Бастауышта оқыту мазмұнын жаңарту
жұмысын жаңа тұрғыда ұйымдастыру
«Бастауышта оұыту мазмұнын жаңарту жұмысын жаңа тұрғыда басқару жолдары» тақырыбында көптеген дәрістер алып жатырмыз. Бұл дәрістерден:
1.Оқыту мазмұнын жаңарту жағдайларындағы мұғалімнің іс-әрекеті
2.Білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру жолдары.
3.Мұғалімнің ғылыми әдістемелік деңгейін көтеру т.б көкейкесті мәселелердің жауабын алып, өз іс-тәжірибемде әріптестерімнің білім мазмұнын жаңартудағы іс-тәжірибелерін оқып-үйреніп, оны әдістемелік жұмысымда қолдану, оқу –тәрбиелік үрдісті басқарудың өзім қолданып жүрген түрлеріне тоқталғым келеді. Сонымен, біз оқушылардың білім-білік дағдыларын дамыту үшін оқыту мазмұнын жаңарту жұмысын жаңа тұрғыда ұйымдастыру үшін не істеуіміз керек?
Білімді тұлға шығару сабақ сапасынан. Сабақ дегеніміз-оқытуды ұйымдасырудың басты формасы. Жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргенін меңгеріп қана, мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді, оқушы рөл атқарушы ғана емес, жетекші бағытты ұстайды. Белгісізді анықтауға өзі жауап іздейді, шешімдерді де әр түрлі болады. Мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс қалыптасады, бірлік одақта қызмет істейді. Оқушыларды қажеттілікте оқу күшін жұмылдырып, танымдық материалдарды түрлі мазмұнда сапалы игеруі және теориялық-танымдылық пен практикалық оқудың маңыздылығына, тереңдігіне, тұрақтылығына байланысты қиындықтарды жеңу мақсатындағы оқыту әдістерінің мазмұны спецификалық интеллектуалдық құрал болып табылады. Сондықтан да бастауыш класта оқушылардың оқу әрекетін жедел басқаруды ұйымдасыру құралы ретінде, сабақта компьютерді пайдаланудың тиімділігі бар екендігіне тоқталғым келеді. Оның артықшылықтары мынадай:
1.Әр оқушы өз қарқынмен жұмыс істеуге үйренеді.
2.Уақытты үнемдейді.
3.Мұғалім бақылаушыдан кеңесшіге ауысады. Ана тілі, Қазақ тілі, математика сабақтарында тарауды бекіту, қайталау, білімді тиянақтауда оқушылардың компьютерді пайдалана отыра, өзіндік жұмысын тез және қарқынды ұйымдасыруға болады. Мысалы: Қазақ тілінен әріпті қой, керекті сөздерді қолданып сөйлем құра, өлеңді, әңгімені жалғастыр тапсырмаларын өз бетінше, бір-біріне бөгет жасамай орындауға тырысады. Мұндағы мұғалімнің негізгі мақсаты оқушылардың қатесіз, сауатты жазуын қадағалау. Ана тілі сабақтарында мәтін бөліктеріне ат қойғызу, сурет салғызуға, логикалық сипаттағы ойындарды пайданалану тиімді. Компьютерді пайдаланып сабақ өткізу мектепте мынадай міндеттерді жүктейді:
1.Оқушылардың компьютерік сауаттылығын ашу
2.Оқыту, тәрбиелеу үрдісіндегі ақпараттық алмасу сипатын анықтау.
3.Дайын бағдарламаларды қолдана білу шеберлігін арттыру.
4.Ойлау қабілетін дамыту.
5.ЭЕМ –нің мүмкіндіктерін пәндік материалды меңгеруде қолдана білуге үйрету.
Компьютерді сабақта қолдану нәтижесінде оның ұтымды тұстарын айтпай кетуге болмайды:
-Сабаққа деген құлшыныс пайда болады.
-Оқушылардың өздігінен тапсырма орындауға деген талпынысы пайда болады. Мысалы: Қазақ тілі сабағында Морфологияны қайталау, пысықтау, мәтінді оқыту барысында талдау, білімді қорытып еске түсіру кезінде пайдалансам, тест тапсырмалары арқылы дұрыс жауапты белгілету арқылы білімдерін тексеруге болатынын байқадым.
1.Дұрыс жазылған жауапты тап:
А) бойайын ә) бояйын б) бойяйын
2. «Жұмған аузыңды ашпау» деген тұрақты тіркестің мағынасын тап:
А) Шыңғыру ә) тіл қатпау б) сөйлеу
Мәселен, «Зат есімдердің септелуі» тақырыбын өткенде блокты сызба үлгісін қолданған дұрыс. Мұнда септіктердің жанындағы сөз тек атау тұлғада ғана тұрады.
Осы блокты сызбаға қарап отырып, оқушы орны ауыстырылған жалғауларды өз бетінше табуы керек. Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау керек. Оқушылар оқу әрекеті барысында жаңа техникаға жақын болып, оны пайдалана білулері керек. Бастауыш классоқушысының құлшынысы мен белсенділігі өте жоғары болғандықтан, пәндер арқылы баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етемін. Тақырып мазмұнына байланысты сабақ үрдісін басқару мен түрлендіріп өткізуге назар аударамын. Неге? Неліктен? деген проблемалық сұрақтар қою арқылы оқушыларды ізденіске бағыттап, дәлелдетіп, өз ойын жинақтауға бағыттаймын. Оқушыны қорытынды жасауға өзгеше бір тың пікір айтуға жетелеу, ой қайшылығын тудырып, дұрыс ой қорытуға дағдыландыруға көп көңіл бөлемін. Математика сабақтарының бүкіл құрылымы проблемдік сипатта болғандықтан, оқушылардың есеп шығаруы кезінде,кесте, өрнек бойынша есеп құрастыруда, кері есеп құрастыру арқылы оқушылардың ой –өрісін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге машықтандырамын. Қазіргі кезде ғылым мен техниканы даму деңгейі әрбір оқушының сапаы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Осындай ерекше мәнге ие болып отырған кезде бүгінгі мектеп алдында оқушыларға білім берумен қатар, олардың ақыл-ой белсенділігін, шығармашылық іс-әрекетін дамыту мәселесі тұр. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеті мен ізденпаздық дағдыларын қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, жалпылай алу, дедуктивті ойлау, логикалық икемділіктер-салыстыру, талдау, жинақтау, жүйеге келтіру математика пәнін оқытудың өн бойында жүзеге асыруға болатын мүмкіндіктер өте көп екендігіне тәжірибемде көз жеткіздім. Оқушылардың шығармашылық есептерді шығаруы мен оның мүмкін нәтижелерін алудағы сұранысы оның шығармашылық іс-әрекетке талпынысын туғызатынын байқадым. Бастауыш класс оқушыларының қабілеттері екі түрлі жағдайда дамитындығына көзім жетті:
1.Кез келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгіжинақтаған тәжірибесін меңгертуге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды. Білім, білік, дағдыны қабылдайды.
2.Кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы: ол баланың өзін-өзі қалыптасуына өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдер іздейді. Проблеманы өзінше жаңаша шешуге талпынады. Оқушылардың белсенділіктерін арттырып, қызығушылығын тудыру үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мынадай:
1.Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру
2.Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу.
3.Мәтін мазмұнын өндеу.
4.Әңгіменің ұқсастығын салыстыру.
5.Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру.
6.Өлең шумақтарын құрастыру.
Сондықтан да бастауыш та оқыту мазмұнын жаңарту жұмысын жаңа тұрғыда ұйымдастыру жолдары, шарттар мен қолданылатын жұмыс түрлерін төмендегідей етіп, жинақтап көрсетуге болады деп есептеймін:
1.Берілетін білім мазмұны мен оқушының жас ерекшелігінің сәйкестігі.
2.Берілетін білім мазмұнының қызықты болуы.
3.Оқу әрекеті мотивінің, міндет, мақсатының айқындығы.
4.Мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен мәдени құзырлығының жоғары болуы
5.Оқушылардың мінез-құлық қабілетінің ескерілуі.
6.Оқушылардың шығармашылық және өз бетінше жұмысының тиімді ұйымдастырылуы.
7.Оқытудың көрнекілікке, бақылау әрекетіне негізделе жүргізілуі.
8.Дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі.
9.Проблемдік ситуация тудыра оқыту тиімділігі.
10.Ерік-жігер, жауапкершілік борыштық сезімін тәрбиелеу.
11.Сабақ құрылымының әр түрлілік сипатта болуы. Мұғалім оқушыларды оқытып қана қоймай, оларды тәрбиелеумен айналысатын белгі.
Достарыңызбен бөлісу: |