Ғаламның құрылысы туралы түсініктер. Галактикаларды топтастыру элементар бөлшектер.Ғаламның қәзіргі жағдайындағы физикалық бейнесі



бет1/14
Дата03.06.2020
өлшемі340,56 Kb.
#72088
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Ғаламның құрылысы туралы түсініктер.Галактикалар.галактикаларды топтастыру.элементар бөлшектер.Ғаламның қәзіргі жағдайындағы..


Топ : ОП9Д Күні: 28.05.2020 Пән: физика

Сабақтың тақырыбы: Ғаламның құрылысы туралы түсініктер.Галактикалар.галактикаларды топтастыру.элементар бөлшектер.Ғаламның қәзіргі жағдайындағы физикалық бейнесі.



Сабақтың мақсаты:

•  Күн жүйесінің құрылымын, құрылысын сипаттау


  •  Күн жүйесіндегі денелер қозғалысының көзқарасынан күн, ай және жыл ұғымдарын түсіндіру.

  •  Күнді айналып қозғалатын ғаламшарлардың қозғалысымен және орбита жазықтығына қатысты Жердің айналу осінің көлбеуі арқылы жыл мезгілдерінің ауысуын түсіндіру



Сабақтың барысы: студенттерді түгендеу.

Сабақтың басы:

Дәріс: «Күн жүйесі»Күн Жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 9 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун және Плутон), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі. Күннен ең алыс орналасқан планетаға дейінгі орташа қашықтық шамамен 40 а.б. немесе 6 млрд. км-ге тең. Күн – Күн жүйесіндегі орталық дене болып саналады, оның массасы Күн жүйесіндегі барлық денелердің жиынтық массасынан 750 есе артық. Сондықтан Күн жүйесінің массалар центрі Күн қойнауында орналасқан. Барлық 9 үлкен планета Күнді айнала, дөңгелек дерлік орбита бойымен, бір бағытта қозғалады. Олардың орбиталарының бір-біріне қатысты көлбеулігі өте аз. Планеталардың Күннен қашықтығы белгілі бір заңдылыққа бағынған, яғни көршілес орбиталардың ара қашықтығы Күннен алыстаған сайын арта түседі. Планеталар қозғалысының физикалық қасиеттеріне байланысты Күн жүйесінің үйлесімді екі топқа бөлінуі ғарыштық денелердің кездейсоқ жиынтық емес екендігін көрсетеді. Барлық кіші планеталар да үлкен планеталар қозғалған бағытта Күнді айнала қозғалады, бірақ олардың орбиталары едәуір созылыңқы және эклиптика жазықтығына көлбеу орналасады. Кометалардың көпшілігі параболаға жақын өте созылыңқы орбита бойымен қозғалады. Айналу периоды миллиондаған жылға жетеді. Мұндай комета орбиталарының эклиптика жазықтығына көлбеулігі алуан түрлі, олар Күнді айнала тура және кері бағытта да қозғалады. Шолпан мен Ураннан басқа планеталардың барлығының өз осінен айналу бағыты Күнді айналу бағытымен сәйкес келеді.

Сабақ барысында орындалатын тапсрыма- Тест тапсырма:

 1. Күннің шамамен жасы:


  A.  3 млрд жыл
  B.  5 млрд жыл
  C.  2 млрд жыл

 2. Көлемі мен массасы жағынан Жерге ұқсас планета:


  A.  Марс
  B.  Шолпан
  C.  Меркурий

 3. Өз осьтерінен барлық басқа планеталар айналатын бағытқа қарсы айналатын планеталар:


  A.  Уран мен Шолпан
  B.  Марс мен Меркурий
  C.  Уран мен Марс

 4.1846 жылы телескоппен табылған планета:


  A.  Уран
  B.  Шолпан
  C.  Нептун

 5 .Күнге ең жақын планета:


  A.  Меркурий
  B.  Жер
  C.  Уран

 6. Диаметрі 3000 километрге жуық планета:


  A.  Нептун
  B.  Уран
  C.  Плутон

 7. Қоңырқай қай планетаның қазақша аты?


  A.  Сатурн
  B.  Нептун
  C.  Юпитер

  8. Массасы жерден 300 есе үлкен планета:


  A.  Юпитер
  B.  Сатурн
  C.  Марс

Планеталардың түрлеріне жалпы сипаттама

Күннің төңірегінде оның тарту күшінің әсерінен жерді қоса есептегенде 8 ірі аспан денелері бар. Олар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс. Бұларды жер тобындағы планетар деп атайды.

Алдын ала берілген тапсырмалар:

-Оқушылар Меркурий туралы қандай қызықты мәліметтер білесіңдер?

NASA ғалымдарының арқасында Күнге ең жақын Меркурий ғаламшары бетінен смайликке қатты ұқсас объект суретке түсіріліп алынды.  



Сурет NASA ғарыш агенттігінің алып телескопы арқылы түсіріліп алынған екен. Меркурий бетін зерттеумен айналысып жүрген ғалымдар да бұл суреттің нақты не нәрсе екенін айта алмай отыр. Жақында осыған ұқсас жағдай болған еді. Бірақ ол кезде ғалымдар смайликтің емес, Меркурий кратерлерінің бірінен Микки Маустың түрі бейнеленген суретті түсіріп алған. 

-Шолпан туралы қандай қызықты мәліметтер білесіңдер?

Шолпанның бетін Жерден оптикалық құралмен бақылау қиын, өйткені ол бұлтқа оранған. Сондықтан ғаламшардың физикалық сипаттары радиометод және ғарыштық зерттеулермен алынған. Шолпанның массасы Жердің 0,815 массасына тең, ал оның радиусы R = 6050км немесе Жердің 0,950 радиусындай, ғаламшар затының орташа тығыздығы 5,24 г/см3 шамасында.

-Жер туралы қандай қызықты мәліметтер білесіңдер?

Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер эллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29,765 км/с жылдамдықпен 149,6 млн. км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі – Ай

-Марс туралы қандай қызықты мәліметтер білесіңдер?

Арнайы скафандрсыз Марс бетінде адам да, кез-келген жануар да бір сәт те тіршілік етіп тұра алмас еді. Ғаламшар бетіндегі қысымның төмендігі соншалық, тірі жанның қан құрамындағы оттегі газға айналып кете барады. Бұл дегеніміз адам 5-10 секундтың ішінде жан тапсырады деген сөз.

Мұғалімнің сөзі

Планетаның Күн төңірегіндегі жолы орбита деп аталады (латынша – із, жол). Күнге ең жақын орналасқан Меркурий, одан кейін Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун. Олардың өлшемі де түрліше – жерден үлкен, кішісі, сонымен шамаластары бар.

Планета – өзінен жарық шығармайтын салқын дене. Дегенмен, түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап, көрінеді. Олай көрінетін себебі: планетаның бетіне күннен түскен сәуленің шағылысуына байланысты. Планета – «кезбе жұлдыз» деген мағынаны беретін грек сөзі. Жұлдыздар сияқты планеталар да белгілі бір орында тұрмайды, үздіксіз қозғалып аспан әлемінде жүреді. Себебі олар күнді айнала қозғалады. Планетаның пішіні шар тәріздес келеді және барлығы да осінен айналады. Күн шығар алдында және кешке күн батқаннан кейін Шолпан жарқырап ерекше көзге түседі.

IV. Оқушыларға алдын ала берілген тапсырмалар бойынша жаңа материалды бекіту.

3 топқа бөлінген тапсырмалар бойынша үйден мағлұмат жинап алып келу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет