«Қазақ тілі» пәнінен -тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары – сынып Оқылым



бет4/5
Дата24.10.2023
өлшемі24,56 Kb.
#187942
1   2   3   4   5
Байланысты:
« аза тілі» п нінен -то сан бойынша жиынты ба алау тапсырмалар

Аффоризмдер:
Ырымдар:

Тілдік ерекшелігі

Қаратпа сөз:


Эпитет:


Метафора:


Кейіптеу:
Синоним:

Жазылым. [10]
1. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып,
оқылым мәтінінің қарапайым тезисін жазыңдар. Тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазыңыз.


Тезистік жоспар құруға арналған кеңес:
1. Мәтінді бірнеше рет оқып шығыңдар.
2. Негізгі ой желісін үзбей беретін сөздер мен сөйлемдерді, азатжолдарды жазып алыңдар.
3. Негізгі ақпараттан қосымша ақпаратты ажырата біліңдер. Қосымша ақпараттың маңызы аз. Тезистік жоспар құруда әдеби көркем сөздердің де қажеті жоқ.
4. Мәтін мазмұнын қысқаша баяндап, тезистерді ретімен нөмірлеп шығыңдар.
Түркі руна жазбалары
Түркілердің жазуы туралы ең алғашқы мәліметтерді қытай деректерінен кездестіре аламыз. Негізінен түркі жазуының пайда болған уақыты V ғасыр деп есептеледі. Ал нақтырақ айтқанда, түркілер IV ғасырдың екінші жартысында өз жазуларын кең ауқымда қолданған.
Түркілер басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасағанда, өз жазуларын қолданғаны жайлы көптеген мәліметтер бар. Мысалға алғанда, Византия императорына түркі елшісі қағанның жазған хатын алып барған. Мұны Менандр Протектор өз естелігінде көрсеткен.
Орта ғасырды алғанда түркілердің төл жазуы және алфавиті болған. Әр рулардың
таңбалары негізінен жасалған алфавиттік құрамда 35 әріп бар. Ал көне түркі жазуы руна
немесе сына жазуы деп аталған.
Көне түркі жазуының ескерткіштері Орталық Азия аумағынан көп табылған. Олардың ішіндегі ең белгілісі Солтүстік Моңғолия жеріндегі Орхон, Селенга, Толы өзендерінің бойынан табылған тастағы жазулар. Бұл тастарда түркілердің атақты билеушісі мен ақылгөйлері – Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құрметіне арналып жазылған руна жазулары сақталған. Ал Қазақстан аумағында Талас, Іле өзендерінің аңғарынан да көне түркі жазуының ескерткіштері табылған. Түркінің жазба ескерткіштерінің көп кездесетін жері – Сібір өлкесіндегі Енисей өзенінің бойы. Жазулар құлпытастарға, қыш пен металдарға және басқа да заттарға қашалып жазылған. Осыдан шығатын қорытынды, VII-IX ғасырлар аралығында Қазақстан аумағында ортағасырлық мемлекеттерде көне руналық түркі жазуы қолданылу аясы біршама зор болған.
Қазіргі ғылымда жиі естілетін «руна», «рунология» сөздерінің қандай мағына беретінін көбісі біле бермейді. «Руна» «әріп» және «белгі» дегенді білдірмейді. Оны «құпия» және «белгісіз» сөздерімен ұштастыруға болды. «Руна» сөзі – латыннын «арканум» (мысал, «Таро арқаны») немесе грекше «мистерион» (мистерия) сөздерінің аналогі. Бұл мәліметтер руна сөзінің мағынасы туралы құнды дәлелдер береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет