Түсінік хат Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі ережелеріне сәйкес еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сатысында таңдау курстары енгізілді



бет1/5
Дата06.02.2022
өлшемі29,21 Kb.
#79198
  1   2   3   4   5
Байланысты:
4 сынып сиқырлы бояулар үйірме


Түсінік хат
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі ережелеріне сәйкес еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сатысында таңдау курстары енгізілді. Жалпы білім беретін оқу орнының бастауыш сатысында «Көркем еңбек» пәні оқытылады. Осыған орай үйірме жұмысы оқушылардың қызығушылығы мен шығармашылық деңгейін қалыптастыру үшін жас ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыруға беріледі.
Бағдарламаның бағытталуы «Сиқырлы бояулар» көркем-эстетикалық бағыттағы үйірме жұмысы ұзақ мерзімде жүргізілетін бағдарлама болып есептеледі. Бастауыш буынның 2-4 сынып оқушыларына арналаған. Аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағатты құрайтын бағдарламада оқушылар бейнелеу өнері туралы терең білім ала отырып, іс жүзінде қолдана алуды меңгереді. Бағдарлама 1-4 сынып оқушыларына арналаған оқулықтарын, әдістемелік құралдарын негізге ала отырып дайындалды.
Сонымен қатар бағдарламада пішіндердің салыну заңдылықтары, түстермен жұмыстану, қылқаламмен және бейнелеу өнерінде қолданылатын басқа да құралдарымен жұмыс жасау, бояу түрлерін меңгере отырып, қолдану тәсілдерін оқып, үйренетін болады. Еліміздің танымал суретшілерінің жұмыстарымен танысып, суреттер бойынша талдау жүргізіп сақталған заңдылықтарды ескеруді меңгереді.
Бағдарламаның маңыздылығы берілген тақрырыптардың өмірмен байланысты болып келуінде. Қазіргі таңдағы тұлғаның шығармашылықпен жұмыстанып, сыни көзқараспен өз ойын тереңнен жеткізе алатындай болуы қажет екенін білеміз. Міне, осыны ескере отырып, мен өз бағдарламамда жаңа үлгідегі талаптармен жұмыстануды қажет ететін тұлғаға бағытталған жұмыс түрін ұсынғым келеді.
Қоршаған ортаның әсемдігін түсініп, көріп, мәдени көз-қарас қалыптасып, көркемдік-эстетикалық талғамын дамытып, еңбекқорлық және шығармашылық белсенділігін арттырып, мақсатқа жетуде табандылық, көмек көрсету, сонымен қатар, тұлғаның өзін-өзі дамытуға арналаған тақырыптар бойынша жұмыстануға бағытталған іс-әрекеттер жиынтығынан құралады.
Бағдарлама оқушыларға халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысуға, қолданылған әдістерді оқып-үйренуге, құрбыларының алдында өзінің шығармашылық жұмысын көрсете алып, өзіндік идеяның маңыздылығын түсініп, өзгеге және өзіне баға бере алуына мүмкіндік береді.
Оқушының абстрактілі, логикалық және эмоцианалды ойлау, көңіл бөлу, бағалау және елестету қабілеттері дұрыс бағытта дамыған жағдайда тәрбие процесінің оң нәтижесін көруге болады. Осы орайда бағдарлама тақырыптарымен жүргізілетін жұмыстар маңыздылығы ескерілді.
«Сиқырлы бояулар» үйірме жұмысы математика, дүниетану, әдебиеттік оқу пәндерімен байланыстыра отырып оқытылады.
Бағдарламаның басты мақсаты:
Бейнелеу өнері пәні бойынша оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, теориялық және тәжірибелік іскерліктерін шыңдау. Оқушыға әр нәрсенің құрылысын айқындап, бейнелеу, заттың көлемі, пішінін дәл беруге оқыту және әдіс-тәсілдерін игерту, көркемдік білім беру, бейнелеу сауаттылығын арттыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет