Бөлім:
|
Тығыздық
|
Педагогтің аты-жөні
|
Ширбаева К.М
|
Күні:
|
23.11.2021ж
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Тығыздықты есептеу. Эксперименттік тапсрыма арқылы сапалық және сандық есептер шығару (Практикалық жұмыс №6)
|
Сабақтың номері:
|
№23
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
7.2.2.15 – Тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: Тығыздықтың формуласын қолдана білу.
Басым бөлігі: Тығыздықтың формуласын түрлендіріп, деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Кейбір оқушылар: Әртүрлі денелердің тығыздықтарын өлшей отырып, айырмашылықтарын салыстыра алу.
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 мин
3 мин
|
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу.
Сабаққа қатыстарын тексеру. Сабақтың мақсатын айту.
Тренинг (Жағымды көңіл-күй ахуалын тудыру)
ІІ. Ынтымақтастықты қалыптастыру.
«Команда таңдау» тәсілі бойынша топқа бөлу (формуладағы шамалар арқылы топқа бөлу, тығыздық, көлем, масса)
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Белсенді оқытудың «Миға шабуыл» әдісі арқылы жүзеге асады.
1- тапсырма.Оқушылар топтасып «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі арқылы өз топтарындағы физикалық шамаларды қорғайды ( І топ: Тығыздық . ІІ топ: Масса. ІІІ топ: Көлем. )
|
Үй тапсырмасын бағалауға арналған дескриптор:
- тығыздық, көлем, масса шамасының анықтамасын білді;
- белгіленуі мен формуласын жазды:
- өлшеу құралын білді, өлшем бірліктерін, формуласын түрлендіре алды .
|
Тығыздық шамасымен танысып, формуласын түрлендіріп, қолдана біледі.
|
өлшем бірліктер жазылған суреттер
тақта,
стикерлер,
оқулық
|
Сабақтың ортасы
5 мин
5 мин
5 мин
15 мин
8 мин
|
2- тапсырма.
«IDEAL әдісін» қолдану арқылы оқушыларға сабақтың келесі тапсырмасы эксперименттік тапсырмалар беріледі.
Мақсаты: Әртүрлі денелердің тығыздықтарын өлшей отырып, мәндерін салыстыру.
№1 – эксперименттік тапсырма:
Әр топқа көлемдері бірдей 200 см3 стаканға толтыра құйылған
1 топқа сүт,
2 топқа су
3 топқа күнбағыс майы беріледі. Берілген заттың массасын анықтаңдар.
№2- эксперименттік тапсырма
Геометриялық дене берілген. Олардың көлемін анықтау үшін қандай құралдар қолданар едіңіз? Өлшеу әдісін сипаттаңыз.
№3- эксперименттік тапсырма
Тұздың көлемдерін анықтау
3- тапсырма. Саралау тапсырмалары. Оқушылар теориялық материалға толығымен шолу жасап, эксперименттік тапсырмаларды орындағаннан кейін берілген деңгейлік тапсырмаларды жеке орындайды.
№1 Егер сыйымдылығы 35 литр ыдысқа 63 кг күкірт қышқылы сиятын болса, қышқылдың тығыздығын анықтаңыз.
№2. Массасы 146 г қалайы кесегінің көлемін анықтаңыз.
№3. Көлемі 15 дм3 шыны пластинаның массасы қандай болады?
+
4-тапсырма. Термин сөздердің қазақша, орысша, ағылшынша атауларын жазу
Арнайы пәндік лексика мен терминология:
Сөздік
Ағыл
шынша
|
Қазақша
|
Орысша
|
mass
|
масса
|
масса
|
volume
|
көлем
|
объем
|
density
|
тығыздық
|
плотность
|
vector
|
вектор
|
вектор
|
scalar quantity
|
скалярлық шама
|
скалярная величина
|
|
Эксперимент мақсатын анықтады
Денелер көлемін өлшеуге арналған құралдарды таңдап алды
Үш тілділікті пайдаланады
|
Әртүрлі денелердің көлемін анықтайды, мәндерін салыстырып, тұжырым жасай алады.
Тығыздықтың формуласын түрлендіріп, деңгейлі тапсырмаларды орындай алады
|
|
Сабақтың соңы
2 мин
|
«Сабақ туралы ой»
Не оңай болды? Не қиын болды? Нені үйрендің?
|
Ойларын айтады
|
|
|
№1 Егер сыйымдылығы 35 литр ыдысқа 63 кг күкірт қышқылы сиятын болса, қышқылдың тығыздығын анықтаңыз.
№2. Массасы 146 г қалайы кесегінің көлемін анықтаңыз.
№3. Көлемі 15 дм3 шыны пластинаның массасы қандай болады?
Достарыңызбен бөлісу: |