Сабақ тақырыбы: Элемент, қоспалар және қосылыстар. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



Дата08.02.2022
өлшемі21,82 Kb.
#124531
түріСабақ
Байланысты:
7-2 сабақ план
МУЗЫКА 2 СЫНЫП ҚМЖ .1-тоқсан.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
7.1А Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар

7-сынып Химия

Мектеп: № 1

Күні:

Мұғалімнің аты – жөні: Серикова М.А

Сабақ тақырыбы: Элемент, қоспалар және қосылыстар.



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.4.1.1 элементті бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсіну
7.4.1.2 таза заттың құрамы тұрақты екенін білу

Сабақ мақсаттары

  • таза заттар не екенін біледі.

  • жай зат, қоспаны ажырата алады.

  • қосылыстарды біледі..

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Жетістік критерийлері

-"элемент" ұғымын атомдардың бірегей түрі деп түсінеді;
- жай зат, қоспа және қосылысты ажырата біледі;



Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, 6 сынып, дүниетаным

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, видеокөрсетілім

Бастапқы білім

Дүниетану сабағынан: Таза зат, қоспа, күрделі зат.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы



Амандасу.
Сабақтың мақсаты, жетістік критерийлерімен таныстыру
Сабаққа қойылатын талаптарды анықтап алу.
Химиялық элемент жөнінде Д.И. Менделеев кестесі бойынша түсіндіру.
«Элемент» ұғымы атомдардың белгілі бір түрі екенін жаздыру.
Заттардың жіктелуі:
Заттарды екі топқа жіктейміз: біріншісі таза заттар екіншісі қоспалар.
Таза заттар 2-ге жіктеледі: элементтер және қосылыстар болып, сол сияқты қоспаларда 2- ге жіктеледі: біртекті және әртекті болып.
Енді, әрқайсысына жеке-жеке тоқтала кетейік.
Таза заттар – бірдей заттардың бөлшектерінен тұрады, ал қоспалар - әр түрлі заттардың бөлшектерінен тұрады.
Элементтер – жай заттардан тұрса, қосылыстар жай зат және күрделі заттардан тұрады.
Біртекті немесе гомогенді қоспалар деп микроскоптың көмегімен көрінбейтін, қоспанын құрамында кездесетін заттардың бөлшектері. Мысалы: берілген суретте көріп отырғандай ас тұзының судағы ерітіндісі.
Әртекті немесе гетерогенді қоспалар деп микроскоптың көмегіменде, көзге де көрінетін қоспаның құрамында кездесетін заттардың бөлшектері. Мысалы, бор қышқылының судағы ерітіндін.сонымен берілген мысалдарға қарап, қосылыстар дегеніміз не? Қалай ойлайсыздар? (оқушылардың ойларын тыңдау).
Яғни, химиялық қосылыстар химиялық реакциялар көмегімен алынады. Қандай жолмен және қандай жағдайда алынса да таза химиялық қосылыстардың сандық және сапалық құрамы тұрақты болады. Мысалы, натрий хлориді, кальций карбонаты тағы басқа осындай химиялық қосылыстар болады.
Оқушыға сұрақ :
Темір мен күкіртті қоспадан бөліп алуға бола ма? (оқушының жауабы)


1-тапсырма.
Таза заттар мен қоспаларды бөліп жаз: тіс пастасы,лимон шырыны, парафин, дистилденген су, сынап, болат, қант, топырақ, күкірт, йод тұндырмасы, мұз.









2-тапсырма.
Біртекті және әртекті қоспаларды бөліп жаз: тұман, топырақ, газдалған су, түтін, сүт, гранит, кола, бұлақ суы, тіс пастасы, теңіз суы, 583 сынамалы алтын.







Үй жұмысы: «Элемент», «Қоспа», «Қосылыс» топтарына сұрыптау жасау

PowerPoint презентация слайдтары

Презентация





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет