Саудағалиева Бибізада Ізетқызы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы



бет1/2
Дата24.04.2017
өлшемі137,95 Kb.
#14595
  1   2
Саудағалиева Бибізада Ізетқызы

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің

химия пәні мұғалімі
Сабаққа қойылатын өмір талабы мұғалімнен зор шеберлікті талап етеді. Мұғалім оқушы ізденісіне, пәнге қызығуына жол ашатындай іс-әрекеттерді таңдап алып, шығармашылықпен жұмыс істеуін үнемі назарда ұстаған жөн. Сонда ғана белгілі бір білім саласы бойнша тиянақты білім қалыптасады, өзіндік ойын сауатты жеткізе алады және өз бетінше анализ-синтез жасауға талпынады.
Сабақтың тақырыбы: Алкиндер.Алкиндердің құрылысы.

Изомерлері мен атаулары


Сабақтың мақсаты: Көмірсутектердің жаңа түрімен таныстыру
Білімділік: Органикалық қосылыстардың құрамындағы химиялық

байланыстың заттың құрылысына байланыстылығы туралы

білімдерін қалыптастыра отырып, оқушылардың өз бетінше

жауап беру біліктілігін жетілдіру.



Тәрбиелік: Химия пәні талап ететін ұқыптылыққа,ұйымшылдыққа ,

жауапкершілікке тәрбиелеу.



Дамытушылық: Қаныққан көмірсутектерді біле отырып алкин,оның қарапайым

өкілі ацетиленнің құрылысы,изомерлері және атауына

байланысты жаңа ұғымдарды қалыптастыру ,заттармен жұмыс

істей білу дағдысын және тапсырмалар арқылы

шығармашылық қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: Этан,этилен,ацетиленнің құрылысы бейнеленген кестелер

Ацетиленнің құрылысына арналған слайдтар,үлестермелі

материалдар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру сабағы
Сабақтың жүру жоспары: І.Ұйымдастыру

ІІ.Қызығушылықты ояту

Арнайы сұрақтар арқылы өткен көмірсутектер туралы білімдерін тиянақтау және қайталау.



  1. Органикалық қосылыстардың негізгі түрлерінің қайсысымен таныспыз?

Көмірсутектер


Қаныққан қанықпапаған

метан этилен диен ацетиелен


2.Танысқан көмірсутектердің негізгі өкілдерін атап,онда химиялық байланыстың қандай түрі кездесетінін атаңыз?

3. Алкан,алкен,диен көмірсутектердің атауларының негізгі ерекшелігі неде дееп ойлайсыңдар? Атауларды қорғап шығу

4.Қаныққан көмірсутектер деп аталуы неге байланысты?

5.Қанықпаған көмірсутектерге нелер жатады?

6.Байланыстың қандай түрімен таныспыз?

7.Гибридтену дегеніміз не және оның қандай түрін білеміз?

8. Төменде берілген сызбаны химиялық тілмен сауатты қорытындылап айтып беріңіз.

(Этан,этилен,диен көмірсутектері туралы сызбалар)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Мағынаны тану кезеңі

Төменде берілген заттардың ішінен бұрын өткен көмірсутектер класының ешқайсысына жатпайтын заттарды табыңдар:


1. СН3 – СН3

2. СН2 = СН2



3. СН ≡ СН

4. СН2 = СН - СН = СН2


Оқушылар осы кезге дейінгі көмірсутектердегі химиялық байланыстарды,олардың ерекшеліктерін біле отырып құрамында үш байланыс бар көмірсутектермен танысамыз. Алғашқы өкілінің формуласын біз анықтап білдік. Формулаға қарап отырып мағынаны тану үшін өздерін осы қосылыстардың жалпы формуласы,аталуы,байланыс (σ және π ) түрі, жұрнақшаныі атауы туралы не айта аласыңдар?

1. Ацетиленнің формуласы С2Н2

Электрондық формуласы және құрылымдық формуласын жазып шығамыз.

2.Жалпы формуласы - СпН2п-2

3. Алкиндерге атау беру: - ин жұрнағы

4. Физикалық қасиеті – түссіз,улы,суда аз ериді,ауада жеңіл. Мr= 26, ауада оттекпен жанғанда копарылыс береді.

5.Құрылысы: Әрбір көміртек атомы екі атоммен байланысқан. Ацетиленнің құрылысын sp– гибридтенумен түсіндіруге болады.

Яғни әрбір көміртегі атомының 1s және 1p электроны гибридтенуге қатысып,нәтижесінде 2 гибридті бұлт түзеді,бұрыш шамасы 1800,молекула пішіні сызықтық.



Ацетилен молекуласында көміртек атомдары sp-гибридизация күйінде болады. Бұл көміртектің әрбір атомы өстері бір сызықтың бойында бір біріне 180° бұрышпен жататын екі гибридті sp орбиталдары болатынын және қалған екі p- орбиталдардың гибридтенбей қалатынын көрсетеді.


Ал гибридтенуге қатыспаған әрбір көміртегінің 2 р электроны 2π байланыс түеді. Сондықтан ацетиленнің молекуласында 3 σ және 2π байланыс болады.




1 сурет 2 сурет

а) σ- байланыстың түзілуі б) π- байланыстың түзілуі

Алкиндерге жүйелеу номенклатурасы бойынша атау беру үшін:

А) ұзын көмертегі тізбегі алынады

Б) қай жаққа үш байланыс жақын сол жақтан бастап көміртегі атомын нөмірлейді

В) тізбектегі көміртек атомының санына байланысты –ин жұрнағы жалғап, үш байланыс орналасқан көміртек номері және радикал көрсетіледі.
Мысалы : пентин-1, пентин -2, 2, метил пентин-1

1. СН3 –СН2- СН2 - СН2 – С ≡СН 4. СН3 – С ≡ С – С Н2– С Н2– СН3

гексин-1 гексин-3

Изомериясы.



Оқушылар егер алкиндердің изомериясы алкендер мен диендердің изомериясына ұқсас болса,қандай тұжырымға келер едіңіздер?


  1. көміртегі қаңқасына

  2. үш байланысқа байланысты болады.

ІV. Ой-толғаныс. Салыстыру стратегиясы. Венн диаграммасын құру

Ортақ белгі : Екеуі де қанықпаған көмірсутектер


Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет