«Қазақ тілі» пәнінен -тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары – сынып Оқылым



бет1/5
Дата24.10.2023
өлшемі24,56 Kb.
#187942
  1   2   3   4   5
Байланысты:
« аза тілі» п нінен -то сан бойынша жиынты ба алау тапсырмалар


«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
8 – сынып
Оқылым .
1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, тақырыбы ұқсас мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау жасаңыз. [10]
Үшкір бұрыштарға ұрынбай өмір сүру философиясы
Халқымыздың тұрмысында пайдаланылатын заттарды зерделей отырып, қазақтың тіршілік етуінің басты қағидалары әу бастан-ақ текетірестерді айналып өтіп, пәтуаға келуге, теңдікке, ортақ іске бірдей жұмылушылыққа, бейбіт қарым-қатынас құрып, оқыс жайларды шиеленістірмеуге негізделгенін танып-білуімізге болады. Ғылым тілінде оны «үшкір бұрыштары жоқ» философия деуге болады. Ғасырлардан өтіп, бүгінгіге жеткен «Біз – қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз... Досымызды сақтай білген елміз, дәмі-тұзын ақтай білген елміз...» деген сөздер – қазақтың сол философияны ұстанған ел екенін көрсететін белгілердің бірі.
Киiз үй – біз үшін өз үйіміз, өлең төсегіміз болғанымен, ақын оны Жер планетасына әдемі теңеген. Шындығында да солай, қазақтың киіз үйі – ғаламның моделi, бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы киелi орын. Киiз үйдегi кеңiстiк – қазақ дүниетанымының тоғысқан жерi. Ғасырлар бойы адам өмірі осында өтті: дүниеге келдi, үйлендi және соңғы сапарға аттанды. Яғни, адамның түздегi тiршiлiгiн қоспағандағы өмiрi өтетін тұрақты мекен-тұрағы. Оның киесi туралы толғансақ, сөз шаңырақтан бастау алады.
Ал қазақ үшін шаңырақ – қасиетті әрі сан қатпарлы ұғым. Ол – бір жағынан Күннiң символы, ал уықтар Күннен шашыраған сәулелерді бейнелейді. Екінші жағынан шаңырақ – әулеттің символы. Шаңырақ көтеру – азамат болу, ел қатарына қосылу дегендi білдiреді. Үй тіккенде шаңырақ көтеруді сол әулеттің абыройлы, беделді ер-азаматына тапсырған. Шаңырақтың шайқалтпай, нық ұсталуын, уықтардың дұрыс әрі тез шаншылуын жақсы ырымға балаған. Оның астында тұратындар ұйымшыл, ауызбіршілігі мол болады, ол шаңырақтан шыққандарға бауырмалдық, мейірімділік қасиеттер сіңеді деп сенген.
Қазақ тұрмысына тән киіз үй, шаңырақ, ошақ, қазан, таба нан тағы басқа заттардың ежелден келе жатқан терең мәні бар. Үй жығып, үй тігу, көшу, жаңа қонысқа орналасу, әкенің жерошақ қазып, ананың қазан орнатуы, қариялардың шаңырақты көтергенде бақанның екiншi ұшы тиген жерге, яғни үйдiң дәл ортасына ошақ орналасуы керектігін айтуы – ұрпаққа берер тәрбие мектебі десек артық айтқандық емес.
. Жалпы ырымшыл халық болғандықтан, қазанның бос тұруы жаман ырымға саналады. Ошақ бос тұрмауы керек, сол себепті аналарымыз ошақты қойған соң, бірден қазанды орнатып, ішіне сүт құйып, пісіретін, кейде су құятын. Қазан – «құт» деген түсiнiктi беретін символ. Көшпенділер өмірінде қазанның орны бөлек. Қазансыз отбасы жоқ, ошақ та жоқ, үй де жоқ.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/mangilik_el/tup_tamyir/53446/


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет