· құрамы химиялық формуласына



Дата15.12.2022
өлшемі16,76 Kb.
#162951
Байланысты:
Документ6


12 билет

  1. ТИТРЛЕУДІҢ ЭКВИВАЛЕНТТІК НҮКТЕСІ ЖӘНЕ СОҢҒЫ НҮКТЕСІ

Титрлеу арқылы химиялық реакцияның аяқталған кезеңін, дәлірек айтқанда эквивалент нүктесін анықтайды. Титранттың теориялық есептелген саны қосылған кездегі нүктені тирлеудің эквиваленттік нүктесі дейді. Тәжірибе өте ұқыпты жүргізілген кезде титрлеудің соңғы нүктесімен эквиваленттік нүктесі сәйкес келуі керек, ал практика кезінде олар әртүрлі жағдайлармен бір-бірінен аздаған айырмасы болады. Титриметриялық жұмыс үшін титрлеудің ең маңыздысы сол соңғы нүктені анықтау. Эквивалент нүктесін әдетте, индикаторлардың түсінің өзгеруімен немесе электр өткізгіштігін өлшеу және басқа да әдістер көмегімен анықтайды. Титрлеуге кететін титранттың көлемі өте мұқият өлшенілуге тиіс. Эквивалент нүктесін тапқан соң титрлеуді тоқтатады. Реакцияға кеткен титранттың көлемі мен концентрациясы бойынша анықталатын заттың мөлшерін есептейді
2)БІРІНШІЛІК СТАНДАРТТАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА КОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Титрленген ерітінділердің 2 түрі болады: стандартты (дайындалған) және стандартталған (анықталған).Стандартты ерітінділерді дайындау үшін заттың дәл өлшемесін көлемі белгілі өлшегіш колбада ерітіп, сосын титрін есептейді. Мұндай ерітінділерді тек стандартты заттардан дайындайды. Стандартты заттар шектеулі, оларға келесі талаптар қойылады:
· өте таза болуы керек;
· құрамы химиялық формуласына дәл сәйкес болуы керек;
· ауада сақтағанда құрамы өзгермеуі керек.
Стандартты заттарға мына заттар жатады: Na2B4O7•10H2O‚ K2Cr2O7‚ H2C2O4•2H2O, NaCl.
Кейде стандартты ерітіндіні фиксаналдан жасайды. Фиксанал (немесе стандарт-титр) деп ішінде құрғақ зат немесе ерітіндінің дәл мөлшері бар заводта дайындалып, аузы бекітілген шыны ампула. Фиксаналдың ішінде стандартты емес те зат болуы мүмкін.Стандартталған ерітіндіні концентрациясын жуықтап дайындайды, сонан соң оны стандартты ерітіндімен титрлеп, концентрациясын дәл есептейді. Мұндай анықтауды стандарттау деп атайды.
Қазіргі кезде стандартты және стандартталған ерітінділерді сәйкесінше біріншілік және екіншілік стандарт деп атайды
3)ФИКСАНАЛДАР
Фиксанал - бітеу шыны ампулада сақталатын (әдеттегі мөлшері 0,1 моль) химиялық заттар. Бұл заттар титриметриялық талдауда қолданылатын белгілі концентрациядағы ерітінділер дайындауға арналып, қатты да, сұйық та болуы мүмкін. Фиксаналдан ерітінді дайындау кезінде оны өлшеуіш құтының үстіне қойылған сүзгіде арнайы шыны ұрғышпен ұрып сындырады. Құтыдағы фиксаналға су қосып, белгілі көлемге жеткізеді. Алынған ерітіндіні титрант немесе басқа титранттың концентрациясын анықтау үшін қолданылады. Фиксанал ретінде қымыздық қышқыл, тұз қышқылы т.б. алынады. Бұл қосылыстар өте таза, бөлме температурасында тұрақты және ауадағы ылғал мен көмірқышқыл газын адсорбцияламауы қажет.Фиксанал ретинде көбінесе мыналар пайдаланылады:KMnO4,K2Cr2O7,HCl,AgNO3.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет