Сабақтың тақырыбы: Заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу. Сілтеме



Дата23.08.2017
өлшемі66,29 Kb.
#24993
түріСабақ
Атырау қаласы, Бесікті орта мектеп-интернаты санатты физика пәні мұғалімі

Туретаева Ақжан Әлмуратқызы



Пәні

Физика

Сыныбы

8 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу.

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар, әдістемеліктер

Сабақтың мақсаты:

Заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептей білу

Оқыту нәтижелері

Заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін қолданып есептер шығарады.

Әдіс-тәсілдер, модульдер

Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқыту және оқу үшін бағалау. Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту. Жеке жұмыс. Жұппен жұмыс. Топпен жұмыс.

Дереккөздер

Оқулық, интербелсенді тақта, үлестірмелі карточка.

Тапсырмалар

  1. Үй тапсырмасын тексеру

  2. «Ой қозғау» (Сұрақ-жауап)

  3. «Қызығушылықты ояту» (Еркін талқылау)

  4. «Ой толғаныс» (Тез ойлан)

  5. «Ой сергіту» (Сергіту сәті)

  6. «Ой шыңдау» (Есептей білейік)

  7. «Ой қорыту» (Сәйкесін тап)

  8. Қорытынды

  9. Кері байланыс

Сабақ кезеңдері

Оқыту модульдері мен әдіс-тәсілдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресустар

Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу

Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық. Оқушыларды түгендеу, топқа бөлу

Мұғаліммен амандасады. Оқушылар топқа бөлінеді.

Интербелсенді тақта.
Слайд

Үй тапсырмасын тексеру

АКТ

Үй тапсырмасын тексеру

Әрбір топ басшысы топ мүшелерінің есептерін тексеріп,қорытындысын айтады

Интербелсенді тақта

Слайд


Ой қозғау
Білу

Жеке оқушымен жұмыс

Өткен тақырып бойынша сұрақтар беру

Сұрақ жауабын білген оқушылар жеке тұрып жауап беру

Интербелсенді тақта

Қызығушылықты ояту
Түсіну

Топпен жұмыс

АКТ


Еркін талқылау
Неліктен суық бөлмеде ең алдымен аяқ тоңады?
Бірдей жағдайларда күн сәулесі түсіп тұрған сортаң және қара топырақтың қайсысы жақсы жылынады? Неліктен?
Неліктен мұнай базаларында сұйық отындарды сақтауға арналған бактарды куміс сырмен сырлайды?

Өзара достық қарым-қатынас құра отырып, бірігіп тапсырма орындайды.

Тапсырмалар жазылған парақшалар.

Ой толғаныс
Қолдану

Жеке оқушымен жұмыс

АКТ


Тез ойлан...
I. 5 кал неше джоульға тең?
II. 29,4 Дж неше калорияға тең?
III. 6789 Дж неше килоджоульға тең?

Өзара достық қарым-қатынас құра отырып, бірігіп тапсырма орындайды.

Интербелсенді тақта. Слайд

Ой сергіту

Жеке оқушымен жұмыс

Сергіту сәтін орындайды.

Сынып қыздары ұл балаларға арнап математикаға қатысты сөздерді қолданып тілек білдіреді

Парақшалар, Интербелсенді тақта

Ой шыңдау
Талдау

Жұптық жұмыс

АКТ


Есептей білейік
I.Қандай жылу мөлшерімен 0,3 кг суды 12°С- тан 20°С-қа дейін жылытуға болады?
ІІ.6 кг бензин толық жанғанда қандай жылу мөлшері бөліп шығарады?
ІІІ. 27° С температурада алынған 3 кг қорғасынды балқыту үшін қандай жылу мөлшері қажет?

Өзара достық қарым-қатынас құра отырып, бірігіп есептер шығарады

Интербелсенді тақта, есептер жазылған парақшалар Слайд

Ой қорыту
Жинақтау

Топпен жұмыс

СТО


Сәйкесін тап...


Өзара достық қарым-қатынас құра отырып, бірігіп тапсырма орындайды.

Интербелсенді тақта

Слайд


Бағалау

Жеке оқушымен жұмыс

Әрбір топқа бағалау ресурстарын қосымша ұсынады

Бірінің жұмысын бірі тексеріп әділ бағалауды үйренеді.

Бағалау парақшалары

Рефлексия

  1. Не үйрендім? Не білгім келеді? Келесі сабаққа ұсыныс пікірлер ауызша айту;

Смайликтер, суреттер

Үйге тапсырма

Заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеутарауын қайталау

Не сәтті өті?

Сабақ барысында Еркін талқылау, Тез ойлан тапсырмасы бойынша берілген тапсырманы орындау барысында қатенің түрін анық талдауды талап ету ұтымды болды, оқушылар жиі жіберілетін қателердің түрі туралы ой қорыта алды. Келесі бір сәттілік – «Бағалау» кезеңінде топтардың ойларын ортаға салып талдауы болса, рефлексияда әр топ өз қалаулары бойынша тақырыпты толық қорытындылауы болды. Бақылаушы оқушылар кімнің талқылауға қатыспағанын, кімнің көбірек ұсыныс айтқанын, кімнің сұрақты көп қойғанын атап өтіп, өз ұсыныстарын айтты, әрі тақырып бойынша да басқалардың ойларын тыңдай алды.



Не сәтсіз өтті?

Әрине тағы уақыт... Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалауға және кері байланысты жазуға уақыт аз болды.

Нені өзгертемін?

Келесі сабақта осы тақырыпты бекіту үшін есептер көбірек қамту қажет болды.

Сабақтың тақырыбы:Заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу.

Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ-жауап


  1. Заттың агрегаттық түрлері қандай?

  2. Балқу және қатаю құбылысын түсіндір

  3. Балқу және қатаю температурасы дегеніміз не?

  4. Меншікті балқу жылуы неге тең?

  5. Өлшем бірлігі қандай?

  6. Жылу мөлшері деп нені айтамыз?

Еркін талқылау
I. Неліктен суық бөлмеде ең алдымен аяқ тоңады?

II. Бірдей жағдайларда күн сәулесі түсіп тұрған сортаң және қара топырақтың қайсысы жақсы жылынады? Неліктен?

III. Неліктен мұнай базаларында сұйық отындарды сақтауға арналған бактарды куміс сырмен сырлайды?

Тез ойлан...


I. 5 кал неше джоульға тең?
II. 29,4 Дж неше калорияға тең?
III. 6789 Дж неше килоджоульға тең?

Есептей білейік


I. Қандай жылу мөлшерімен 0,3 кг суды 12°С- тан 20°С-қа дейін жылытуға болады?
ІІ. 6 кг бензин толық жанғанда қандай жылу мөлшері бөліп шығарады?
ІІІ. 27° С температурада алынған 3 кг қорғасынды балқыту үшін қандай жылу мөлшері қажет?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет