Қазақ тілі пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
9-сынып
Білім алушы____________________________________________________
Оқылым
Тапсырма
Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.
[10]
Ел ішіндегі тұрақтылық пен тұтастықтың бірқалыпты дамуының шешуші факторы болып табылатын ұлттық бірлік қоғамдық келісімге бастайды. Ал бұл құндылықтар «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық идеясында көрініс тапқан. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады, өйткені тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын. Бұл Елбасымыздың: «...біздің бір ғана Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. Осы идеяны әрқайсысымыз сезініп, өмірлік сабақ ретінде түйсек, осы жолда бар әлеуетімізді салсақ, 2050 жылы мұрат еткен «Мәңгілік Елге» жететінімізге сенімдімін..., ...өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бағытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгiлiк Ел», – деген сөздерімен толыға түседі. «Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.
Кестені толтырыңыз.
№
|
Тілдік құралдар
|
Мәтіннен 2 мысал
|
Қоғамдық-саяси терминдер мен сөздер
Эмоционалды-экспрессивті сөз орамдары
Ой салу мағынасында қолданылған сөздер
Мәтінді құрылымына сай бөліктерге бөліп, жанрын, стилін анықтаңыз.
Мәтін бөліктері
|
Мәтін бөліктері басталатын сөйлем
|
Жанры, стилі
|
Кіріспе
|
|
|
Негізгі бөлім
|
|
|
Қорытынды
|
|
|
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Мәтінде қарамен берілген сөйлемдерде автор көпшілікке бағытталған қандай сөздерді қолданады?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
«Мәңгілік Ел» сөзін сипаттауда Елбасы қандай бағалаушы сөздерді қолданған?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қарамен берілген мәтін бөлігі қай қатарға сай екенін анықтаңыз.
А. Очерк
Шешендік толғау С. Шешендік арнау Д. Баяндама
Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Стильдік және жанрлық ерекшеліктеріне сай тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай дұрыс қолданыңыз.
[5]
Бүгінде біз – тарихымызды танып, әлем жұртына өзімізді танытып, қарқынды түрде дамып келе жатқан мәңгілік елміз. Ана тіліміз арқылы мың жасап, ана тіліміз арқылы таныларымыз хақ, олай болса, келешекте қазақ тілін әлем деңгейі тілдері қатарынан көруіміз мүмкін бе? Оқырманға әсер қалдыратындай етіп мақала жазыңыз.
Жаһандық қоғам әлдеқайда ашық бола түсуде: капиталдың, қаржының, адамдардың, ақпараттың еркін қозғалысы осы заманғы «шекараларсыз әлем» тұжырымдамасының негізіне айналды. Осы жаһандық байланыстың елімізге деген пайдасы мен зияны қандай? Екіжақты пікірдің біреуіне таңдау жасап, өз ойыңызды дәлелдеп аргументативті эссе жазыңыз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |