоғам жайындағы жалпы заңдар ғылымы

Е)философия - бұл дүниеге көзқарастың ең жоғарғы тарихи түрі

3

Философиялық білімнің басқа ғылыми білімдерден басты айырмашылығы болып табылатын өзіне ғана тән белгісі:



А)ғылымилығы

В) діни сипатта болуы

С)нақтылығы

D)қатаңдығы

Е) әмбебаптылығы

5

Философиялық көзқарастарды материализм мен идеализмге  бөлу қандай негіздерде болды?



А) реализм мен номинализм

В) диалектика мен метафизика

С) философияның негізгі сұрағына философтардың жауап беруіне қарай

D) ғылым мен дiн

Е) еркіндік пен тәуелділік мәселесін шешу негізінде

3

«Ойлаудың болмысқа қатынасы туралы сұрақ» - философияның негізгі сұрағы деп санаған философ:



А)Платон

В) Энгельс

С) Кант

D) Фихте


Е) Аристотель

2

Философияның негізгі сұрағын шешуде материализмге қарама-қарсы көзқарас:



А) дуализм

В) плюрализм

С) волюнтаризм

D) атеизм

Е) идеализм

5

Философияның негізгі сұрағы не туралы?



А)адамның адамға қатынасы туралы

В)адамның қоғамға қатынасы туралы

С)сананың материяға қатынасы туралы

D)адамның табиғатқа қатынасы туралы

Е)тіршіліктің шындыққа қатынасы туралы

3

Материализм нені қолдайды?



А)осы әлемді жаратқан Құдайды мойындайды

В)дүниенің екі бастауы - материя мен сананы мойындайды

С)табиғаттың себебі өзінде екенін мойындайды

D)рухтың біріншілігін жариялайды

Е)табиғаттың біріншілігін жариялайды

5

«Демокриттің бағыты» деп аталатын философиялық бағдар:



А)идеализм

В)дуализм

С)материализм

D)агностицизм

Е)сенсуализм

3

«Платонның бағыты» деп аталатын философиялық бағдар:



А)идеализм

В)дуализм

С)материализм

D)агностицизм

Е)сенсуализм

1

Француз ағартушысы Д.Дидро айтқандай, «Ең тамаша ойшылдар философиямен ғасырлар бойы айналысты. Бірақ соған қарамастан, онда бірде-бір дау туғызбайтын пікір жоқ». Неге олай?



А)бұл философияның қайшылықтығын көрсетеді

В)философиялық ой-толғаулар догма емес

С)бұл философия тарихы ғой

D)бұл философияның өзіне тән ерекшелігі

Е)себебі философия ғасырлар бойы жинақталған ғылым, үнемі дамуда болады

3

«Философияның басты міндеті – тәжірибе арқылы жеке мақсаттарға жету емес, философияның көмегі арқылы тәжірибені өзгертіп, адам өмірінің барлық саласындағы тәжірибені жүйелі түрде жетілдіру керек» - деген тұжырым жасаған прагматизм бағытының өкілі:



А)Сартр

В)Гадамер

С)Дьюи

D) Хайдеггер



Е)Декарт

3

Философияның негізгі бөлімі қандай?



А)идеология

В)монадология

С)онтология

D)мифология

Е)филология

3

Философияның негізгі сұрағының бірінші жағымен байланысты болмыс мәселесін зерттейтін философияның саласы:



А)герменевтика

В)онтология

С)диалектика

D)гносеология

Е)антропология

2

Идеализмнің бірі-бірінен ажыратылатын екі негізгі түрі:



А)эмпирикалық және рационалдық

В) априорлық және апостериорлық

С)объективті және субъективті

D)рационалды және иррационалды

Е)діни және ғылыми

3

Объективті идеализмнің басты белгісі:



А)тек қана жеке адамның жан дүниесінің, санасының біріншілігін мойындау

В)идеяның материямен қатар ерекше субстанция ретінде өмір сүретінін мойындау

С)дүниежүзілік рухтың, идеялар әлемінің біріншілігі мен материяның, жаратылған дүниенің екіншілігін мойындау

D) материяның біріншілігі мен сананың екіншілігін мойындау

Е) ғылыми тұрғыдан дүниеге қарауы

3

Субъективті идеализмнің ерекшелігі:



А)дүниежүзілік рухтың, идеялар әлемінің біріншілігі мен материяның, жаратылған дүниенің екіншілігін жариялау

В)идеяның материямен қатар ерекше субстанция ретінде өмір сүретінін мойындау

С)тек қана жеке адамның жан дүниесінің, санасының біріншілігін мойындау

D)материяның біріншілігі мен сананың екіншілігін мойындау

Е)ғылыми тұрғыдан дүниеге қарауы

3

“Мен және менің түйсіктерім ғана тіршілік етеді, ал, дүние - менің түйсіктерімнің жиынтығы” деген көзқарас мына бағыттың өкіліне жатады:



А)объективті идеализмнің

В)материализмнің

С)дуализмнің

D)пантеизмнің

Е)субъективті идеализмнің

5

Скептицизм дегеніміз:



А)ақыл-ой - танымның негізі деп мойындайтын философиялық бағыт

В)сезім - танымның басты түрі деп табатын философиялық бағыт

С)адамның дүниені танып білу мүмкіндігіне күмәндану

D)адамның дүниені танып білу мүмкіндігін жоққа шығару

Е)адамның дүниені танып білу мүмкіндігіне сену

3

Агностицизм дегеніміз:



А)адамның дүниені танып білу мүмкіндігіне күмәндану

В)адамның дүниені танып білу мүмкіндігін жоққа шығару

С)ақыл-ой - танымның негізі деп мойындайтын философиялық бағыт

D) сезім - танымның басты түрі деп табатын философиялық бағыт

Е)адамның дүниені танып білу мүмкіндігіне сену

1

Гносеологиялық оптимизм дегеніміз:



А)адамның дүниені танып білу мүмкіндігін жоққа шығару

В)адамның дүниені танып білу мүмкіндігіне сену

С)адамның дүниені танып білу мүмкіндігіне күмәндану

D)ақыл-ой - танымның негізі деп мойындайтын философиялық бағыт

Е) сезім - танымның басты түрі деп табатын философиялық бағыт

2

Философияның құрылымындағы бөлімдерінің бірі болып табылатын «аксиология» ұғымының мағынасы:



А) мораль теориясы

В) этногенез теориясы

С) құндылықтар теориясы

D) мәдени-тарихи тип

Е) бұқаралық мәдениет теориясы

3

Адамзаттың болашағы жөніндегі ілім:



А) аксиология

В) уфология

С) онтология

D) футурология

Е) антропология

4

Үнді мифологиясындағы Индра қандай Құдай?



А) от Құдайы

В) аспан Құдайы

С) өлім Құдайы

D) ғарыштағы тәртіп

Е) найзағайдың, күн күркіреудің Құдайы

5

Ежелгі Үнді медицинасының және мәдениетінің естелігі болып табылатын ежелгі үнділіктердің қасиетті жазбалары:



А)Авеста

В)И Цзин


С) Өлілер Кітабы

D)Лунь-юй

Е)Веда

5

Ежелгі Үнді мифологиясындағы Пуруша - ол:



А)найзағайдың, күн күркіреудің Құдайы

В)күн Құдайы

С)ғарыштағы тәртіп

D)от Құдайы

Е)ғарыш адамы, оның денесінен бүкіл әлем пайда болды

5

Веда құрамындағы философиялық бөлімі:



А)Самхиттер

В)Упанишада

С)Араньяктар

D)Махабхарата

Е)Брахмандар

2

Ежелгі Үнді жерінде б.д.д. 6 ғасырдан бастап қалыптасқан бейортодоксальді «настика» бағытына жататын философиялық мектептер:



А) веданта, йога, миманса

В)буддизм, джайнизм, чарвака-локаята

С)адживика, брахманизм, чарвака-локаята

D)синтоизм, буддизм,ламаизм

Е)вайшешика, ньяя, санкьхя

2

Ежелгі үнді философиясында Ведаларды мойындайтын ортодоксальді «астика» бағытына жататын мектеп:



А)софизм

В)легизм


С)моизм

D)эпикуреизм

Е)санкхья

5

Ежелгі үнділіктер дүниетанымында қиянатсыздық принципінің атауы:



А) сансара

В) дхарма

С) йога

D) атман


Е) ахимса

5

Ежелгі Үндіде осы философиялық мектеп кармадан құтылып, «сансара дөңгелегінен» жанды босату мәселесін адамның мақсаты ретінде түсінген:



А) чарвака-локаята

В) джайнизм

С) миманса

D) ньяя


Е) веданта

1

Ежелгі Үнді философиясында өмірдің мәнін байлық пен ляззат алудан көрген, о дүниені мойындамаған материалистік мектеп:



А)шад-даршана

В)брахманизм

С)чарвака-локаята

D)джайнизм

Е)буддизм

5

Ежелгі үнді философиясында Ведаларды мойындамайтын бейортодоксальді бағытына жататын буддизмнің киелі кітабы:



А)Упанишада

В) Трипитаки

С) Брахман

D) Самхит

Е) Араньяки

2

Оның негізінде «өмір - азап» деген идея жатқан ілім:



А) джайнизм

В) буддизм

С) даосизм

D) ньяя


Е) брахманизм

2

Буддизм іліміндегі «нирвана» ұғымының мәні:



А) алғашқы материя

В) құмартуды суытып, дүниеге қызығудан бас тартып, бірте-бірте «сөну», «өшу»

С)тыныс, дем алудың өнері

D)тірі жандардың түрлену тізбегі

Е)әлемдік ой

2

Будда философиясында сегіз сатылы жолды өткеннен кейін, адам санасының өшіп қалған шыраққа ұқсаған уақытша қалпысының атауы:



А) таным

В) атман


С) сұлулық

D) нирвана

Е) сенім

4

Буддизм іліміндегі «бодхисаттва» ұғымының мәні:



А) бұл «үш маржанды» - үш асыл қасиетті игеріп алған, өзін «кармадан» босатқан адам

В) бұл буддизмдегі «хинаяна» бағыты бойынша сегіз сатылы жолды өтіп, «нирвана» қалпынан кейін Бұдда қалпына жеткен және «сансара дөңгелегінен» өзін босатқан адам

С) бұл азаптанудан құтылу жолы

D) бұл буддизмдегі «махаяна» бағыты бойынша сегіз сатылы жолды өтіп, «нирвана» қалпынан кейін Бұдда қалпына жеткен және барлық адамдардың игілігін ойлайтын адам

Е) бұл жаман сезімдерден жанды тазарту

3

Ежелгі Қытай мифологиясындағы Паньгу - ол:



А) ғарыш адамы, оның денесінен бүкіл әлем пайда болды

В) найзағайдың, күн күркіреудің Құдайы

С) Ғаламның «Ұлы сәулетшісі»

D) ғарыштағы тәртіп

Е) дао

1

Ежелгі қытайлықтардың қасиетті кітабы Шу-Цзинде қандай бастамалардың бірлігінен негізгі бес элемент (су, от, ағаш, металл, жер) пайда болған?



А)пракрити, пуруша

В) ян, инь

С) ци, дао

D) дао, инь

Е) ци, ян

3

Көне Қытайда «өзара соғысып жүрген мемлекеттер» кезеңінде жүзден аса философиялық мектептер болған. Солардың ішінен таңдап алынған негізгі философиялық мектептерді көрсетіңіз:



А) конфуйцийшілдік, моизм, элей мектебі, ньяя, джайнизм

В) даосизм, конфуцийшілдік, моизм, легизм, веданта

С) моизм, легизм, даосизм, пифагоршылар одағы, чарвака-локаята

D) конфуйцийшілдік, легизм, даосизм, йога, милет мектебі

Е) конфуцийшілдік, даосизм, легизм, моизм, «инь» мен «ян»

5

Көне Қытай дүниетанымында көзбен көруге, естуге, анықтауға келмейтін, өмір сүрудің негізгі бағдары болып саналатын:



А) сяо

В) ци


С) ян

D) инь


Е) дао

5

Адамды дао жолына шығаратын «бес тұрақтылықты» («у-чан») атап көрсеткен ежелгі Қытайдың философы:



А) Мо- Цзы

В) Сюн- Цзы

С) Мэн- Цзы

D) Чжуан- Цзы

Е) Кун-фу-Цзы

5

«Әрекет етпеу» принципін ұсынған:



А) буддизм

В)конфуцийшылдық

С) моизм

D) даосизм

Е) инь және ян мектебі

1

Конфуцийдің ілімі бойынша, осы үш ұғым бірігіп, «дао» деген дұрыс жолды құрайды:



А) дұрыс сөйлеу, дұрыс күш салу, дұрыс зейін қою

В) дұрыс білім, дұрыс сенім, дұрыс мінез-құлық

С) архат, бодхисаттва, Будда

D) алтын орта жол, адамгершілік, өзара сүйіспеншілік

Е) саттва, раджас, тамас

4

Конфуций философиясындағы «Ли» ұғымының мәні:



А) жүрек әмірі

В) ритуал (рәсім)

С) мемлекеттің заң

D) махаббат

Е) білім

2

Конфуцийдің ілімін ары қарай дамытқан, әсіресе, адамды сүю принципін ары қарай дамытуға көп көңіл бөлген ойшыл:



А)Мо-Цзы

В)Сюн-Цзы

С) Хань-Фэй-Цзы

D) Чжуан- Цзы

Е) Мен- Цзы

5

Ежелгі Қытайда адамның тағдырын және ертеңгі күнін болжауға арналған 64 гексаграммаларды ұсынған кітап:



А) «Өзгерістер кітабы»

В) «Өлеңдер кітабы»

С) «Ортаңғы жол туралы ілім»

D) «Мәнді ашатын пікірлер»

Е) «Тарих кітабы»

1

Ең жақсы Елбасы туралы даосизм тұрғысынан дұрыс деген тұжырымы:



А)ең жақсы Елбасы халықты сауаттандырады

В) ең жақсы Елбасы болса, халық тек қана оның бар екенін біледі

С) жақсы Елбасы басқа елдерді жаулап алып, өз халқын байытады

D) Елбасы әрқашанда - Елбасы орнында, қызметші - қызметші орнында, әке - әке орнында, ұл - ұлдың орнында болуы керек

Е) Елбасы тек қана өзіне сенуі керек

2

Төменде аталған қасиеттердің қайсысы Конфуцийдің «бекзат ер» сапасына сай емес?



А) қайырымдылық

В) ата-анасын сыйлау

С) байлық және билік

D) рәсімдерді сақтау

Е) әділдік

2

Моральдың «алтын ережесін» алғаш ұсынған ойшыл:



А) Гегель

В) Протагор

С) Коперник

D) Конфуций

Е) Будда

4

«Бекзат ерге» («текті адамға») тән бес тұрақты қасиеттер туралы түсінікті ұсынған ойшыл :



А)Лао-цзы

В) Будда


С)Стробон

D)Конфуций

Е) Кант

4

Заң мен басқару өнерін бір-бірінен айырып қараған, өйткені «Елбасының ізін аңдып, арыстандар жүр» деген ежелгі Қытай философиясындағы мектеп:



А)даосизм

В) буддизм

С) инь- ян

D) моизм


Е) легизм

5

Даосизмнің «у-вей» принципінің мән-мағынасы:



А) басқаларға борышты сезіну

В) адам өз табиғаты бойынша өзімшіл

С) адамды күш көрсетіп ұстау қажет

D) әрекет етпеу

Е) адамның жасаған күнәсін кешіруге болмайды

4

Көне Қытай халықтық медицинасының негізін құрайтын «инь» мен «ян» натурфилософиялық мектебінің ілімінде ер бастамасын білдіретін ұғым:



А) «инь»

В) «дэ»


С) «ли»

D) «ян»


Е) «ци»

4

Қай елдің философиясы Еуропа халықтарының тарихы мен мәдениетіне зор әсерін тигізді?



А) Ежелгі Мысырдың

В) Ежелгі Грецияның

С) Көне Үндінің;

D) Ортағасырлық араб елдердің

Е) Көне Қытайдың

2

Гректердің «Жеті данасын» көрсетіңіз:



А)Зевс, Посейдон, Аид, Эрот, Танатос, Гипнос, Эфир

В) Амвросий, Иероним, Августин,Тертуллиан, Климент, Ориген, Феодорит

С) Фалес, Клеобул, Питтак, Биант, Солон, Хилон, Анахарсис

D) Әл-Кинди, Әл-Фараби, Әл-Газали, Ибн-Сина, Ибн-Рошд, Ибн- Халдун, Ибн-Араби

Е) Кузанский, Бруно, Валла, Мирандолла, Макиавелли, Кальвин, Лютер

3

Милет мектебінің негізін қалаушы ойшыл, табиғат циклін ұсынған, оның ойынша дүние судан пайда болады және де ақырында суға айналады деп тұжырымдаған антикалық философ:



А) Анаксимен

В) Анаксимандр

С) Гераклит

D) Парминид

Е) Фалес

1

Анаксименнің ілімі бойынша, алғашқы бастама:



А)от

В) су


С) апейрон

D) ауа


Е) атом

4

Милет мектебінің өкілі Анаксимандрдың ілімінде алғашқы негізді белгілейтін «апейрон» деген сөздің мән-мағынасы:



А)философиялық трактат

В)көне грек философы

С)шексіз, бейнақтылы зат

D) көне грек Құдайшасы

Е)ойлау әдісі

3

Дүниенің объективтіік диалектикасын байқаған, мәңгілік өзгерісте, қалыптасу үстінде екенін ашық көрсеткен, «бір өзенге екі рет кіруге болмайды.Өйткені өзеннің суы ағып жатады, өзен өзгереді» сөзінің авторы, ежелгі грек философы:



А)Парменид

В) Фалес


С) Гераклит

D) Анаксимен

Е) Анаксимандр

3

Математика ғылымымен айналыса келе, дүниедегі құбылыстардың заңдылықтарын математикалық сандық өлшемдермен беруге болатынын байқаған грек философы:



А) Фалес

В) Гераклит

С) Пифагор

D) Периандр

Е)Анаксимандр

3

Әлем сандардан құралады деген тұжырым жасаған ежелгі грек ойшылы:



А)Парменид

В)Пифагор

С)Протагор

D)Платон


Е)Плотин

2

Зат қозғалмайды, бір орнында қала береді деген пікірін Элея мектебінің өкілі Зенон апория (шешімі жоқ жұмбақ) арқылы дәлелдейді. Зейін қойып, байыппен ойланыңыз. Садақтан атылған оқ тұрақты, қозғалмайды. Өйткені әрбір уақыттың сәтісінде атылған оқ белгілі кеңістікте тұрақты орын алады. Келесі сәтте кеңістікте тұрақтайды. Ал тұрақтаулардың қосындысы тұрақтылықты береді. Олай болса, атылған оқ қозғалмайды. Бұл қай апория?



А) «Стадион»

В)«Ахиллес және тасбақа»

С)«Жебе»

D)«Дихотомия»

Е)«Ахилл»

3

Антикалық философияның көрнекті өкілі өзінің ұстазы - Левкиппен бірге заттардың атомдық концепциясын дәйектеді. Оның ілімінше, дүниенің бастамасы – атомдар (шын болмыс) және бос кеңістік (бейболмыс). Осы жерде кімнің көзқарасы жайлы сөз қозғалып отырғанын анықтаңыз?



А) Гераклит

В)Парменид

С) Зенон

D)Демокрит

Е) Сократ

4

Ежелгі Грек философиясындағы аға софистер өкілінің бірі болып табылатын, «Адам бар және жоқ заттардың өлшемі» деген грек ойшылы:



А) Плотин

В)Платон


С) Пифагор

D) Парменид

Е) Протагор

5

Майевтика әдісін ойлап тапқан ежелгі грек ойшылы:



А) Сократ

В) Платон

С) Анаксимен

D) Антисфен

Е) Аристотель

1

Демокриттің түсінігі бойынша дүниенің негізін бостық және не құрайды?



А)су

В) от


С) атом

D) апейрон

Е) ауа

3

Демокриттің философиялық қағидасын табыңыз:



А) дүниенің негізінде көзге көрінбейтін монадалар жатыр

В) уақыт - таза ұзақтық

С) дүниенің негізінде көзге көрінбейтін бөлшектер - атомдар жатыр

D) уақыт - қозғалыс өлшемі

Е) дүниеде қажеттікпен қатар кездейсоқтық та бар

3

Антикалық философияның бастапқы шағындағы ерекшелігі қандай?



А)теоцентризм

В)космоцентризм

С) гуманизм

D) алғашқы дүние бастамасын іздеу

Е) антропоцентризм

4

Антикалық философиясының ұғымы қайсы?



А) «мокша»

В) «сансара»

С) «логос»

D) «карма»

Е)«рита»

3

Ежелгі Грек философиясындағы Элей мектебінінің өкілі Парменид қарастырған мәселе:



А)таным

В) сана


С) тәжірибе

D) болмыс

Е) субстанция

4

Парменид антикалық философиясының осы мектебінің өкілі болатын:



А)Милет мектебі

В) Софисттер мектебі

С) Атомисттер мектебі

D) Платон шәкірттері

Е) Элей мектебі

5

Идея - «эйдос» қай философтың ілімінің өзегінде жатты:



А)Сократ

В) Гераклит

С) Гегель

D) Августин

Е) Платон

5

Антикалық философиясындағы Элей мектебінінің өкілі, «апориялар» арқылы қозғалыс пен тыныштықтың, бүтін мен бөліктің арақатынасы туралы мәселелерді көтерген:



А)Платон

В)Анаксагор

С)Эмпидокл

D) Зенон


Е)Аристотель

4

Зенонның апориясы қайсы?



А) «Мүйізді адам»

В)«Өтірікші»

С)«Ахиллес пен тасбақа»

D) «Әкесі ит»

Е)«Сизиф туралы аңыз»

3

Майевтика әдісін ұсынған философ:



А) Аристотель

В) Платон

С) Цицерон

D) Гераклит

Е) Сократ

5

Идея - «эйдос» қай философтын ілім өзегінде жатты? Сұраққа берілген жеті жауаптың үшеуі дұрыс. Соларды таңдаңыз:



А) ол Ликей деген философиялық мектепті ашқан

В)ол Афины қаласының ойшылы болған

С) ол Элея қаласының ойшылы болған

D) ол Академия деген философиялық мектепті ашқан

Е) ол Милет қаласының ойшылы болған

4

«Платон маған қымбат, бірақ ақиқат одан да кымбат», - деп өз дүние түсінігін ұсынган философ кім?



А) Эпикур

В) Цицерон

С) Аристотель

D) Сократ материя мен форма жөніндегі ілімді ұсынды

Е) Гераклит

3

Сократ философияның дамуына қандай үлес қосқан? Сұраққа берілген жеті жауаптың үшеуі дұрыс. Соларды таңдаңыз:



А) жамандық - алғашқы тектік күнәдан бастауын алады деп есептеген

В) ол Милет қаласында туған

С) сөз жарысында ирония және майевтика әдістерін қолданып, субъективтік диалектиканы дамытқан

D) сөз жарыстарына тіпті де қатыспаған

Е) «адам жамандыққа білмегендіктен барады», - деп есептеген

3

Дүниенің алғашқы негізін іздеген Милет мектебінің өкілдері кім? Сұраққа берілген жеті жауаптың үшеуі дұрыс. Соларды таңдаңыз:



А) Сократ

В) Эпикур

С) Фалес

D) Протагор

Е) Анаксимен

3

Гераклиттің философиялық қағидалары қандай? Сұраққа берілген жеті жауаптың үшеуі дұрыс. Соларды таңдаңыз.



А)«дүние тұрақты, қозғалмайды»

В)«дүниенің негізінде ауа жатыр»

С)«дүние заңды түрде лаулап, заңды түрде сөніп жатқан от»

D) «дүниені Құдай жаратты»

Е)«кеңістік - орасан зор қуыс»

3

Сократтың «Адам жамандыққа білмегендіктен барады» деген пікірі этика саласында білім мен ізгіліктің ұштасуын қолдайтын қандай бағытты білдіреді:



А)этикалық нигилизм

В)этикалық норма

С)этикалық рационализм

D) этикалық догматизм

Е)этикалық релятивизм

3

Ежелгі грек философиясының Сократтан кейінгі классикалық кезеңінің өкілі, дүниені екіге бөліп, «идеялар әлемі» және «заттар әлемі» деп қарастырған философ:



А) Аристотель

В) Платон

С) Сократ

D) Диоген

Е) Антисфен

2

Платонның философияда жасаған төңкерісі:



А)Платонды сезімдік таным қанағаттандырмаған

В) әртүрлі диалогтарындағы ұғымдарды Сократтың атынан талдағаны;

С)«эйдос» (идея) әлемін ашқаны

D) метафизикалық, гносеологиялық, этикалық мәселелерді әлеуметтік-саяси мәселелермен байланыстыра білгені

Е)қоғамдағы адамдарды бірнеше топтарға бөлгені

3

«Осы дүниедегі заттардың алғашқы бейнелеріне – идеяларға меңзей қарап, еске түсіру – тікелей білімнің түрі» - деген философ:



А) Фалес

В) Аристотель

С) Сократ

D) Гегель

Е) Платон

2

«Метафизика» термині қай антикалық ойшылдың еңбегінде көрініс табады?



А)Платон

В) Сократ

С) Аристотель

D) Гераклит

Е)Диоген

2

Өзінің әкесіне арнаған «Никомахтың этикасы» еңбегінде «этика» ұғымын тұңғыш қолданған ежелгі грек ғұламасы:



А)Демокрит

В) Гегель

С) Аристотель

D) Сенека

Е) Кант

3

Төменде адамға берілген анықтамалардан Аристотель берген анықтаманы көрсетіңіз:



А)Адам – бұзылған жануар

В) Адам - саяси жануар

С) Адам – ойнайтын жаратылыс

D) Адам – бар және жоқ заттардың өлшемі

Е) Адам – символдарды жасайтын жаратылыс

2

Ежелгі грек ғұламасы Аристотельдің ой-пікірі:



А) «Бәрі де үнемі өзгерісте болады»

В) «Платон менің досым, бірақ ақиқат одан қымбат»

С) «Әлем сандардан құралған»

D) «Адам бар және жоқ заттардың өлшемі»

Е) «Мен ештеңе білмейтінімді білемін»

2

Аристотель өзінің бірінші физикасында материя мен форманың бір-бірімен қосылып, нақтылы заттарды тудыратынын түсіндіру үшін қандай екі философиялық ұғымды қолданды?



А) мән мен құбылыс

В) мүмкіндік пен шындық

С) мазмұн мен форма

D) себеп пен салдар

Е) бөлік пен бүтін

3

Аристотельдің «Бірінші физика» деген кітабын басқаша атпен жарыққа шығарған шәкірті:



А) 3енон Элейлік

В) әл-Фараби

С) Андроник Родостық

D) Кратил

Е) Платон

2

Формальды логиканың негіздері қашан пайда болды?



А) орта ғасырларда

В) Жаңа заманда

С) XІX ғ.

D) антикалық дәуірде

Е) XX ғ.

1

Формальді логиканың негізін салған ежелгі грек философ:



А)Аристотель

В) Сократ

С) Платон

D) Эмпедокл

Е) Диоген

1

Аристотель ілімінде өнердің күшімен жанның тазаруын білдіретін ұғымы:



А) абстракция

В) гедоне

С) катарсис

D) катехизис

Е) атараксия

3

Аристотельдің пікірінше, кім ең алғаш қайырымдылық туралы айтты:



А)Пифагор

В)Демокрит

С) Платон

D) Эпикур

Е) Сократ

2

«Садақтан атылған оқ қозғалмайды», - деген антикалық философ:



А) Аристотель

В) Зенон Элейлік

С) Платон

D) Демокрит

Е) Левкипп

2

Антикалық философияның Сократқа дейінгі бағыттың өкілі, «Адам бар және жоқ заттардың өлшемі» деген тұжырымның авторы болып саналатын аға софист:



А)Парменид

В) Гераклит

С) Сократ

D) Аристотель

Е) Протагор

5

Оның космологиялық теориясы бойынша жазық цилиндр формасындағы Жер Ғаламның ортасында тұр. Жер төңірегінде аспанның үш сақинасы: күн, ай және аспан денелері – жұлдыздар айналып жүреді. Қай ежелгі грек ойшылының космологиясы айтылған?



А) Анаксагордың

В) Фалестің

С) Анаксименнің

D) Гераклиттің

Е) Анаксимандрдың

2

Демокрит іліміндегі атомдарының бір-бірінен айырмашылығы:



А)ұсақтығында

В)жылуында

С)бітімі мен көлемінде

D)түр-түсінде

Е)қаттылығында

3

Демокрит, Эпикур, Лукреций Кардың көзқарастарын біріктіретін бағыты:



А) диалектика

В)атомистік материализм

С) діндарлық

D) ещнәрсе жақындастырмайды

Е) грек тілі

2

«Қозғалыстың астарында қарама-қарсылықтың күресі жатыр», - деген антикалық философ:



А) Демокрит

В) Аристотель

С) Левкипп

D) Зенон Элейлік

Е) Гераклит

3

Идеалды мемлекет туралы ілімді баяндайтын «Мемлекет» атты философиялық-саяси шығарманың авторы:



А) К.Маркс

В)Платон


С)Сократ

D)Эпикур


Е)Конфуций

2

Аристотельдің сабақ беру әдісінің ізбасарларының атауы:



А)скептиктер

В)перипатетиктер

С)схоластиктер

D) реалистер

Е) номиналистер

2

Зат дегеніміз форма мен материяның бірлігі деп түсіндірген философ:



А) Кант

В) Гегель

С)Платон

D) К Маркс

Е) Аристотель

5

«Никомахова этика» атты кітаптың авторы:



А)Платон

В) Сократ

С) Аристотель

D) Демокрит

Е) Сенека

5

Дәстүрлі формальдық логиканының негізін қалаған антикалық ойшыл:



А)Бэкон

В)әл-Фараби

С)Аристотель

D) Эпикур

Е) Лейбниц

3

«Егер мен ұтылсам, онда төлемеймін - келісім бойынша, ал егер ұтсам, онда төлемеймін - соттың шешімі бойынша» деген «Еватл» атты софизмнің авторы:



А)Сократ

В) Протагор

С) Ямвлих

D) Аристотель

Е) Авиценна

4

«Адам барлық заттың өлшемі, олардың барының - барын, жоғының жоғын көрсетеді» деген антикалық философ, аға софистердің өкілі:



А) Аристотель

В) Плотин

С) Протагор

D) Августин

Е) Үлкен Гиппий

3

Парменидтің көзқарасын жақтау жолындағы көптік пен қозғалыстың жоқтығы жөнінде дәлелдемелерді келтірген антикалық философ:



А) Пифагор

В) Аристотель

С) Зенон

D) Сенека

Е) Аверроэс

3

Аристотель төмендегілердің қайсысының негізгі заңдарын тұжырымдап берген?



А)психологияның

В)герменевтиканың

С)логиканың

D)атомистік материализмнің

Е)эвристиканың

3

Платон ілімін жүйелеп, оның ішкі қайшылықтарын жойып әрі қарай дамытуды көздеген философиядағы идеалистік бағыт:



А)неотомизм

В)неопозитизм

С)неоплатонизм

D) неофрейдизм

Е) неогуманизм

3

Философияның дамуында антикалық дәуір қандай философиялық бағытпен аяқталды:



А)эпикурейзм

В) стоицизм

С) пантейзм

D) скептицизм

Е)неоплатонизм

2

Орта ғасырлық батыс философиясының басты ерекшелігі:



А) космоцентризм

В) антропоцентризм

С) теоцентризм

D) аңғарушылық

Е) автономдылық

1

Ортағасырлық философиядағы «шіркеу әкелерінің» кезеңі:



А) экзегетика

В) номинализм

С) патристика

D) реализм

Е) схоластика

3

Шіркеу әкелерінің христиандық дүние, болмыс, адам өмірі туралы қағидаларына берген коментарийлерінен құралған ортағасырлық философиядағы бағыт:



А) схоластика

В) неоплотонизм

С) диалектика

D) натурфилософия

Е) патристика

1

Батыстық ортағасырлық философиядағы «шіркеу әкелерінің» қолжазбалары негізінде қалыптасқан бағыт:



А) софистика

В) патристика

С) диалектика

D) гуманизм

Е) натурфилософия

2

Батыстық ортағасырлық философиясының патристика деп аталатын бағытының басты өкілі, «Құдай қаласы», «Жер патшалығы» идеяларының авторы:



А) Фома Аквинский

В) Аврелий Августин

С) Иоанн Дамаскин

D) Тертулиан

Е) Дунс Скотт

2

Құдай ештеңеден өз қуатымен эманация арқылы әлемді жаратқаны туралы христиан догматына негізделген жаратылу идеясы:



А) космоцентризм

В) креационизм

С) патристика

D) материализм

Е) агностицизм

1

Августин адамзат тарихының даму кезеңдерін христиандардың киелі кітабы Библия бойынша атап көрсеткен. Ол ортағасырлық христиандық философияның қай бағытының өкілі болып саналады?



А)схоластика

В) номинализм

С) реализм

D) апологетика

С) патристика

1

Орта ғасыр еуропалық философияда әйгілі болған «Исповедь» («Жан сыры») шығармасының авторы кім?



А)Фома Аквинский

В) Тертулиан

С) Ориген

D) Дунс Скотт

Е) Аврелий Августин

5

Тек жалпы ұғымдар немесе универсалиялар ғана шынайы реалдылыққа ие, - деп түсінген ілім орта ғасырдағы діни-философиялық бағыт:



А) номинализм

В) материализм

С) дуализм

D) агностицизм

Е) реализм

1

Номинализм мәнін ашып көрсететін пікірді тауып көрсетіңіз:



А)ақыл-ой арқылы болатын жалпы ұғымдар шын реалдылыққа ие болады

В) жалпы ұғымдар жекелеген шын өмір сүретін заттардың адам ойындағы бейнесін білдіретін олардың аттары ғана

С)жалпылық жекелеген заттарда реальды өмір сүреді, бірақ олардан тыс өмір сүрмейді

D) жалпы ұғымдармен жекелеген заттар әр уақытта тепе-тен

Е) жалпылық құдай ақыл-ойының туындысы

1

Ортағасырлық батысеуропалық философиясында Құдайдың болмысына бес дәлелдерін келтірген схоластиканың әйгілі өкілі:



А)Аврелий Августин

В) Тертулиан

С) Ориген

D) Иоанн Дамасский

Е) Фома Аквинский

5

Құдайдың бар екендігінің онтологиялық дәлелі жеткіліксіз деп санаған және Құдайдың бар екендігінің бес дәлелін өзінің «Теологияның жиынтығы» атты еңбегінде ұсынған схоластиканы жүйелеуші, томизм бағытының негізін қалаушы:



А) П. Абеляр

В) Д. Скотт

С) А. Кентерберийский

D) А. Августин

Е) Ф. Аквинский

5

«Схоластика» термині нені білдіреді?



А)«Шіркеу әкелерінің» ілімі

В)мектеп философиясы

С)Құдай философиясы

D)сенімнің символы

Е)орта ғасыр философиясы

2

Ф. Аквинскийдің «Дүниеде үш түрлі заңдар бар». Олар: мәңгілік заң; табиғи заң. Ал үшіншісі қандай заң?



А) дүниені түсіну мен соған сәйкес іс-әрекет ету

В) адамдардың қабылдаған заңы

С) ақиқаттан алшақтап кетпеу

D) жақсылық пен жамандықты айыру

Е) пенделер қарым-қатынастары

3

Әл-Киндидің пікірінше, философияның мақсаты:



А)ғылымның тілін талдау, ғылыми ұғымдардың мазмұнын тәжірибе арқылы тексеру

В) заттардың шынайы табиғатын ашу, соның негізінде өзіміздің жүріс- тұрысымызды, іс-әрекетімізді анықтауымыз, сәйкестеуіміз керек

С) Құдайдың болмысын дәлелдеу

D) адамды және оның дүниеде алатын орнын зерттеу

Е) бақытқа апаратын жолды көрсету

1

Әл-Фарабидің пікірінше, әлемнің жоғарғы, төмен, оңды-солды бөліктері өзара бір зат, бір нәрсе арқылы немесе күш жәрдемімен байланысады. Әлемді бір-бірімен жалғап, басын қосып тұрған, ол қандай күш?



А) бейсаналық күш

В) жаратылыс күші

С) рухтық күш

D)әлемдік күш

Е) табиғи күш

3

Араб философиясы осы грек философтың еңбектеріне жүгініп, шығыс перипатетизмді дамытты:



А) Платонның

В) Аристотельдің

С) Демокриттің

D) Сенеканың

Е) Эпикурдың

2

«Аристотельдің кітаптарының саны және философияны ұғу үшін не керек» еңбегінің авторы, «араб философы» деген құрметті атаққа ие болған ойшыл:



А) Аль-Кинди

В) Әл-Фараби

С) Ибн-Сина

D) Ибн-Рошд

Е) Иби-Халдуы

2

Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» деп аталған ортағасырлық араб тілдегі философияның өкілі:



А) Омар Хайям

В) Ибн Араби

С) әл-Фараби

D) әл-Кинди

Е) Аристотель

3

әл-Фараби қай философтың еңбектеріне комментарийлерді бере отырып араб тіліне аударды?



А) Сократтың

В) Гераклиттің

С) Аристотельдің

D) Конфуцийдің

Е) Пифагордың

3

Орта ғасырлық ислам мәдениеті аясындағы философияда үлкен «аудармашылық қозғалысына» белсене қатысқан, Аристотельдің еңбектерін грек тілінен араб тіліне аударып, оларға комментарийлерді жазып берген ойшыл:



А) Шәкәрім

В) Бұқар жырау

С) Әйтеке би

D) әл-Фараби

Е) Төле би

4

«Қайырымды қаланың тұрғындары туралы» трактатының авторы:



А) әл-Ғазали

В) әл-Кинди

С) әл-Фараби

D) Ибн-Рушд

Е) Ибн-Сина

3

Ортағасырлық араб тілдегі философия мен медицинаның көрнекті өкілі, «Медицина каноны» шығармасының авторы:



А) Рудаки

В) Низами

С) ибн Сина

D) ибн Бадж

Е) әл-Газали

3

«Сауығу кітабы» атты еңбегінде мұсылмандық сеніммен бірііктірілген перипатизм және неоплатонизм идеяларын дамытқан ортағасыр араб тілдегі философияның өкілі:



А) Яссауи

В) әл Фараби

С) ибн Сина

D) ибн Рошд

Е) Баласағұн

3

Ибн-Синаның энциклопедиялық үлгіде жазылған маңызды философиялық еңбегі – «Сауығу кітабы» философиямен қатар ғылымның қай салалары бойынша мәліметтерге бай?



А) логика, биология, космология

В) философия, астрономия, логика

С) астрономия, медицина, алгебра

D) физика, астрономия, анатомия

Е) логика, математика, физика

5

Қайта өрлеу дәуірі философиясында адамның ерекше табиғатын, шығармашылық қабілетін жоғары бағалау негізінде қалыптасқан бағыт:



А) теоцентризм

В) космоцентризм

С) гуманизм

D) логоцентризм

Е) социоцентризм

3

Адам әлемнің орталығы және танымның басты мақсаты деген көзқарас:



А) теоцентризм

В) натуроцентризм

С) антропоцентризм

D) космоцентризм

Е) социоцентризм

3

Қайта Өрлеу философиясының бастамасына қатысты “Құдіретті комедия” еңбегінің авторы:



А) Франческо Петрарка

В) Джованни Бокаччо

С) Пико делла Мирандолла

D) Мишель Монтень

Е) Алигьери Данте

5

Геоцентрлік ілімді гелиоцентрлік ілімге ауыстырған «коперникандық төңкерісі» болған дәуір:



А) Жаңа Дәуір

В) Ағартушылық кезеңі

С) Неміс классикалық философия дәуірі

D) Ортағасырлық схоластика кезеңі

Е) Қайта Өрлеу дәуірі

1

Қайта өрлеу дәуірінде гелиоцентризмді ұсынған ғалым:



А)Джордано Бруно

В)Николай Кузанский

С) Дж.Пико делла Мирандолла

D) Николай Коперник

Е) Галилео Галилей

4

Қайта өрлеу дәуірінің өкілі, пантеизмді қолдаған, сонымен қатар «Әлемнің шексіздігі туралы» шығарманың авторы:



А) Августин

В) Н.Макиавелли

С) Т.Мор

D) Дж.Бруно

Е) Т.Гоббс

4

«Күн қаласы» шығармасының авторы:



А) Н.Макиавелли

В) Данте


С) Т.Кампанелла

D) П.Абеляр

Е) Т.Мор

3

Қайта өрлеу дәуірінің өкілі Т.Кампанелланың көзқарасымен сәйкес келетін «Утопия» шығармасының авторы:



А) Дж. Бруно

В) Н.Макиавелли

С) Т.Мор

D) Б.Спиноза

Е) Ф.Бэкон

3

Жан Кальвин қай бағыттың өкілі еді?



А)гуманистік

В) неоплатондық

С) натурфилософиялық

D) діни-реформациялық

Е) иррационалистік

4

Қайта Өрлеу дәуірінде саясат философиясын дамытқан, «Басқарушы» трактатының авторы:



А) Макиавелли

В) Телезио

С) Абеляр

D) Мор


Е) Кампанелла

1

«Мақсат қолданған тәсілдерді ақтап шығады» - деген пікірді айтқан ойшыл:



А) Платон

В) Руссо

С) Макиавелли

D) Гегель

Е) Гоббс

3

Макиавеллидің іліміндегі «вирту» деген сөздің мән-мағынасы:



А)толыққанды виртуды іске асыру әрбір адамның қолынан келе бермейді

В) мақсат қолданған тәсілдерді ақтайды

С) адамдар меншігінен айырылғаннан гөрі, әкесін өлтіргенді кешіруі мүмкін

D) алдына үлкен мұрат-мақсаттарын қойып, оларды іске асыру жолында адамның батыл, тиімді іс-әрекеттер жасауы

Е) адамның іс әрекетінің ең терең түрткісі - оның мүддесі

5

Эмпиризмнің негізгі қағидасы:



А) Дүниені танып – білуге болмайды

В) Адамның барлық білімі тәжірибеге негізделеді

С) Зерде дүинені танып – білудің негізгі қайнар көзі болып табылады

D)Танымның ең жоғарғы түрі – интуиция

Е)Құдай аяны танымның қайнар көзі болып табылады

2

Жаңа дәуір философиясының таным теориясында қалыптасқан негізгі бағыттары:



А) эмпиризм мен неоплатонизм

В) рационализм мен психологизм

С) эмпиризм мен рационализм

D) эмпиризм мен сенсуализм

Е) скептицизм мен агностицизм

3

Жаңа дәуір философиясының гносеологиясында эмпиризм бағытының негізін салған, индукция әдісін ұсынған ағылшын философы:



А) Локк

В) Бэкон


С) Декарт

D) Спиноза

Е) Лейбниц

2

Рационализмнің негізгі қағидасы:



А) ғылымда басты рөлді тәжірибе, эксперимент атқарады

В) таным Құдай аяны арқылы ғана мүмкін болады

С) дүниені принципті түрде танып-білуге болмайды

D) дүниені танып-білу екі талай, күдік туғызады

Е) адамның танымдық іс-әрекетінде алдыңғы рөл зердеде

5

Жаңа заман философы Декарттың жалпы философиялық жүйесінің сипаты:



А) плюралистік

В) монистік

С) дуалистік

D) политеистік

Е) атеистік

3

«Мен ойлаймын, олай болса өмір сүремін» афоризмнің авторы:



А) Ф. Бэкон

В) Г. Лейбниц

С) Сократ

D) Спиноза

Е) Р. Декарт

5

Жаңа заман философы Декарттың таным теориясындағы әдісі:



А) дедукция

В) агностицизм

С) индукция

D) кумән


Е) эксперимент

4

Жаңа заман философы, ағылшын ғалымы Ф.Бэконның ойынша, адамның дүниетанымына кесірін тигізетін төрт кедергілер:



А) надандық пен қателесу

В) «идолдар», я болмаса «елестер»

С) діни сенім-нанымдар

D) аңыздар

Е) ғылымдар

2

Ойлаудың индуктивтік методының негізін қалаушы:



А)Р. Декарт

В)Дж. Локк

С) Б. Спиноза

D)Т. Гоббс

Е)Ф. Бэкон

5

Дж. Локктың «түйсікте бұрын болмаған - ақылда жоқ» деген белгілі ойы қай гносеологиялық тұрақты білдіреді?



А) скептицизм

В) рационализм

С) сенсуализм

D) априоризм

Е) релятивизм

3

Болмыстың рухани бірлігі ретінде «монада» терминін қолданған Жаңа дәуір ойшылы:



А) Декарт

В) Бэкон


С) Локк

D) Гоббс


Е) Лейбниц

5

Алғашқы француз энциклопедиясын өз басшылығымен шығарған атақты француз философ-ағартушысы:



А)Вольтер

В)Ламетри

С)Дидро;

D)Гольбах

Е)Руссо

3

«Табиғатқа қайтып оралу керек» деген ұранды жариялаған ғасырдың француз философы:



А)Вольтер

В)Дидро


С)Ламетри

D)Гельвеций

Е)Руссо

5

Неміс классикалық философтарының қай өкілдері объективтік идеализмге жатады?



А)Кант, Фейербах

В) Кант, Шеллинг

С) Шеллинг, Гегель

D) Гегель, Фейербах

Е) Фейербах, Шеллинг

2

Аталған ойшылдардың қайсысы субъективтік идеалистік көзқараста болды?



А) Шеллинг

В) Гегель

С) Фихте;

D) Маркс


Е) Фейербах

3

Неміс классикалық философиясының негізін қалаған ойшыл:



А) Фейербах

В) Кант


С) Гегель

D) Шопенгауэр

Е) Ницше

2

Неміс классикалық философиясының негізін салушы, «Таза зердеге сын», «Пайымдау қабілетіне сын» еңбектерінің авторы, «категорикалық императив» ұғымын ұсынған ойшыл:



А) Шеллинг

В) Фихте


С) Кант

D) Гегель

Е) Фейербах

3

Шығармашылығын «сынға дейінгі» және «сыни кезең» деп бөлу қабылданған, неміс классикалық философиясының ойшылы:



А) Гегель

В) Маркс


С) Энгельс

D) Кант


Е) Фихте

4

И.Кантың қай еңбегінде мораль мәселері қарастырылды?



А) «Практикалық зердені сынау»

В) «Таза зердені сынау»

С) «Пайымдау қабілетін сынау»

D) «Дін зерденің шектелуінде»

Е) «Құқық философиясы»

1

«Адамды екі нәрсе үнемі таң қалдырады: жұлдызды аспан мен адамның ішкі жан дүниесіндегі моральдық заң» сөзінің авторы, неміс классикалық философиясының негізін салушы:



А) Гоббс

В) Декарт

С) Кант

D) Спиноза

Е) Камю

3

И.Кант өзінің қандай шығармасында зерденің дінге шек қойып,оның аумағын тарылта беретінін айқын көрсетті?



А) «Дін зерденің шектелуінде»

В) «Пайымдау қабілетін сынау»

С) «Практикалық зердені сынау»

D) «Дін зерденің шектелуінде»

Е) «Құқық философиясы»

1

Қай өмір сатысында И.Кант күн жүйесінің пайда болуы жөнінде болжам жасады?



А) сындық кезеңге дейін

В) сындық кезеңнен кейін

С) сындық және одан соңғы кезеңдер ортасында

D) Сындық, сыни емес кезеңдер аралығында

Е) 1745-1770 жж.аралығында

1

И.Канттың философия саласында жасаған «коперникандық төңкерісі» қандай сұраққа жауап беруінен шығады?



А) «Мен нені біле аламын?»;

В) «Мен не істеуім керек?»;

С) «Мен не нәрсеге үміттене аламын?»;

D) «Адам дегеніміз не?»;

Е) «Мен не үшін өмір сүремін?»

4

И.Канттың философия саласында жасаған «коперникандық төңкерісінің» мәні неде?



А) гносеологияны «бірінші философияның» дәрежесіне дейін көтеріп, адамды дүниені танушы белсенді субъект ретінде көрсетіп, оның ақыл-ойының ролін көтермеледі

В) сезінудің априорлық формаларын атап көрсетті

С) теориялық зердені практикалық зердеге бағындырып қойды

D) категориялық императивті ашты

Е) субъективтік идеализмді дамытты

1

И. Канттың таным теориясындағы «апостериорлық» және «априорлық» деген ұғымдармен қатар тағы да жиі кездесетін категориялары:



А) трансценденталдық және трансценденттік;

В) кеңістік пен уақыт;

С) сан-даралық,көптік,тұтастық;

D) сапа-реалдылық,терістеу,шектеу;

Е) себеп пен салдар,өзара әрекеттесу

1

«Априорлық» және «апостериорлық» білім туралы ой тұжырымдаған, неміс классикалық философиясының өкілі:



А) Фихте

В) Фейербах

С) Кант

D) Гегель

Е) Шеллинг

3

И.Кант «өзіне түйілген зат» («вещь в себе»), яғни заттың мәні дегенді қандай ұғыммен береді?



А) «антиномия»

В) идея»


С) «ноумен»

D) «категорикалық императив»

Е) «феномен»

3

И.Канттың таным теориясы бойынша, адам сезімділігінің априорлық формалары бар.Оларға нені жатқызған?



А) сан мен сапаны

В) қарым-қатынастарды,моральды

С) кеңістік пен уақытты

D) субстанционалдықты, акциденцияны

Е) мүмкіндік пен мүмкінсіздікті

3

И.Канттың іліміндегі «идея»деген не?



А) идея арқылы біз тәжірибенің әр жағына өте аламыз

В) идея арқылы тәжірибенің әр жағына біздің өтуіміз мүмкін емес

С) идея ойдың жетілгендігін, кемеліне келгендігін көрсетеді, оған жақындауға болғанмен де, толығынан жетуге болмайды

D) идея ешқандай нәтижеге жету мүмкін еместіктің көрінісі

Е) идея нақты, айқын пікірге әкелмейді

2

Канттың пікірінше, категорикалық императив деген моральдық заң неде көрініс береді:



А) ар-ұжданда

В) міндетте

С) махаббатта

D) қайғыға ортақтасуда

Е) өжеттілікте

1

“Адамды екі нәрсе таңдандырады: жұлдызды аспан және адамның рухани дүниесі” сөзінің авторы:



А) Гоббс

В) Декарт

С) Гельвиций

D) Гегель

Е) Кант

5

И.Кант адамды белгілі бір іс-әрекетке итеретін тәртіп ережесін императив дейді. Оның екі түрі бар: біріншісі – гипотетикалық императив, ал екіншісі қалай аталады және оны сіз қалай түсінесіз?



А) гетерономдық - адамдардың жүріс-тұрысын анықтайды

В) категориялық императив - парызды орындадым деген ой

С)категориялық императив- адамдардың ішкі ойлары мен сезімдерін білдіреді

D)категориялық императив - оның ережелерінің түп-тамыры моральдық салаға кетеді

Е) гетерономдық-адамдардың сөйлеу шабытын, мәнерін білдіреді

4

«Адамды әрқашанда мақсат тұт» деген талапты неміс классикалық философиясында кім тұжырымдап берген?



А) Гегель

В) Фихте


С) Шеллинг

D) Фейербах

Е) Кант

1

Гегельдің ең алғашқы атақты ірі шығармасы қалай аталады



А) «Құқық философиясы»

В) «Эстетикадан лекциялар»

С) «Философиялық ғылымдардың энциклопедиясы»

D) «Рухтың феноменологиясы»

Е) «Логика ғылымы»

4

«Ғылым логикасында» Гегель онтологиясының категориялары:



А) болмыс және уақыт

В) сан мен сапа

С) уақыт пен кеңістік

D)субстанция мен субстрат

Е) болмыс пен бейболмыс

2

Гегельдің ойынша, рух табиғаттан шықса да, оның туындысы емес, ол өзінің алғышарттарынан - абсолюттік идея мен сыртқы табиғаттан - өзін тудырып, даму барысында үш сатысынан өтеді. Бірінші сатысы - субъективті рух. Гегельдің пікірінше, субъективті рух қай түрде жүзеге асырылады?



А) өнер, дін, философия

В) құқық, мораль, отбасы, азаматтық, мемлекеттік, адамгершілік

С) логика

D) табиғат

Е) жеке адамның санасы

2

Гегельдің пікірінше, объективті рух қай түрде жүзеге асырылады?



А) жеке адамның санасы

В) құқық, мораль, отбасы, азаматтық, мемлекеттік

С) өнер, дін, философия

D) логика

Е) табиғат

2

Гегельдің ойынша, абсолютті рух қай түрде жүзеге асырылады?



А) жеке адамның санасы

В) құқық, мораль, отбасы, азаматтық, мемлекеттік, адамгершілік

С) логика

D) өнер, дін, философия

Е) табиғат

4

Гегельдің «тезис – антитезис- синтез» триадасы қай заңның мәнін білдіреді?



А) қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі

В) сан және сапалық өзгерістерінің өзара ауысуы

С) әлемдік еріктің

D) өндірістік қатынастар мен өндіру күштерінің сәйкестігін

Е) терістеуді терістеу

1

Неміс классикалық философиясының ең биік шыңы деп танылатын ойшыл:



А) Кант

В) Фейербах

С) Шеллинг

D) Гегель

Е) Фихте

4

Субъективті рухты Гегель үш ғылымның шеңберінде қарастырады. Олар:



А) антропология, логика, биология

В) логика, феноменология, психология

С) антропология, феноменология, психология

D) психология, логика, антропология

Е) феноменология, психология, логика

3

Гегельдің ең алғашқы ірі шығармасы рухтың эмбриологиясы мен палеонтологиясының параллелі, онтогенездің филогенезді қайталауы болып табылатын еңбегі:



А) «Құқық философиясы»

В) «Логика ғылымы»

С) «Рух философиясы»

D) «Рух феноменологиясы»

Е) «Табиғат философиясы»

4

«Рух феноменологиясының», «Логика ғылымы», «Құқық философиясы» шығармаларының авторы:



А) Шеллинг

В) Кант


С) Фейербах

D) Фихте


Е) Гегель

5

Гегель триадасының соңғы элементін көрсетіңіз:



А) тезис

В) антитезис

С) синтез

D) факт


Е) терістеу

3

Фейербах Гегель философиясын не үшін сынаған?



А)идеализмі үшін

В)софистикасы үшін

С)эмпиризмі үшін

D)эклектизмі үшін

Е)дуализмі үшін

1

Өзінің философиялық көзқарастарын «Мен» және «Мен емес» категориялары арқылы жүйелеген неміс ойшылы:



А)Фейербах

В) Фихте


С) Шеллинг

D) Кант


Е) Гегель

2

«Мемлекет - қажетті зұлымдық, бірақ адамдар мыңдаған жылдардан кейін адамгершілік тұрғысынан кемеліне келген кезде, мемлекет қажет болмай қалады», - деген пікірді айтқан неміс ойшыл:



А) Кант

В) Гегель

С) Шеллинг

D) Фейербах

Е) Фихте

2

Аталған еңбектердің қайсысы Ф. Шеллингтікі?



А) «Таза зердеге сын»

В) «Рух феноменологиясы»

С) «Ғалымның міндеті»

D) «Христиандықтың мәні»

Е) «Өнер философиясы»

5

Неміс классикалық философиясының соңын белгілеген, антропологиялық материализмнің негізін салушы:



А) Кант

В) Шеллинг

С) Фихте

D) Гегель

Е) Фейербах

5

Л.Фейербах философиясының сипаты:



А)теоцентристік

В)пантеистік

С) идеалистік

D) материалистік

Е) дуалистік

4

Ағартушылық дәуіріндегі француз энциклопедистерінің басшысы:



А) Ж.Ж.Руссо

В) Ж. Ламетри

С) Гельвеций

D) П.Гольбах

Е) Д.Дидро

1

Диалектикалық-материалистік философияның негізін қалаушыларды көрсетіңіз:



А)Левкипп, Демокрит

В)Бэкон, Декарт

С)Плеханов, Ленин

D) Маркс, Энгельс

Е) Гольбах, Гельвеций

4

Болмыстың субстанциясын түсіндіру жағынан марксистік философия қай бағытқа жатады:



А) дуализмге

В) діни-философиялық монизмге

С) объективтік-идеалистік монизмге

D) плюрализмге

Е) диалектикалық-материалистік монизмге

5

Тарихи материализмнің негізін қалаушы:



А) Маркс

В) Плеханов

С) Фейербах

D) Вольтер

Е) Гольбах

1

Қоғамның материалистік түсінігін саяси экономия ғылымы тұрғысынан дәлелдеп берген философ:



А)Плеханов

В)Гольбах

С)Маркс

D)Фейербах



Е)Вольтер

3

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет