ОҚыту барысында белсенділікті арттырудың заманауи тәсілдерін қолдану



Дата25.08.2017
өлшемі334,56 Kb.
#27620
ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА БЕЛСЕНДІЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУ

Харабай Еркегул

Математика пәнінің мұғалімі

«Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен

коммуналдық мемлекеттік мекемесі»

Жамбыл ауданы, Алматы облысы

Тақырыбы: Оқыту барысында белсенділікті арттырудың заманауи тәсілдерін қолдану



Мақсаты:

  • шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға қалыптастыру;

  • білім берудің замануи үлгісін қалыптастыра отырып , білім сапасын көтеру;

  • өзін бағалай білу және өзгелердің ой-пікірімен санасуға, құрметтеуге басқаны бағалай білуге баулу;

  • әр оқушыны өз мүмкіндігінше дамыту;

  • оқушылардың жауапкершілігі мен қызығушылығын арттыру;

  • пікір айтуға, жаңаша ойлауға жағдай туғызады;

Өзектілігі:

  • Білім алушы оқып/үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетін жағдайлар жасалуы;

  • Оқушылар арасында ашық,еркін,шығармашылық қарым-қатынастың орнауы;

  • Оқушыларға білімді дайын күйде бермей,оны ізденуге бағыт-бағдар беруі;

  • Білімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетіндігін дәлелдеу;

  • Оқушыларды белсенді әрекеттерге баулып, олардың білім игеру әрекеттерін ұйымдастыру

  • Білім алушы оқып/үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетін жағдайлар жасау;

  • Алған білімдерін практикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешу деп қарастыруы;

  • Оқушыларға сыни және аналитикалық ойлау

дағдыларын қалыптастыру (күмәндану, ақпараттан әртүрлі мағынаны көре білу,өзіндік түсінікке ұмтылу,дәлелдеме келтіру).

Күтілетін нәтиже:

  • Пәндер бойынша неғұрлым тиімді әдістерін таңдау арқылы  сапалы  білімге қол жеткізеді;

  • Қазіргі қоғамға тән білім беру үрдісін ізгілендіру,нәтижеге бағытталған білім береді;

  • Озық ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігін  сабақ өту үрдісінде қолданады.

  • Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сабақтардың сапасын көтеріледі;

  • Мектепішілік іс-шараларға(Коучинг, Lesson study, Шеберлік сыныптары) қатыса отырып, мұғалімдердің кәсіби деңгейі артады;

  • Сабаққа SMART мақсат қоя алады;

  • Заманауи үлгіде сабақ жоспарын дайындайды;

  • Сабақтар бойынша өзара , өзі –өзіне талдау және кері байланыс жасай алады.

Табыс критерийлері:

- Мұғалімдер әртүрлі оқыту стратегияларын қолдана және топтық жұмысты тиімді ұйымдастыра отырып, оқушылардың білім сапасын арттыруы;

- Мұғалімдер ақпараттық –коммуникациялық технологиялар дағдыларын игеріп, оқытудың тиімді құралы ретінде пайдалануы;

- Жас мамандар өзінің білімін,ойлауын, тәжірибелік іс - амалдарының тиімділігін тәлімгерлік үдерісі арқылы жетілдіруі;

- Заманауи әдіс –тәсілдерді қолдану барысында өткізілген сабақтар нәтижесінде оқушылардың алған білімдерін тиімді жағдайларда іске асыруы;

- Lesson study бойынша зерттеу сабағын, коучингтер, Шеберлік сыныптарын өткізе отырып, мұғалімдердің кәсіби шеберліктерінің артуы;

- Күнделікті сабаққа қолжетімді мақсат қоя отырып, жаңа үлгідегі сабақ жоспарын дайындауы;

- Сабақты өткізіп қана қоймай,сабақ соңында талдау жасап, сабақ туралы рефлексивтік есеп жазуы;

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңарту мұғалімнің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек.Содықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияларын пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.

Білімнің дәрежесіне, кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздік нәтижесін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды, осы ретте Бірінші деңгей бағдарламасы мұғалімдерге әріптестерімен бірге жаңа тәсілдерді пәнге еңгізу үшін коучинг пен тәлімгерлік арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін дағдыларды ұсынады. Тәлімгер ретінде тренерді қалыптастыру үдерісі білім беру тәжірибесін жақсарту мақсатында ынтымақтастықтағы мектеп ортасында жүзеге асырылатын болады. /Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 37-бет,2013 ж/ Осы орайда мен мектеп тәжірибесін өзгерту үшін қандай әдіс тәсілдерді қолданатынымды алдын ала жоспарлап алдым. Көшбасшы ретінде өз жасаған жоспарым негізінде зерттеу жұмыстарын жүргізе бастадым. Бастабында неден бастаймын, қалай бастаймын деген үрейдің болғаны рас. Бірінші деңгей бойынша сертификатталған мұғалімдер мен деңгейлік бағдарлама бойынша курстан өткен мұғалімдердің «Даму» шығармашылық тобы құрылып, мектепті дамыту жоспарын жасадық . Ресурстарға сүйене отырып, мектептің бастапқы жағдайын анықтадық. Ол үшін мұғалімдерден, оқушылардан және ата –аналардан сауалнамалар алынып, сараптамалар жасалды. Осы сараптама негізінде мектептің оқу процесінде қандай проблема бар екенін анықтадық. Содан кейін әрқайсымыз өзіміздің көшбасшылық міндетімізді атқаруға кірістік.

Курстың идеясын таныстыру үшін өткізген әдістемелік семинардан соң біздің идеямызды жақтайтын, қызығушылық білдірген әріптестерімнің ішінен тәлімгерлік пен коучтер анықталды. Енді біз бірлесіп жұмыс жүргізетін топтарымыз арқылы зерттеу жұмысымыз басталды.

Құрылған шығармашылық топ мектепке өзгеріс еңгізу үшін алдарына деңгейлі бағдарламының 7 модулін және мектептің өзекті мәселесі болып тұрған бағалау жүйесін басты мақсат етіп алдық.



Мақсатқа жетуді және күтілетін нәтижелерді қалай жоспарладым?

  • Мақсатқа жетуді және күтілетін нәтижелерді анықтау үшін коучинг жоспарларымен тәлімгерлік жоспарларын дайындадық.Коучинг жоспарынының мазмұны төмендегідей болды. 1-ші коуч сессиясының тақырыбы: "Оқыту үдерісінде оқушылардың белсенділігін арттыруда топтық жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктерін айқындау және Оқыту үшін бағалау түрлерімен таныстыру " болды. Ондағы мақсатымыз аталмыш бағдарламаның басты идеясы топтық жұмыс болғандықтан, сыныпты топқа бөлу түрлері, топтың ережесін жасау, оқушыларды ұйымшылдыққа үйрету, бірін-бірі тыңдау, пікірлерімен санасу туралы егжей -тегжейлі мағлұматтар беру еді. Ол үшін коучингке қатысқан әріптестерімізбен тренингтер мен топтық жұмыстар ұйымдастырдық.

Коучинг сессиясына қатысқан әріптерімізге тізбектелген сабақтар топтамасын көрсете отырып, оқытудың заманауи әдіс тәсілерді қолданудың тиімдігін көрсетттік. Сабақтарымды өткізуде төмендегідей үрдістер орын алды.

Оқушыларға психологиялық ахуал орнату үшін әр сабағымда шаттық шеңберінде әртүрлі тренингтер өткіздім. Атап айтсақ, "Велосипед ойыны", "Доппен тілек", оқушыладың бойына рухани құндылықтарды сіңіру үшін бір-бірлеріне жақсы тілектер мен сәттіліктер тілеудің маңызы зор екеніе көз жеткіздім.

Өткен тақырыптарды қайталау барысында "Ыстық орынддық", "Қарлы кесек" стратегияларын және қолдандым және сөзжұмбақ шешкіздім. Ал үй тапсырмаларын тексеру кезінде "Үздік жауап" әдісін және өзара тексерту арқылы орындалды. Жаңа сабақты оқушылар өз беттерімен түсініп, өз таныстырылымдарын жасады. Бекіту кезеңінде оқулықтан тапсырмалар берілді. Сонымен қатар оқушылар өз деңгейлеріне байланысты деңгейлік тапсырмалар орындады. Сабақты қорытындылау үшін БББ стратегиясын қолдандым. Оқушыларды оқыту үшін бағалауда "Смаиликтер", "Басбармақ", "Бағдаршам" стратегиялары және жұптық, топтық, өзін-өзі бағалау түрлері қолданылды. Ал оқушы білімін формативті бағалау үшін табыс критеийі бойынша бағалауды пайдаландым. Оқушы білімін әділ бағалауда табыс критерийлері бойынша бағалаудың маңызы зор болды. Оқушылар өздерін дискрептор арқылы бағалады және жоғары балл жинау үшін тиянақты жұмыс жүргізуге тырысты.

Сабақта кездескен кедергілер алғашқы сабағымда оқушылар топтық жұмысқа дайын болмағандықтан оларды ұйымдастыруда және олардың бір-бірін тыңдауда, пікірлерімен санасуда қарама-қайшылыққа кездестім. Сонымен қатар топқа бөлінген кезде С есімді оқушының топ мүшелерін таңдауы яғни , бөлінген топқа отырғысы келмеуі. Ол оқушымен жеке сөйлесіп, бәрі бір сынып болғандықтан барлық оқушыға бірдей көзқараспен қарау керектігін айтып түсіндірдім.

Тізбектелген сабақтарымды өткізгеннен кейін талқылап, өзара пікір алмастық. Әр сабағымды өткеннен соң оқушылардан рефлексия алынды. Оқушылар өз рефлексияларында сабақтың ұнағанын жазған. "Топтық жұмыс жүргізуді ұйымдастыру барысында оқушылардың жауапкершілігін арттырады және оқушылар дискрептор арқылы әділ бағалайды екен. Бірақ жаңа сабақты түсіндіру барысында уақытты үнемдеу керек " деген тұжырымға келдім.

"Lesson study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады және іс әректтегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды. Lesson study -де ең бастысы "сабақты зерттеу" немесе "сабақты зерделеу" үрдісі болып табылады. Бұл үдеріс барысында оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында бір топ мұғалім бірлесіп оқушылардың оқу үдерісін зерделейді" /Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, "НЗМ"ДББҰ 2012 ж, 47-бет/" Осы теорияға сүйене отырып шығармашылық топ Lesson study бойынша сабақты 9-сыныптар арасында өткізуді жоспарладық. Геометрия сабағынан "Векторлардың скалярлық көбейтіндісі" тақырыбында Lesson study өткіздік. Lesson study-ді өткізбес бұрын жоспар дайындау, бақыланатын оқушыларды анықтау үшін шығармашылық топ "Дөңгелек үстел"-де талқыладық. Топ мүшелерімен ақылдаса отырып жоспар дайындадық. Осы орайда сыныптағы оқушылар туралы жан-жақты мәлімет алу үшін психолог пен сынып жетекшісімен кәсіби әңгіме өткіздік. Осылай А,В,С оқушыларын анықтадық. Және де кімнің қай оқушыны анықтайтынын белгіледік.



  • Сабақты алдымен 9а қазақ сыныбында мен өткіздім. Сабақтан соң топ мүшелері егжей тегжейлі талдап, оқушылардың іс-әрекетін зерттеу дің нәтижесін талдадық. Сабақтан аяқталған соң маған айтылған ескертпеден кейін, екінші мұғалім жоспарына қажетінше өзгертулер енгізді. Ол сынып бойынша алдыңғы үрдістер қайталанды. Сабақтар талданып, нәтижелері анықталды. Барлық үрдісті саралай келіп оқушылардың қажеттіліктерін, яғни қандай тапсырмаларды орындай алатына, сабақ үстінде немен айналысатынына көзіміз жетті. Алдағы уақытта бұл үрдіс жалғасатын болса, Жапониядағыдай Lesson study бүкіл мектептің қызметін үйлесімді етуге ықпал ету жолындағы оқушылардың құндылықтары жүйесі, атрибуттары және жеке қасиеттері тұрғысынан бағаланады / Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, "НЗМ"ДББҰ 2012 ж, 47-бет/"

Міне , бұл көрсеткіштер бірлескен жұмыстың нәтижесі. Олай болса, алдағы уақытта коучинг пен тәлімгерліктің жұмысын ары қарай жалғастырсақ, онда біз күткен нәтижемізге жетеміз деп ойлаймын.

Қазіргі таңда бірінші деңгей бойынша сертификатталған мұғалім ретінде көшбасшы ретіндегі қызметім: «Мен шәкірттерімді ешқашан да үйретпеймін; мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын»,- деп ұлы ғалым А.Эйнштейн айтқандай заманауи оқыту іскерлік пен ынтымақтастықты, оқушылардың мүдделері мен қызығушылығын, өзара сыйласымдылығын, бірлескен іс-әрекеттерге негізделеді. Сабақты жоспарлау кезінде сабақ кезеңдерін қолжетімді мақсат қойып, не үшін оқыту керектігін басты назарда ұстап, сабақ бойында жағымды психологиялық орта құрудың маңызы зор екенін басты назарда ұстаймын. Ол үшін сабақ кезеңдері төмендегідей болу керек :

І.Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Ой қозғау ІІІ. Мағынаны ашу

ІҮ. Кері байланыс

Ұйымдастыру кезеңі

1.Жағымды психологиялық орта орнату

2.Білімді игеруге деген қызығушылықты (мотивация, ынта, ұмтылыс) тудыру;

3.Білім игеруде үйренушілерді сәттілікке бағыттау;

4.Білім игеру процесін коммуникативтік процесс деп түсініп, бірлескен әрекеттерді қолдану.

1. Жағымды психологиялық ақуал орнату – әр сабақтың және жалпылама алғанда бүкіл білім игеру процесінің басты мақсаты, яғни:



  • үйрену процесіне қатынасушылардың әрқайсымен өзара сыйластық пен сенімге негізделген жеке қарым-қатынас орнатуға мүдделі болу;

  • әрбір оқушы мен бүкіл топ жұмысына көмек пен жәрдем жасау, қол ұшын беруге дайындық,әрбір пікірді тыңдай білу, оны сыйлау және онымен санасу;

  • жағымды (позитивті) және конструктивтік көзқарас ұстану, ешкімді де, ешнәрсені де (өзгенің пікірі мен көзқарасы) сөкпеу, даттамау;

  • жұмысқа әртүрлі тәсілдер мен құралдарды қолдану арқылы үнемі жаңалықтар енгізіп отыру;

  • шығармашылыққа негізделу, шығармашылық тұрғыдан қатысушылардың ашылуына мүмкіндік беру;

Жағымды психологиялық орта орнату – жақсылық пен ізгілік нышаны.Оқушылардың рухаи құндылықтарын бойына сіңіріп, өзар сыйлысымды орта қалыптастыру

2.Мотивация тудыру және қызығушылықты ояту түсінігі:

Мотивация - әр үйренушінің білімге деген қажеттілігі мен мұқтаждығы, құлшынысы мен ұмтылысы, ынтасы мен көңілі, қызығушылығы мен құмартушылығы, оның білім процесінде алдына қойған мақсаттары мен мүдделері.


  • мотивацияны тудырмай, қызығушылықты оятпай тақырыпты терең игеру мақсатына жету екіталай. Сол себепті қызығушылық тудырып, оны үнемі қолдап отыру керек;

  • әр тақырыптың басында «мен осы тақырып бойынша не білемін? Не білгім келеді? Бұл білім маған қалайша және қаншалықты қажет болады?» деген сұрақтарға жауап іздеу орынды;

  • сабақта алған білімдердің практикалық маңызына ерекше көңіл бөлу керек.

  • оқушыларды үнемі мақтап, қолпаштап, қолдап отыру керек;

  • мұғалім өзі де шабыттанып, сол көтеріңкі күйін оқушыларға көрсетуі керек;

  • сабақ барысында тұлға аралық қатынастардың дамуына ықпал жасау керек;

3. Сәттілікке бағытталу - өмірге оптимистік көзқарас қалыптастыру.

  • басты назарды жұмыстың сәтті шыққан жерлеріне аудару;

  • жіберген қателерді кемшілік ретінде қабылдамай, оларды үйренудің заңды көрінісі деп түсіну, қателерді түзетуді оқушылардың өздеріне тапсыру;

  • «сөйлеу» ұғымын «әңгімелесу» ұғымымен алмастыру, «ұстамды», «сабырлы» қарым-қатынастық тәсілдерді қолдану;

  • Әр оқушының атқарған жұмыстарының қорытынды нәтижелерінің сәтті шығатындығына сендіру, оларды өздеріне жеңімпаз сезімін қалыптастыруға ынталандыру;

4.Бірлескен топтық жұмыс – әрекеттесу, қарым-қатынас, бірлесе жұмыс істеу. Қарым-қатынас дегеніміз- өзімізді басқаларға бейімдеу, яғни өзгенің пікіріне, идеяларына, көзқарасына, мінезіне бейімделу.

  • қарым-қатынас жасау және өзара әрекет ету машығын дамытады;

  • топтың бағалық-бағыттаушылық бірлігін қалыптастырады;

  • жағдайға байланысты әлеуметтік рөлдер сменасының икемділігін кеңейтеді;

  • әр оқушыға өзінің қабілеттері мен ерекшеліктерін ашуға (көрсете білуге) жағдай жасалады;

  • оқушылар арасында еркіндік және сенім атмосферасы қалыптасады;

  • оқушылар топ жұмысында позитивтік, конструктивтік, шығармашылық қағидаларды ұстанады;

ІІ. Ой қозғау үдерісі – оқушылар өзінің ойын нақтылайды. Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстырады. Тақырыптың мазмұнын ашуда керекті тірек ұғымдардың мағынасына сын тұрғысынан талдау жасайды. Адам баласы жаратылысынан табиғатпен етене жақын өмір сүріп келеді. Адам өзіне қажеттісінің бәрін табиғаттан айналасындағы адамдардан алады. Табиғат адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктердің бастауы екендігіне ой толғайды. Мысалы , шексізсік, шеңбер, түзу ұғымдарының мағынасына терең мән беру керек екендігі .

ІІІ. Мағынаны ашу- жаңа мәліметпен, идеямен немесе жаңа мазмұнмен кез келіп қалғанда іске асады. Бұл кезеңде бірлескен топтық жұмыс пен тәжірибемен ұштасқан жұптық жұмыс жүзеге асады. Оқыту үшін бағалау жолға қойылады. Мұғалім бұл бағыт беруші ретінде жоғарғы дәрежелі сұрақтар қою арқылы тақырыптың мағынасын жан –жақты талқылап ашуға жағдай жасайды. Сонымен қатар оқушылар бірін- бірі толықтырады. Олардың көшбасшылық қабілеттері қалыптасады. Оқушылар арасында ынтымақтастық қарым қатынас орнайды.

Кері байланыс білімге және сабақтың жүргізілу барысына бағытталады.

Білімге кері байланыс сабақты бекіту яғни , оқушының сабақтан алған білімін тексеруге арналады. Онда оқушыға жеке тапсырмалар беріліп, оқуды бағалау жолға қойылады. Оқушының тақырыптан алған білімін тексеру үшін тест тапсырмалары, деңгейлік тапсырмалар беру тиімді болмақ.Жалпы сабаққа кері байланыс (рефлексия)- сабақтың соңында оның тиімділігі мен қандай дәрежеде өткендігі туралы оқушылардың пікірлері тыңдалады.

Оқушылар «Сабақ қалай өтті: қызық болды ма?», «Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды?», «Бүгін не үйрендіңіз?», «Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?», «Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді?», «Сабақтың өту барысы бойынша қандай пікірлеріңіз ,ұсыныстарыңыз бар?» деген сұрақтарға жауап береді.

Қолдануға тиімді тәсілдер: Ой қозғау, Т-кестесі, Болжау, Венн диаграммасы, Оңай және қиын сұрақтар кестесі,Ойлан, жұптас, пікірлес, Алдын-ала берілген атаулар,Үлкен шеңбер, Қос шеңбер, Еркін жазу, Білемін, білгім келеді, білдім, Дөңгелек үстел,Үш қадамды сұхбат,Топтық зерттеу, Бірін-бірі оқыту, Белгі қойып оқу,Эссе т.б.

Қазіргі білім жүйесіне еңгізіліп жатқан өзгерістердің бірі- желілік қоғадастық құру. Білім беру желілері арқылы мектептер арасында ынтымақтастық орнату ұлттық және халықаралық деңгейде қолдау тауып отырғаны белгілі. Бірақ Лейтвуд пен Левин (2004) білім беру желілері өздерінің жұмысы тиімді әрі сенімді екендігіне жұртшылықтың көзін жеткізу үшін өздерінің нәтижелеріне ерекше көңіл бөлу керек екендігін еске салады./Мұғалімдерге арналған нұсқаулық НЗМ. ДББҰ 2012 ж/

Көшбасшы мұғалімнің ең басты қызметінің бірі желілік қоғамдастық бойынша серіктес мектептермен бірлесе жұмыс жүргізу.

Жетекші мектептің кординаторы ретінде серіктес мектептер арасында тәжірибе алмасу үшін семинарлар ұйымдастырып, мұғалімдер арасындағы қарым –қатынастың нығаюына жол көрсете білдім. Өткен оқу жылында Серіктес мектептер арасында 4 семинар практикум өткізілді. Алдағы оқу жылында мұғалімдердің талап тілектерін ескеріп, өткен оқу жылында қамтылмаған мектептерде әртүрлі тақырыптарда семинарлар жоспарлануда.

Бір ұжым болып жұмыс істеу арқылы басқа мұғалімдер қолдаған жағдайда мұғалімнің жұмысы аса тиімді болмақ. Мектепті жақсарту мүмкіндіктерін дамыту негізінде алқалы қарым-қатынастар және ұжымдық тәжірибе жатыр. Күн сайын бірге жұмыс істейтін адамдардың арасындағы қарым-қатынас деңгейі бұл ұйымның ахуалының ең жақсы көрсеткіші болып табылатыны дәлелденген. /Нұсқаулық ,67-бет/Олай болса оқытудың сапасын жақсарту үшін замауи әдіс –тәсілдерді қолданудың тиімділігі жоғар екендігін аңғаруға болады.

Геометрия 8-сынып Құндылық. Ақиқат



Күні:

3.10 Сабақ №9

Сынып:

8-сынып

Пәні:

Геометрия

Сабақ тақырыбы:

Тіктөртбұрыш, ромб, квадрат және олардың қасиеттері мен белгілері.

Сілтеме:

Күнтізбелік жоспар; Геометрия оқулығы 8- сынып; Әдістемелік нұсқаулық;

Жалпы мақсаттар:

Төртбұрыштар, ромб, квадрат  және оның түрлері-мен,элементтері туралы түсінік алуға ықпал ету.Олардың қасиеттерін қолданып,теоремаларды дәлелдеу және есептер шығаруды меңгерту.

Білімділік. 1. тіктөртбұрыш, ромб, квадрат және олардың қасиеттері мен белгілерімен танысады ;

Дамытушылық 2. төртбұрыштардың қасиетерін пайдаланып есептер шығарады;

Тәрбиелік 3. ұйымшылдыққа, нақты шешім қабылдауға тәрбиеленеді;



Күтілетін нәтижелер:

1. тіктөртбұрыш, ромб , квадраттың анықтамасын біледі;

2. тіктөртбұрыш, ромб, квадрат және олардың қасиеттері мен белгілерін анықтайды;

3. тіктөртбұрыш, ромб, квадрат және олардың қасиеттері мен белгілерін қолданып есептер шығарады.

4. Төрбұрыштардың бір –бірінен айырмашылықтарын біледі.

5.Күнделікті өмірде фигуралардың қасиеттерін білудің маңыздылығын түсінеді.


Түйінді идеялар:

Әр адамның өзіне тән ерекше қасиеттері бар сияқты әр фигураның өзіне тән қасиеттері болады.

Орындалатын іс-әрекет










Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқыту әдістері

Ұйымдастыру

Оқушыларды Үшбұрыш, Төртбұрыш, Квадрат Шеңбер геометриялық фигураларын таңдау арқылы 4 топқа бөлу. Әр топтан өздері таңдаған фигураны неге таңдағаны туралы сұралады.



Үшбұрыш - жігерлі, өзіне сенімді, тез шешім қабылдайды, қажырлы тұлға, лидер. Шыдымды, тәуекелшіл.
Төртбұрыш - батыл, барлық құбылыстарға қызығушылық білдіреді. Әуесқой. суық тиіп ауруға және жарақаттануға деген беталыстары басым.
Шеңбер:
- тұлғааралық қатынастарда үйлесімділікке талпынушы, байланысқа түсуші, мейірімді, жанашырлыққа қабілетті, жомарт;
- танымал емес шешім қабылдауға тырысады, басшылықта демократиялы басшылық стилін ұстанушы;
- күн тәртібі майыспалы, қоғамдық жұмыстарға бейім;
- тума психолог

Квадрат: қайраткер, еңбекқор, ұйымшыл, дәл қатаң тәртіпті, үнемшіл



  1. Психологиялық ахуал орнату;

  2. Оқушыларға геометриялық фигураларды таңдайды

Оқушылар неліктен осы фигураны таңдағанын айтады


Оқушылардың ойын білгеннен кейін мұғалім өзі тестің мақсатын түсіндіреді.

Оқушыларды 4 топқа бөлінеді.

Фигуралардың суреттері бойынша

1-топ: Үшбұрыш

2-топ : Тіктөртбұрыш

3-топ: Квадрат

3-топ: Шеңбер



Шаттық шеңбері

Үй

тапсырмасын тексеру



Дайын жауап бойынша жұпта үй жұмысын тексеру

Жұптық жұмыс

Жұптық бағалау




Өткен тақырыптарды қайталау

  1. Төртбұрыш дегеніміз не?

  2. Төртбұрыштың қандай түрлері бар?

  3. Параллелограмм дегеніміз не?

  4. Параллелограммның белгілерін айт.

"Ыстық орындық"

Ой қозғау

Интербелсенді тақтадан үшбұрыш, тіктөртбұрыш , квадрат, ромб суреттерін көрсетіледі. Бұл фигуралар туралы не айтуға болады?

Берілген суреттер бойынша қай фигуралар ұқсас «ағайынды» немесе «туысқан»


Оқушылар өз ойларын ортаға салады

Оқушылар осы уақытта БББ кестесінің «Білемін» бөлігін толтырады.



АҚТ

Диалогтік оқыту

СТО


Мағынаны ашу

Жаңа тақырып

Топтарға тақырыпты бөліп беру


Оқулыққа жүгіну;

Постермен жұмыс.

1-топ: Ромб

2-топ: Квадрат

3-топ: Тіктөртбұрыш

4-топ.Сараптама тобы



ДЖИГСО әдісі

Инсерт түртіп алу стратегиясы:

СТО стратегиясы
Бағалау . Екі жұлдыз, бір тілек.


Тыныштық сәті

Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы, ауаны тұла бойларыңа толғанын сезінесіңдер. Біздің жүрегіміз қайырымдылыққа, адамгершілік құндылықтарға толы екенін сезінеміз. Енді көзімізді ашуымызға болады. Ендеше жүрегіміздің жылуын бізді қоршап отырған адамдарға арнап көрейік




Оқушылар мұғалімнің айтуы бойынша жаттығулар орындайды


Жағымды орта қалыптастыру

Оқулықтан тапсырма беру.

Жұптық жұмыс




Оқушылар жұпта тақырып бойынша берілген тапсырманы орындайды.

Тақтамен жұмыс.

Бағалау :

"Басбармақ "арқылы

Жұпта өздерін бағалайды.



Кері байланыс
№1

А) Квадраттың периметрі 28 см. Қабырғасын тап.

Ә) Тіктөртбұрыштың ұзындығы 5 см ені одан 2 есе қысқа периметрін тап.

Б) Ромбтың қабырғасын екі есе арттырсақ, периметрі қалай өзгереді.





Деңгейлік тапсырмаларды орындайды

1-нұсқа

№2 В.деңгейі

А) Тіктөртбұрыштың қабырғаларының қатынасы 2:5 қатынасындай, периметрі 42 см болса, қабырғаларының ұзындықтарын тап.

В) Ромбтың қабырғасымен диагоналінің арасындағы бұрыш 350-қа тең болса, ромбтың бұрыштарын тап.

Өзара бағалау



Рефлексия

БББ кестесін толтырады

Өзін -өзі реттеу

"Шығу билеті"












Бағалау

Табыс критерийлері -бойынша өзіңді бағала.

    1. Тіктөртбұрыш, ромб, квадраттардың анықтамасы мен қасиеттерін білемін;

    2. Топтық жұмысқа өз үлесімді қостым

3. Фигуралардың қасиеттерін қолданып, есептер шығара аламын.

4. Деңгейлік тапсырманы өз деңгейімде орындадым



Жинақтау бағалары

Үйге тапсырма

Тіктөртбұрыш, квадрат, ромб туралы мәліметтер жина

АҚТ









Қорыта келе, оқыту үрдісінде замануи әдістерді қолдану мақсатқа жетудің нақты жолдарын көрсетеді:



  • Топтық жұмыс арқылы басқалармен тиімді қарым-қатынас құруды

  • Жауапкершілікке (өз бетімен білім алуға)

  • Ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасауды

  • Шешім қабылдауға және қиын мәселелерді шешуді

  • Өз ойы мен пікірін дәлелдеуді

  • Ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдауды қалыптастырады.

Мұғалім – «білім көзі» емес, ол – оқушыны шығармашылық жұмысы мен еңбегінің бастамашысы, ұйтқысы, оқушының білім алудың белсенді әрекеттеріне ынталандырушы, оқушының үйрену процесіндегі серігі әрі үлгі тұтар тұлғасы.

Деңгейлік бағдарламаның идеясы негізінде атқарған жұмысыма төмендегідей SWOT талдау жасадым.



Күшті жақтары

  • Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру

  • Бағалау үрдісіне қатысуына ықпал ету

  • Оқудағы ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалану дағдыларын нығайту

  • Өзін-өзі реттеу, сыни тұрғыдан талдау қабілеттерін дамыту

  • Ынтымақтастық ортада оқушы мен мұғалімнің бірлесе жұмыс жүргізу

  • Өз пікірін айту және өзгені тыңдай білуі

  • Мұғалімдердің кәсіби деңгейінің көтерілуі;

  • Оқыту үрдісінде бағдарламаның 7 модулін кіріктіре отырып, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру;

  • Сабаққа SMART мақсат қойып, сабақ кезеңдеріне, күтілетін нәтижемен байланыстыру;

  • Нәтижеге бағытталған жұмыс жүргізу

  • Мектепті дамыту жоспарына ата-ананың қатысуы;

Әлсіз жақтары

Оқу озаттары мен екпінді оқушылардың өз уақытын үлгерімі төмен оқушыға арнауы яғни топтық жұмыста үнемі көшбасшылық көрсетеді, соның салдарынан өзінің білім алуына әсерін тигізеді;

Бағалау кезеңінде әртүрлі тапсырмаларды дискрептор және критерий бойынша бағалау




Қауіп
Үлгерімі төмен оқушылардың үнемі жақсы оқитындардың ықпалында болуы; басқаша айтқанда жақсы оқитын оқушының арқасында бағалануы;

Мүмкіндіктер



  • Мұғалімдердің кәсіби шығармашылығын арттыру,

  • іс-тәжірибелерімен алмасу мақсатында сабақта зерделеу әдісін ұйымдастыруды жолға қойылуы;

  • Оқушы алып жатқан білімінің өмірде қажеттілігін түсінуі;

  • Функционалдық дамыту жолдары;

- Әріптестерге кәсіби желілік қоғамдастық , коучинг, менторинг, Lesson Study арқылы табысты оқытуға бағытталған қолдау көрсету

- Оқушылардың өзін-өзі реттеуге, нақты бағалауға, сыни тұрғыдан ойлауға, АКТ-мен сауатты жұмыс жүргізуге, көшбасшылық танытуға ықпал ету



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, "НЗМ"ДББҰ 2012 ж,

  2. «Жалпы білім беретін мектептерде оқу тәрбие процесін ұйымдастырудың әдістемелік ұсынымдары». Астана, 2006 ж.

  3. Интернет желісі



  4. Геомтрия 8-сынып оқулығы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет