6 параграф бойынша тест 1. 1914 жылғы Еуропада қандай екі майдан қалыптасты?
А) Батыс (Бельгия, Франция), Шығыс, Солтүстік (Бельгия, Италия) және Оңтүстік (Германия)
Ә) Солтүстік (Бельгия, Италия) және Оңтүстік (Германия)
Б) Батыс (Бельгия, Францияда) және Шығыс (Ресейге қарсы)
2. Қай жылы және қандай себептерге байланысты Үштік одақ өмір сүріун тоқтатты?
А) 1914 жылы Италияның Антанта тарапына өтуіне байланысты
Ә) 1915 жылы Италияның Антанта тарапына өтуіне байланысты
Б) 1915 жылы Италияның Төрттік одаққа кіруіне байланысты
3. Англия алғаш рет қай шайқаста танкілерді қолданды?
А) 1916ж 27 тамызда Сомма өзенінің бойында өткен шайқас
Ә) 1916 жылдың жазында Шығыс майданындағы шайқас
Б) 1916 жылдың ақпанында Верден қамалы бар аймақтағы шайқас
4. 1915 жылғы жаңа жоспардың мақсаты не болды?
А) орыс халқын құлдыққа алу
Ә) Германияны жою
Б) орыстарды жою және Ресейді соғыстан шығару
5. Француздар үшін соғыстың бетбұрыс әкелген маңызды шайқасын ата
А) Батыс майдандағы Марн өзеніндегі шайқас
Ә) Шығыс майдандағы Марн өзеніндегі шайқас
Б) Солтүстік майдандағы Марн өзеніндегі шайқас
6. Қай жылы және қай конференцияда Германия және оның одақтастарымен қорытынды бітімшарттары жасалды?
А) 1919 жылғы Парижде бейбіт конференция
Ә) 1918 жылғы өткен Париж бітім конференциясы
Б) 1919-1920ж Париж бітім конференциясы
7. Бірінші дүниежүзілік соғысқа қанша мемлекет және қанша адам соғысқа тартылды?
А) 35 мемлекет, 68,5 млн
Ә) 38 мемлекет, 74 млн
Б) 38 мемлекет, 63 млн
8. 1917 жылдың сәуір айында соғысқа қандай мемлекеттер кірісті?
А) АҚШ
Ә) Ресей
Б) Испания