Сабақтың тақырыбы
|
Қоршаған орта және адам. Жалпылауыш сөздер
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу базғдарламасына сілтеме)
|
8.2.2.1 – публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;
8.4.4.3 – сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер және айқындауыш мүшелерді қолдана білу.
|
Сабақтың түрі
|
Жаңа материал
|
Қажетті құрал-жабдықтар
|
Интерактивті тақта, аудиотаспа, тақырыпқа қатыста слайдтар, кітап, тақта, бор, А4 парағы, маркерлер мен плакаттар, көрнекілік құралдары.
|
Оқыту әдістері
|
«Жұмыс үстелі» әдісі, «Сұхбат» әдісі, «Білім ағашы», «Кімнің қаламы» әдісі, «Қызықты мәтін»» әдісі, «Отшашу».
|
Дереккөздері
|
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар
|
Тапсырмалар
|
|
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
I.Ұйымдастыру бөлімі
3минут
|
Оқушылармен амандасады,түгендейді.Назарларын сабаққа аудартады. Кезекшімен сұхбат жүргізеді.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
-Оқушылар, көңіл – күйлеріңіз қалай?
|
Амандасады, сабақ құралдарын шығарып, кезекші өз міндетін атқарады. Назарларын сабаққа аударады.
-Жақсы
|
II.Өткен сабақты тексеру
5 минут
|
Үй тапсырмасы «Кімнің қаламы» әдісі мен оқушылар қораптағы әріптерді таңдайды.
|
Қораптағы есімдерді таңдау арқылы үй тапсырмасына жауап береді.
|
II.Мағынаны тану
минут
22 минут
|
Жалпылауыш сөздер
Сөйлемде бірыңғай мүшелерді түсіндіріп, жинақтап тұратын сөздер жалпылауыш сөздер деп аталады. Бірыңғай мүшелер мен жалпылауыш сөздер бір сұраққа жауап беріп, сөйлемде бірдей синтаксистік қызмет атқарады. ЗЖалпылауыш сөздер сілтеу, жалпылау және сан есімдердер арқылы жұмсалады. Егер жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден соң келсе жалпылауыштың алдынан сызықша қойылады. Ал бірыңғай мүшенлердің алдынан келсе жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте қойылады.
1-тапсырма. «Қызықты мәтін»» әдісі. Мәтінді оқындар. Қоршаған орта адамның көңіл күйіне, жаны мен тәніне қалай әсер етеді?
«Мен таулықпын» өлеңіне жалпылауыш сөздерді қатыстыра отырып, аннотация жазыңдар. Сөз саны – 50 - 60
Дескриптор:
- Мәтінді оқиды;
- «Мен таулықпын» өлеңіне аннотация жазады.
3-тапсырма. «Жұмыс үстелі» әдісі Жалпылауыш сөздерді қатыстырып, қоршаған ортаның адамға әсері туралы 5-6 сөйлем жазыңдар.
4тапсырма. «Сұхбат» әдісі. Сұрақтарға жауап беріндер. Ғылыми деректерді орынды қолданып, ойларынды дәлелді, жүйелі жеткізіндер.
1.Сіздердің араларыңызда қоғамдық орындыдарды ластап, кез келген жерге қоқыс тастайтын балалар бар ма?
2.Неліктен қоршаған ортаны сақтау, қорғау керек?
3.Адамның табиғаттың ажырамас бөлігі екенін дәлелдеңдер.
|
Тілдік бағдарды меңгереді. Мысал келтіреді.
«Мен таулықпын» өлеңінде ұлттық сананы көтеретін, намысты шыңдайтын қанатты сөздер айтылады. Бұл өлеңде дала сипаты терең бояумен қалыптасқан. Өлеңнің негізгі ұйытқысы ретінде табиғат пен дала бейнесі негізге алынған. Содан соң автор соларды суреттеу арқылы, өз патриотизмімен қатар ұлттық бояуды негіздейді. Табиғатпен қатар табиғаттағы ауа-райы құбылыстарын, жануарларды, бәрін-бәрін суреттейді. Идеологиялық тұрғыдан қарағанда өлеңнің мақсаты айқын, бағыты бөлек. Мұқағали Мақатаев бар сұлулықты суреттеген. Қорыта келе, Мұқағали Мақатаев өзінің «Мен таулықпын» өлеңінде ұлттық бояумен дала бейнесін нақышына келтіріп сипаттаған. Қазақтың барлық ақын-жазушылары осындай қарқынмен, осындай идеологиямен өлең жазса, қазақ әдебиеті біршама деңгейге көтеріледі.
3-тапсырма. Көгілдір аспан, жасыл жер, түрлі түсті гүлдер – барлығы адамның көңіл-күйіне әсер етеді.
4-тапсырма. 3)1 жыл-ол 1 адам. 1 жылда 365 күн бар – ол адамда 365 буын бар. 1 жылда 12 ай бар – ол адамның 12мүшесі. Әлемде 4негізгі бөлік бар: аспан, су, от, жер. Ал адамда да 4 негізгі бөлік бар : бас, мойын, дене, аяқ.
Жер 70% судан тұрады адамда да солай.
|
III. Бағалау
3 мин
|
«Отшашу»
|
Оқушы өзін-өзі бағалайды.
|
IV. Үйге тапсырма
2 мин
|
5-тапсырма. «Қоршаған орта қолдауға мұқтаж» тақырыбындағы мақаланың тезисін жазыңдар. Сөз саны - 100
|
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
|
V.Ойтаразы
3 мин
|
Рефлексия. «Білім ағашы»
|
|