Сабақтың тақырыбы: от «Менің отбасым және достарым» Менің сыныптас достарым. Ққ дыбыс мен әрпі



бет1/3
Дата11.01.2020
өлшемі0,75 Mb.
#55676
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
20.11.19 сауат ашу


Пәні: Сауат ашу

Күні: 22.11.2019 ж
Сынып: 1 «А»


Абай атындағы қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Мұғалімнің аты: Косетова А.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы:

ОТ «Менің отбасым және достарым» Менің сыныптас достарым.
Ққ дыбыс мен әрпі

Оқу мақсаттары:

1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу


Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:

Қ қ дыбысы мен әрпін біледі. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды каллиграфиялық талаптарға сай жазу білігі қалыптасады.

Көптеген оқушылардың орындай алады:

Ққ дыбысы бар сөздерді табады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Ққ дыбысы бар сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды.

Бағалау критерийлері:

1.Оқудың түрлерін (буындап оқиды, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқи біледі, түсініп оқи алады)

2.Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады.

3.Жазу жолын, жол аралық кеңістікті жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллеграфиялық талаптарға сай жаза біледі.





Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Ққ дыбысы дауысты ма? дауыссыз ба?
3. Балалар дыбыстардан не құраймыз? (буын)
4. Буыннан не құраймыз? (сөз)
5. Сөзден не құраймыз ? (сөйлем)

Алдыңғы оқу

Менің сыныптас достарым. Мм дыбыс мен әрпі

ЖоСПАР


Сабақтың басы

Жоспарланған жаттығу түрлері:

Ресурстар:

Психологиялық ахуал

Бас бармағым атам.
Балан үйрек әжем,
Ортан терек әкем
Шылдыр шүмек анам
Кішкентай бөбек ол мен



Сабақтың ортасы:


Жұмбақ шешу
Қалқиған екі құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)

Қыс бойына жатады,


Тәтті ұйқыға батады. (Қонжық)

Аузы бейне шалғы, орақ,


Шөп емес, бірақ мал орады. (қасқыр)

-Қасқыр, қонжық, қоян деген сөздерде бірінші қай әріп естіліп тұр.


Ия біз бүгін Қ дыбысы мен танысамыз

Мына суреттегі қандай жидек екен?



/қарақат/



Қ дыбысы

-Кәне, бәріміз Қ деп айтып көрейікші

- Қ Қ Қ қалай айтылып тұр?

-Қысқа кедергіге ұшырау арқылы айтылып тұр...

-Қ дыбысы дауыссыз дыбыс.

Суретпен жұмыс

Суретте кімдерді көріп тұрсыңдар?

Бір сөзбен қалай атаймыз?

Өз отбасы туралы кім әңгімелеп береді?

1-тапсырма: Оқы. ӨЖ


Қала қара қалақ қалта
қола қора қонақ тақта

Асық қармақ талқан Қанат

Қасық сылдырмақ тышқан Қуат
мысық тамақ алақан Қасым
тауық тымақ қошақан Қаламқас
Осы сөздердің ішінен адам аттарын тап?

- Олар қандай әріппен жазылады?

- Сылдырмақ сөзіде қ дыбысы қай буында тұр?
Дескриптор:
1. Оқыған сөздердің ішінен адам аттарын табады.
2. Адамның аты бас әріппен жазылатынын біледі.
3. Сөздегі буын санын табады.
ҚБ «Бағдаршам»


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс.













Сергіту сәті

Жел улейді у - у
Құйын келіп билейді зу - зу
Қатты, қатты жел соқты гу - гу
Жапырақтар қол соқты ду - ду
2- тапсырма

Суреттегі заттардың кімге тиесілі екенін тап. 

Әкесінің заттары: балға, ара, шеге, қалақ. 

Шешесінің заттары: қасық, табақ, қазан, шанышқы.

 Қыздың заттары: қуыршақ, ойыншық тышқан, ойыншық тауық.  .



Жұмыс құралдары:

балға, ара, шеге, қалақ.

Ыдыстар:

қасық, табақ, қазан, шанышқы.

Ойыншықтар:

қуыршақ, ойыншық тышқан, ойыншық тауық.

Дескриптор:
1. Әкесінің заттарын табады.
2. Шешесінің заттарын табады.
3. Қыздың заттарын табады.

4.Заттардың аттарын ажырата біледі



ҚБ «От шашу»
3- тапсырма Жұптық жұмыс

Тапсырма:Сөздерді оқыңыз және сәйкес суреттермен байланыстырып сызыңыз



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет