Қазақ тілі пәнінде қолданылатын педагогикалық Әдіс-тәсілдер. Қазақ тілі пән бағдарламасында көрсетілген ұстанымдар. Оларды жүргізу жолдарын саралау


ОҚЫТУ ОРЫС ТІЛІНДЕГІ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢАША ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ



бет2/8
Дата21.04.2023
өлшемі0,92 Mb.
#175135
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
?àçà? ò³ë³ ï?í³íäå ?îëäàíûëàòûí ïåäàãîãèêàëû? ?ä³ñ-ò?ñ³ëäåð. ?àç
Модуль 30.10.2020, English срсп 4.5, Шеттілдік білім
1 ОҚЫТУ ОРЫС ТІЛІНДЕГІ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢАША ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
  • Басқа ұлт өкілдеріне арналып жазылған алғашқы оқулықтың авторы, оқу-ағарту, тіл мен әдебиет, білім салаларында құнарлы еңбек еткен талантты әдіскерлердің бірі – Телжан Шонанов. Т.Шонанов – қазақ тілін оқыту әдістемесінде тіл білімін зерттеуші ғалым, әдіскер, тарихшы, аудармашы, педагог ретінде көрнекті орынға ие. Оның жазған кітаптары мен оқулықтары, әр салада жазылған 100-ден астам ғылыми еңбектерінде мектептегі білім жүйесі, әдістеме, тіл мәселелері қаралады. 1933 жылы ғалымның қазақ тілін орыс мектептерінде оқытуға байланысты «Учебник казахского языка для русской школы» деп аталатын оқулығы жарық көріп, кейін бұл оқулық күн талабына сай бес рет қайта басылып шықты. Қазақ тілі әдістемесінің алғашқы негізін салушылардың бірі – Ғали Бегалиев болды. 1940 жылы «Бастауыш мектептерде қазақ тілінің методикасы» деген еңбегі баспадан шықты.
  • 1920-1930 жылдар арасында қазақ өнері мен білімінің негізін салған абзал азаматтардың бірі – Құдайберген Қуанұлы Жұбанов еді. Ол – қазақ тіл білімінің негізін қалаған көрнекті ғалым, тұңғыш филолог, профессор Қ.Жұбановтың еңбектеріне 1966 жылға дейін тыйым салынып келді. Тек қана 1966 жылы «Қазақ тіліндегі зерттеулер» деген еңбегі жарық көрді. Қазақ тілін оқыту әдістемесі саласына айрықша көп еңбек сіңірген көрнекті ғалым – Шамғали Харесұлы Сарыбаев. Ол қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту мәселесін 1933 жылдан бастап арнайы қарастыра бастады. Ш.Сарыбаев бірнеше жылдық зерттеу жұмысының нәтижесінде «Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту тәжірибесінен» (1941) атты еңбегін жазып, натуралды, сұрақ-жауап әдісін қолданып, тіл үйретудің тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдей отырып, 1943 жылы «Методика преподавания казахского языка в русской школе» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды.
  • Қазақ тілін дамытуға үлкен бағыт-бағдар жасалып, жұмыстар жүргізіле бастады. Сонымен қатар қазақ тілін өзге ұлт дәрісханаларында оқытуға арналған бірнеше бағдарламалар жарияланды. Бағдарламалардың алдыңғы қатарында тұрған 1987 жылы профессор Н.Оралбаеваның авторлығымен шыққан «Қазақ тіліні үйрену курсының программасы» болып табылады. Н.Оралбаева жасаған қазақ тілін үйретуге арналған алғашқы бағдарламаны Қазақстан білім беру министрлігі құптап бекітті. Осы бағдарламаның негізінде 1996 жылы «Ана тілі» баспасынан «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты оқулық жарық көрді.Бұл жоғары оқу орындарындағы студенттерден басқа ұлтқа қазақ тілін оқытатын, әдістемелік жағынан жетілген мамандар дайындауға арналған алғашқы ғылыми оқулық. Оқулық 1992 жылы жарық көрген Н.Оралбаева, К.Жақсылықова құрастырған оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін оқыту бағдарламасы бойынша жазылған. Оқулықта қазақ тілін орыс мектептерінде оқытудың лингвистикалық, психологиялық, дидактикалық негіздері, тарихи дамуы қарастырылған. Қазақ тілі әдістемесі пәні, оның міндеттері, мақсаттары, қазақ тілін басқа ұлттарға оқыту әдістері, сабақтың құрылысы мен түрлері жүйелі, анық, нақты түрде берілген. Сонымен қатар мұнда тілдік материалды ғылыми принцип негізінде таңдау және сұрыптауда: 1) сөздердің қолдану жиілігі; 2) сөздердің жеңіл-қиындығы; 3) сөздердің синонимдік қасиеті; 4) сөздердің тақырып қажеттігіне сәйкестігі: 5) екі тілге ортақ сөздерді санатқа кіргізбеу; 6) сөздердің сөзжасамдық қабілеті; 7) сөздің тілдің дыбыстық ерекшелігін қамтуы; 8) сөздің оқушының психологиялық ерекшелігіне сәйкестігі; 9) сөздің оқулықта қайталану жиілігі қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінуі қажет.
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психология және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері.
  • Жаңа оқулықтармен еліміздің барлық мектептері міндетті түрде қамтамасыз етіледі. 2016 жылдың аяғында «Баршаға арналған қазақ тілі» жаңа әдістемесі дайын болады. 2017 жылдан бастап оны оқыту орыс тіліндегі мектептерге енгізіле бастайды. Негізгі акцент ауызша және жазбаша қарым-қатынасқа жасалатын болады. Оқулықтар, электронды қосымшалар кең қолданыстағы сөздер мен сөз тіркестері бойынша әзірленеді. Олардың барлығы қазақ тілінің жиілік сөздігіне жинақталған. Бұл сөздерді жеңіл түсінуге және қолдануға болады.
  • Бағдарламаның түрлеріне типтік, жұмыс,авторлық, оқу бағдарламалары жатады.Бағдарламаның бөліктері: 1) пәнді оқудағы мақсат,оқушылардың білім,білік және дағдыларына қойылатын негізгі талаптар, ұсынылатын оқыту формалары және әдістері туралы жазылған түсінік хат; 2) зерделенетін материалдың тақырыбы, оның мазмұны; 3) жекелеген сұрақтарды оқуға керекті шамамен берілген уақыт; 4) мазмұнның негізгі бөліктерінің тізімі; 5) пәнаралық байланысты жүзеге асыруға берілген нұсқаулар; 6) оқу жабдықтарының және көрнекі құралдардың тізімі; 7) ұсынылатын әдебиеттер.
  • Бағдарламаның қызметі – мұғалімнің жұмысын ұйымдастыру,оған әдістемелік көмек беру. Бұл үшін бағдарлама практикалық жұмыстың түрлері, оқушыға берілетін нұсқаулар енгізіледі. Қазақ тілі пәнінің оқыту мазмұны да бағдарлама арқылы көрсетіледі. Пәнді оқытуға не кіретіні анықталмай, жүйелі оқу жүйесі жүргізілуі мүмкін емес. Қазіргі уақытта I-IV сыныпқа, V-IX сыныпқа арналған бағдарламалар бар. Бағдарлама бірнеше бөлімнен тұрады:


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет