Медициналық тақырыптар бойынша тест жасаудың жаңа технологиясы ү. Байзак, Б. Байзакова



Дата15.09.2017
өлшемі174,58 Kb.
#32918
УДК 378.14.016.
МЕДИЦИНАЛЫҚ ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША ТЕСТ ЖАСАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Ү.Байзак, Б.Байзакова
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. Түркістан қ.
Мақалада қазіргі кезеңде жоғары медициналық оқу орындарында қолданыстағы тесттің кешіліктері мен оның пайда болу себептері қарастырылған. Қолданыстағы тест арқылы студенттердің теориялық білімі мен практикалық дағдыларын толық тексеру мүмкін еместігі дәлелдеген. Осындай кемшіліктерден арылған тест жасасудың жаңа технологиясын ұсынған. Бұл әдіс бойынша-тест тапсырмасының бірінші жауабы сұрақпен жалғасады, ал оның жауабы екінші сұрақпен жалғасып, тест сатылы түрде құралады. Бір тест тапсырмасына бүкіл тақырыпты сиғызуға болады. Осылайша студенттің тақырыпты толық меңгергендігін бағалауға мүмкіндік аламыз.

Түйін сөздер: тест, жаңа технология, сатылы тест, студент, іс- әрекет ,логика, бағалау.
Қазіргі кезеңде жоғары оқу орындарында (ЖОО) студенттердің білім деңгейін бақылау мен бағалу тест түрінде жүргізу кең таралған әдіс. Осы әдіс арқылы жоғары оқу орындарына бөлінетін мемлекеттік грант иегерлері анықталады, ҚР білім және ғылым министрлігінің ЖОО аттестаттау кезінде студенттердің білім деңгейін, шет ел тілдерін меңгеру дәрежесін, мемлекеттік қызмете қабылдау, авто жүргізушілерге куәлік беру, т.б. басқа көптеген жұмыстарда тест кеңінен қолданылады. Қазақсиан Республикасындағы барлық ЖОО студенттерінің теориялық білімі мен меңгерген іс әркеттері негізінен тест арқылы анықталуда.

Бірақ, қазіргі қолданыстағы тест тапсырмалары арқылы студенттердің меңгерген теориялық білімін практикалық жағдайда қолдана алуын бақылау, меңгерген білімінің жүйелілігін, тереңдігін, нақытылығын анықтау мүмкін емес. Өйткені қазіргі тест тапсырмалыры белгілі бір тақырыпта көтерілген мәселелердің тек бір көрсеткішін белгілеуге немесе ұсынылған есептің дайын жауаптарының бірін таңдауға арналған, мұндай тест студенттің берілген тапсырманы орындауда қандай теориялық мәліметттерге сүйенгендігін, осы бағытта ол қандай іс әрекеттер орындағанын көрсете алмайды. Ал жоғары оқу орнының оқытушы-професорлар құрамына керегі бұл емес, біздерге қажеті студенттің берілген тақырыпта қаралған құбылыстың теориялық мәнін, мағанасын, оның математикалық өрнегін және оны қолдана алуы сияқты іс әрекеттерді бір мезгілде, өз ара байланыста қарастыру арқылы оның берілген тақырыпты немесе берілген тапсырманың толық меңгеруін анықтау, осы арқылы оның білім деңгейін бағалау.

Мен білім беру саласында еңбек еткеніме 40 жылға жуықтады, сонда байқағаным, студенттердің 1000 астам тесті оп-оңай жаттап алуға мүмкіндігі бар екендігіне көзім жетті. Бір қарағанда бұған қуану қажет секілді, ал шындығында оның кері әсері мол болып тұр. Өкінішке орай ЖОО студенттерінің басым көпшілігі тек тест сұрақтары мен оның жауаптарын «механикалық» түрде ойда сақтауға тырысады, олар тест сұрағында қаралған мәселенің мәнін түсінбей, тек тест жауаптарын жаттайды. Жоғары оқу орындарында көп жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан оқытушы –профессорлар құрамы соңғы кездері жоғары оқу орындарына грант негізінде түскен мектеп бітірушілердің орта мектеп көлеміндегі білімдерінің жеткілікті деңгейде емес екендігін бір ауыздан айтуда. Бұл көрініс ЖОО студенттері арасында кең таралуда. Әсіресе бұл құбылыстың медициналық ЖОО студенттеріне тигізетін кері әсері өте жоғары. Қазіргі уақытта медицина ғылымын кеселдің себебін анықтайтын және оны емдеудің жолдарын қарастыратын диагностикалық және терапиялық процестерден тұратын, көп сатылы процесс деп қарастырады. Бұл өз кезегінде, болашақ дәрігердің адам ағзасындағы анатомиялық, физиологиялық, биохимиялық, физикалық т.б. көптеген процестерді бір мезгілде және барлығын бірге қарастыруды талап етеді. Сондықтан, медицина ғылымын интергациялық типтегі ғылым деп санаған дұрыс. Мұндай талаптар медициналық тақырыптардағы тест тапсырмаларын құруда осы принципті сақтауды міндеттейді, яғни тақырып бойынша дайындалатын тест тапсырмалары тақырыптағы қаралатын құбылыстарды жүйелі түрде, бір бірімен тығыз байланыста, «шашыратпай» құрастырылуы және осы түрінде студенттерге берілуі тиіс. Осындай жағдайлар медициналық тақырыптар бойынша тест тапсырмаларын дайындауды жаңаша ұйымдастыруды талап етеді. Ал қазіргі кең қолданыстағы «5 жауаптың бірін таңда» жүйесімен құрылған тесттің мұндай мүмкіншілігі жоқ.

Сонымен қазіргі кең қолданыстағы тесттің қандай кемшіліктері бар, соны анықтайық. Біздің жүргізген зерттеулеріміздің нәтижесінде қазіргі тесттердің мынадай кемшілігі бар екендігіне көз жеткіздік [1]:



  • Тестке берілген студенттің жауабынан, оның қандай теориялық мәліметке сүйенгендігін, қандай іс-әрекет арқылы тест жауабын анықтағандығын, яғни студенттің логикалық ойлау қабілетін анықтау мүмкін еместігі;

  • Бір тақырып бойынша тест сұрақтары студентке жүйесіз таратылатындығы;

  • Гуманитарлық пәндер бойынша тест сұрақтарын дайындау қиындығы;

  • Тест жауабын кездейсоқ дәл анықтау мүмкіндігі 20 пайызға тең;

Сонымен, тест көрсеткіші шын мәнінде жоғары оқу студенттерінің білім деңгейінің толық көрсеткіші болатын, олардың тест сұрақтарына саналы түрде жауап беруіне қол жеткізу үшін, тесті «механикалық» түрде жаттап алуға жол бермеу үшін, тест тапсырмаларын жасаудың «жаңа технологиясына» көшуі қажет. Бұл жерде «жаңа технология» деп, ұсынылатын тест сұрақтары арқылы оған жауап берушінің дұрыс жауапты дәл тапқандығымен қатар, студенттің қандай теориялық мәліметтерге сүйенгендігін, қандай әдістермен жауапты анықтағандығын көрсететін тест жасаудың жолын атап отырмыз. Яғни ендігі тест сұрақтары логикалық тұрпатта болуы тиіс.

Осы жағдайларды ескеріп, біз тест жасудың жаңа технологиясын жасадық. Бұл ұсыныстың негізгі ойы мынада: қазіргі кезеңде жоғары оқу орындарында қалыптасқан дәстүрге сәйкес профессор-оқытушы студенттінің берілген тапсырманы немесе тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау мақсатында оған белгілі жүйемен сұрақтар қояды. Мысалы, тақырыпта қаралатын құбылыстың теориялық негізін сұрайды, одан туындайтын заңдылықтар мен оны сипаттайтын өрнектерді (формуласын) жазуды және оларды қолдануды(есеп шығаруда, тәжірибелік сабақта) талап етеді. Осы мәліметтерге толығымен жауап берген студент берілген тапсырманы немесе тақырыпты толық меңгерген деп саналады, соған сәйкес бағаланады.

Ал қазіргі тест қабылдауда осындай жүйелілік принципі сақталмай отыр, яғни бір тест сұрағында тақырыптың немесе оның теориялық тұжырымның тек бір көрсеткіші ғана беріледі. Мысалы, не теориялық тұжырым, не формула немесе есептің жауабы т.б. Оның үстіне бүкіл тақырып немесе теориялық тұжырым бойынша құрылған бірнеше тестің барлығы бір студентке берілмейді, олар әртүрлі вариантарға бөлініп, бірі бір студентке, келесі тест басқа студенттке таралылып кетеді. Студенттің бір ғана тест сұрағына берген жауабы бойынша оның бүкіл тақырыпты меңгеруін бағалау мүмкін емес екендігі айтпаса да түсінікті. Бір тақырып бойынша құрылған бірнеше тесттердің өз ара байланысын қазіргі тест құраудың технологиясы арқылы қол жеткізуі мүмкін емес. Осы жағдайларды ескеріп, тест жасаудың жаңа технологиясы ұсынылады. Бұл технология арқылы студентке ұсынылған бір тест сұрағына тақырыптағы барлық мәліметтер толығымен ендіріледі. Мысалы, берілген тақырыптағы теориялық тұжырым, оның математикалық өрнегі, оны қолдану және т.б. Сонымен қатар, аталған мәліметтердің өз ара байланысын біріктіріп қарауға, сол арқылы стууденттің тапсырманы орындаудағы логикалық ойлау қабілетін, оның іс әрекетін бақылауға мүмкіндік аламыз. Нәтижесінде, студенттің қаралып отырған тақырыпты немесе бір тарауды толық меңгергендігін бақылауға және оны бағалауға қол жеткіземіз.

Тест тапсырмаларын дайындауда кездесетін күрделі проблемалардың бірі ретінде гуманитарлық пәндер (философия, социология, тарих, т.б.) бойынша тест сұрақтарын құрудың қиындығын атауға болады. Бұл пәндердің сұрақтарына жауаптарды бір сөз немесе қысқаша сөйлем түрінде тұжырымдау қиын. Соның әсерінен тақырыптағы негізгі ой бір тест сұрағына симайды, оны бөлшектеуге тура келеді, соның әсерінен бір теориялық тұжырым бірнеше тест түрінде дайындалады, өз кезегінде бұл тапсырмаларды компьютер жеке–жеке вариантарға тараптып жібереді, оның барлығы дерлік бір оқушыға немесе студентке берілмейтіні анық, нәтижесінде студенттің бір сұраққа берген жауабы арқылы оның бүкіл тақырыпты қаншалықты терең меңгергенін анықтауда қиындық келтіреді.

Қазіргі қолданыстағы «5 жауаптың бірін таңда» тест тапсырмаларының жауабын кездейсоқ дәл анықтаудың мүмкіндігі жоғары, ол 20 пайызға тең. Бұл 125 сұрақтың 25-нің жауабын кездейсоқ дәл анықтай алуы мүмкін деген сөз.

Жаңадан ұсынып отырылған әдіс - сатылы тест деп аталынады. Ол профессор-оқытушының студенттен сабақ сұрағаны тәріздес. Тест сұрақтары бір бірімен тығыз байланысқан сатылар (блоктар) түрінде ұсынылады, соған сәйкес жауаптары да сатылы болып келеді және бір тест сұрағына тапсырмадағы немесе тақырыптағы негізгі мәліметтерді толығымен сиғызуға болады.

Тестің бірінші сатысында тест сұрағының бірінші сұрағы және оның 5 жауабы (дұрысы да, қатесі де) беріледі, өз кезегінде жауап осы тапсырмамен (тақырыппен) байланысқан, қарастырылып отырған құбылысты талдауды одан ары жалғастыратын, сол арқылы студенттің тапсырманы (тақырыпты) толық меңгергендігін анықтауға мүмкіндік беретін келесі сұрақпен аяқталады, ал оның жауаптары (дұрысы да, қатесе де) екінші сатыда орналасады, ол өз кезегінде тақырыптағы құбылысты нақтылайтын келесі сұрақпен аяқталады, ал оның жауабы үшінші сатыда орналасады, ол да сұрақпен аяқталады, осылайша сатылап «жауап – сұрақ» түрінде тақырып толығымен қамтылады

Студент әр сатыдағы дұрыс жауаптарды бір біріне тіркей отырып қойылған сұрақты толық қанағаттандыратын жауапты құрастырады. Тестің дұрыс жауабы тек жалғыз ғана болады және оны дәл анықтау тақырыпты толығымен меңгерген студенттің ғана қолынан келеді. Бір тақырып бойынша осылайша дайындалған, бір - бірімен тығыз байланысқан сатылы тестер жүйесі, «шашырамай» бір студентке толығымен беріледі. Бұл сатылы тест жасаудың ең бір басты шарты.

Тест жасаудың жаңа сатылы әдісінің қазіргі кезеңде кең таралған « 5 жауаптың бірін таңда» әдісінен артықшылығын көрсету үшін бір тақырып бойынша тест тапсырмаларын екі әдісті қатар пайдаланып құрастырайық. Мысал ретінде Адам физиологиясы (Х.Қ.Сатпаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б.Нілдабаева. Алматы,2008.-663 бет.,61-65 б.б.) оқулығынан алынған тақырыптың мынандай бір фрагментін қарастырайық және студенттің берілген тақырыпты меңгеру көрсеткіші ретінде асты сызылған мәліметтерді білсе жеткілікті деп санайық.

Мембраналық потенциал

..........Мембраналық потенциал деп - қозбаған күйдегі протоплазма мен жасу

шаның сыртқы беті араларындағы потециал айырымын атайды. Мембрана

ның сыртқы беті «оң», ал ішкі беті «теріс» зарядталған. .....Мембраналық-ион



дық теория бойынша мембраналық потенциалдың пайда болуы протоплазма

мен жасушаарлық сұйықтықтағы иондар мөлшерінің әр түрлі болуынан.......



К+ катионының протоплазмадағы мөлшері жасаушааралық сұйықтықтан 30-50

есе артық, ал Na+ ионы жасушааралық сұйықтықта 8-10, Cl- анионы 50 есе

көп. .......


Мембраналық потенциал деп....

А. қозбаған күйдегі протоплазма мен жасушаның сыртқы беті араларындағы

потециал айырымын атайды.

B. протоплазма мен жасушаның сыртқы беті араларындағы потециал айырымын

атайды.

C. қозбаған күйдегі протоплазма потециалын атайды.

D. қозбаған күйдегі жасушаның потециалын атайды.

E. қозған күйдегі протоплазма мен жасушаның сыртқы беті араларындағы потециал

айырымын атайды.

Мембрананың.......

A. сыртқы беті «оң», ал ішкі беті «теріс» зарядталған.

B. сыртқы беті «теріс», ал ішкі беті «оң» зарядталған.

C. тек сыртқы беті ғана «оң» зарядталады.

D. тек ішкі беті «теріс» зарядталады.

E. сыртқы беті «зарядсыз», ал ішкі беті «оң» зарядталған.


Мембраналық-иондық теория бойынша мембраналық

потенциалдың пайда болуы.....

A. К+ катионының протоплазмадағы мөлшері жасаушааралық сұйықтықтан 30-50 есе артық, ал Na+ ионы жасушааралық сұйықтықта 8-10, Cl- анионы 50 есе көп болуынан.

B. К+ катионының протоплазмадағы мөлшері жасаушааралық сұйықтықтан

30-50 есе кем, ал Na+ ионы жасушааралық сұйықтықта 8-10, Cl- анионы 50

есе көп болуынан.

C. К+ катионының жасаушааралық сұйықтықтағы мөлшері протоплазмадағы

мөлшерінен 30-50 есе артық, ал Na+ ионы жасушааралық сұйықтықта 8-10,

Cl- анионы 50 есе кем болуынан.

D. К+ катионының протоплазмадағы мөлшері 30-50, ал Na+ ионы жасушааралық

сұйықтықта 8-10, Cl- анионы 50 тең болуынан.

E. К+ катионының протоплазмадағы мөлшері жасаушааралық сұйықтықтан

10-30 есе артық, ал Na+ ионы жасушааралық сұйықтықта 20-40,

Cl- анионы 10 есе көп болуынан.

Тақырып бір болғанымен әр сұрақ жауаптары жеке дара, бір-бірімен тығыз байланыспаған. Тест тапсырмаларын тарату барысында компьютер оларды әр вариантқа бөліп жібереді де, студенттің алған вариантына түскен жалғыз сұраққа берген жауабы бойынша оның бүкіл тақырыпты қаншалықты толық меңгергенін анықтай алмаймыз.

Енді осы берілген тақырыпты пайдаланып, жаңа технологиямен тест тапсырмасын құрастырайық.


Мембраналық потенциал деп....
А. қозбаған күйдегі протоплазма мен жасушаның сыртқы беті араларындағы

потециал айырымын атайды. Мембрананың ....

B. протоплазма мен жасушаның сыртқы беті араларындағы потециал

айырымын атайды. Мембрананың ....

1 саты. C. қозбаған күйдегі протоплазма потециалын атайды. Мембрананың ....

D. қозбаған күйдегі жасушаның потециалын атайды. Мембрананың ....

E. қозған күйдегі протоплазма мен жасушаның сыртқы беті араларындағы

потециал айырымын атайды. Мембрананың ....









  1. сыртқы беті «оң», ал ішкі беті «теріс» зарядталған. Мембраналық

-иондық теория бойынша...

  1. сыртқы беті «теріс», ал ішкі беті «оң» зарядталған. Мембраналық.

-иондық теория бойынша.......

2 саты. 3. тек сыртқы беті ғана «оң» зарядталады. Мембраналық-

-иондық теория бойынша...


  1. тек ішкі беті «теріс» зарядталады. Мембраналық –иондық

теория бойынша.......

  1. сыртқы беті «зарядсыз», ал ішкі беті «оң» зарядталған. Мембраналық

иондық теория бойынша..............................

. К+ катионының протоплазмадағы мөлшері жасаушааралық сұйықтықтан

30-50 есе артық, ал Na+ ионы жасушааралық сұйықтықта 8-10, Cl- анионы

50 есе көп.

. К+ катионының протоплазмадағы мөлшері жасаушааралық сұйықтықтан

30-50 есе кем, ал Na+ ионы жасушааралық сұйықтықта 8-10, Cl- анионы

50 есе көп.

3 саты. . К+ катионының жасаушааралық сұйықтықтағы мөлшері протоплазмадағы

мөлшерінен 30-50 есе артық, ал Na+ ионы жасушааралық сұйықтықта 8-10,

Cl- анионы 50 есе кем.

. К+ катионының протоплазмадағы мөлшері 30-50, ал Na+ ионы жасушааралық

сұйықтықта 8-10, Cl- анионы 50 тең.

. К+ катионының протоплазмадағы мөлшері жасаушааралық сұйықтықтан

10-30 есе артық, ал Na+ ионы жасушааралық сұйықтықта 20-40, Cl- анионы

10 есе көп.

Тест тапсырмасының толық жауабы: А, 1, . Бұл жауап қалайша анықталды? Жоғарыда айтылған тәртіпке сәйкес берілген тест сұрағының бірінші сатыдағы дұрыс жауабы «A» болсын, ал осы жауаптың жалғасы түрінде берілген сұрақтың дұрыс жауабын екінші сатыдан іздейміз, ондағы жауаптардың арасынан «A» жауапты толықтыратын тек «1» жауап, осындай әдіспен үшінші сатыдан - жауаптарды анықтаймыз. Осылайша тапсырманың толық жауабы анықталады.

Жауаптардың мұнан басқа варианттарының барлығы қате немесе толық болмау себепті саналмайды. Берілген жауаптар белгілі жүйе бойынша құралғандықтан студенттің берілген тақырыпты толық меңгергенін байқауға болады және жауаптың өте көп вариантының болуы оның кездейсоқ анықталмағанына кепіл.

Тест жасаудың дәстүрлі әдістері арқылы студенттің берілген есепті шығару әдісін немесе практикалық тапсырмаларды орындаудағы қолданған іс әрекетін, яғни студенттің логикалық ойлау қабілетін бақылау мүмкін болмайтын, жаңа әдіс бізге ондай мүмкіндік береді. Осы айтылған ойды тест жасауда қалай қолдануға болатындығын көрсетейік.



Массасы m = 60 кг дене Е=3 Дж радиоактивті сәуле жұтсын. Жұты-

лу дозасының мөлшерін анықта ?

Берілген тапсырмаға сәйкес студент дозаның сан мәнін, оны қандай физикалық өрнекпен есептегендігін, анықталған шаманың физикалық атауын, оның өлшем бірлігі туралы білімдер жүйесін білетіндігін анықтауымыз қажет. Осы талаптарды орындаған студент «Жұтылу доза» тақырыбын толық меңгерген деп қортынды жасаймыз. Аталған ойды іске асыру үшін тест жасаудың жаңа технологиясына сәйкес бұл түсініктер, өрнектер мен анықтамалар өз ара байланыста, бірге қаралуы керек. Соған сәйкес тест тапсырмасы мына түрде берілуі тиіс:




А. 0,05. Бұл шаманы мына өрнекпен.....

B. 5. Бұл шаманы мына өрнекпен.....

1 саты. C. 0,15. Бұл шаманы мына өрнекпен.....

D. 0,2. Бұл шаманы мына өрнекпен.....

E. 0,0008. Бұл шаманы мына өрнекпен.....
1. Dжұт = E/m анықтаймыз. Бұл шама...

2. Dжұт = m/Е анықтаймыз. Бұл шама...

2 саты. 3. Xжұт = q /m анықтаймыз . Бұл шама...

4. Hжұт = k· D анықтаймыз. Бұл шама.....

5. Pжұт = D/t анықтаймыз. Бұл шама....
N. жұтылу дозасы деп аталады, өлшем бірлігі....

K. экспозициялық доза деп аталады, өлшем бірлігі..

3 саты. L. эквиваленттік доза деп аталады, өлшем бірлігі...

F. жұтылу дозасының қуаты деп аталады, өлшем бірлігі....

H. экспозициялық дозаның қуаты деп аталады, өлшем бірлігі..

. Грэй деп аталады.

. Кулон/кг деп аталады

4 саты. . Рентген деп аталады.

. Грэй/сек деп аталады.

. Рентген/сек деп аталады.


Дұрыс жауабы: A, 1, N және . Тапсырма төрт сатылы, студент тек дозаның «сан мәнін» ғана анықтап қойған жоқ, сонымен қатар ол дозаның сан мәнін қандай физикалық «өрнекпен» анықтағанын, оның қандай «физикалық шама» екендігін және оның өлшем де көрсетті. Осы жауаптар студенттің жұтылу дозасы туралы толық теориялық білімі бар екендігін және оны қолдана алатындығының көрсеткіші, ал қазіргі кездегі қолданыстағы тест арқылы мұндай мүмкіндікке қол жеткізу мүмкін емес.

Берілген мысалда жауаптар вариантарының өте көп болуына байланысты, оның дәл жауабын кездейсоқ анықтау ықтималдығы өте аз.

Біздің ойымызша тест тапсырмалары 2 сатылы болғаны дұрыс, ал 3-4 сатылы тестке жауап беру күрделі болатынын ескеріп, оларды элитарлы оқу орындарына түсетін талапкерлерге, сонымен қатар магистранттарды, мемлекеттік қызметкерлерді іріктеуде қолданған жөн.

Тест қиындығына байланысты әр дұрыс жауап құны әр түрлі болуын қарастырған жөн. Мысалы, дәстүрлі «5 жауаптың 1 дұрыс» (n =1) тестің әр дұрыс жауабы үшін 0,5 балл деп есептелсе, онда жаңа әдіспен 2- сатылы түрде құрастырылған, қиындығы n =2 тең тестің әр дұрыс жауабы 1,0 балл болсын, ал 4 сатылы, қиындығы n =4 тест үшін әр дұрыс жауап 2,0 балл берген жөн сияқты.

Көп сатылы тестің негізгі артықшылықтары:



  • тақырыпты толық меңгерген студент қана тест сұрақтарына дұрыс жауап бере алады,

  • бүкіл тақырыпты бір тест тапсырмасына сиғызуға болады,

  • тест нәтижесі арқылы студенттің тақырыпты қаншалықты терең меңгергенін анықтауға болады,

  • тест тапсырмасын орындаудағы студенттің іс әрекетін, логикалық ойлау қабілетін бақылауға мүмкіндік береді,

  • тест сұрақтарын дайындауға «көнбейтін» қиын пәндер бойынша тест тапсырмаларын дайындауды жеңілдетеді,

  • тест тапсырмасының жауабын кездейсоқ анықтау көрсеткіші өте төмен.

Тест жасаудың осыған ұқсас түрлері де кездеседі, оған атақты тестолог В.С.Аванесовтың тізбекті тест жасау әдісін келтіруге болады, бірақ мұндай тест тізбектері бір бірімен қатаң байланыспаған, соның әсерінен тізбектегі бір-екі сұрақтарға қате берілген жауапқа қарамастан қорытынды баға оң нәтижелі болды [2]

Ярине, мұнан да басқа тест түрлері бар екендігін білемін және менің ұсынысым барлық талапарды қанағаттандыратын тест деген ойдан аулақпын.



Қолданылған әдебиеттер


    1. Байзаков У.А. Новая технология составления тестовых задании по методу Байзакова: многоступенчатый тест. // Вопросы тестирования в образовании (РФ). 2004, № 10. –С.35-41

    2. Аванесов В.С. Композиция тестовых заданий.-М.:Центр

тестирования, 2002. -240 с.
Резюме

Новая технология составления тестовых заданий на медицинские темы

Ү.Байзак, Б.Байзакова

В статье расмотрен недостатки тестов используемых в данной время и причины их возникновения. Автор считает, что тесты используемые в данное время в медвузах, не дает возможности полностью определить уровень знаний и практических навыков студентов. Следовательно, надо переходить на новый метод составления тестовых заданий, в котором должно быть устранены все вышее перечисленные недостатки. В связи с этим предлагается новая технология составления тестов на медицинские темы. В предлагаемом технологии, ответ на поставленный вопрос имеет продолжения в виде следующего вопроса и т.д. Таким образом в одном тестовом заданий можно уместить весь изучаемый материал. На такие тесты смогуть ответить только те студенты, которые полностью освоили заданный материал.

Ключевые слова: тест, новая технология, ступенчатый тест, студент, действие, логика, оценка.

Summary

New technology making test questions on medical topics

U.Bayzak, B.Baizakova

International Kazakh-Turkish University. A.Yasawi. Turkestan
The article is reviewed by deficiencies of tests used in this time and their causes. The author believes that the tests used at present in medical schools, makes it impossible to fully determine the level of knowledge and practical skills of students. Therefore, we should move to a new method of constructing test items which should be eliminated all these shortcomings. In this regard we propose a new technology making tests on medical themes. In giving technology answer to this question is to continue as the next question, etc. On such tests can answer only those students who have fully mastered the material specified.

Key words: test, new technology, a step test, a student, an action, logic, evaluation.

Мақала конференцияның «Инновациялық технолология» бағыты бойынша



дайындалған.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет