«Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис» бөлімі



Дата09.02.2022
өлшемі20,96 Kb.
#131194
Байланысты:
8-сынып қазақ тілі БЖБ №5


«Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис» бөлімі

Оқу мақсаты:

8.1.6.1 Коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогте өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу

Бағалау критерийі:



Білім алушы
Тақырыпқа қатысты монолог құрастырады.
Ғылыми терминдер мен деректерді қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі:



Қолдану

Орындау уақыты:

15-20 минут



1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіннен термин сөздер мен ғылыми деректерді жазыңыз.


Қазақстанның Қызыл кітабы

Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай - күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.


Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері, б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан - жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми - техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінше бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы – орны қайта толмайтын нәрсе. Бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе - теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады. (238 сөз). https://kk.wikipedia.org/wiki/
Термин сөздер:
Ғылыми деректер:


2-тапсырма. «Жер-Ананы аялайық, адамзат!» тақырыбында монолог дайындаңыз. Тыңдалым мәтінінде берілген ғылыми терминдер мен деректерді қолданыңыз. Өз ойыңызды дәлелді әрі жүйелі жеткізіңіз. Сөз саны 90-100.



Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Ғылыми терминдер мен деректерді қолданады

1

  • Мәтінді мұқият оқиды.

  • Терминдерді жазады

  • Ғылыми деректерді жазады.

1
1
1

Тақырыпқа қатысты
диалог, монолог, полилог құрастырады

2

  • халықаралық терминдерді

қолданады;

  • ғылыми деректерді орынды

қолданады;

  • тақырыпқа сай монолог

құрастырады;

  • өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізеді.

  • сөз санын сақтайды

1
1
1
1
1

Барлығы

8


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет