Мәтін бойынша «неліктен?» сұрағымен басталатын 5 сұрақ құрастыр!
Қазақтың «Ұлытау» этно-рок тобы 2001 жылы құрылды. Топтың мақсаты – бүкіл әлемде тыңдармандарды халық шығармаларының сұлулығы мен қазақ халқының мәдениетімен таныстыру, сонымен қатар өскелең жас ұрпаққа домбыраның қадір-қасиетін дәріптеу. «Ұлытау» тобы – отандық және әлемдік заманауи инструменталды музыка саласындағы жаңалық, топ музыканттары Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Н.Тлендиев, Бах, Вивальди, Паганини сияқты композиторлардың шығармаларын ерекше құлшыныспен, ынтамен орындайды. «Ұлытау» тобының мүшелері әлем классиктерінің таңдамалы шығармалары мен қазақ классиктерінің туындыларына бірдей қызығушылық танытып келеді, түрлі тақырыптағы, түрлі дыбыстық ерекшеліктері бар туындыларды орындайды.
Олардан дала желінің ұйытқуы, күн көзіне күйген шөптің иісі аңқиды, тәкаппар, сәнді жылқылардың желісі байқалады, қатал жүзді ақсақалдар мен әдет-ғұрыптардың арбаушы сиқыры елестейді. Бұл өнерді «World Musik» деп те атауға болады.
Олардан дала желінің ұйытқуы, күн көзіне күйген шөптің иісі аңқиды, тәкаппар, сәнді жылқылардың желісі байқалады, қатал жүзді ақсақалдар мен әдет-ғұрыптардың арбаушы сиқыры елестейді. Бұл өнерді «World Musik» деп те атауға болады.
«Ұлытаудағы» электргитараның асқан шеберлі ұйқастары Ричи Блэкмордың ұқсас экзерсистерін еріксіз еске түсіреді, ал динамикалық және жуан дыбысының ырылдауы – Роджер Гловерді елестетеді. Музыканттар скрипканың нәзік үні мен төл дыбысымен ерекшеленетін қара домбыраның үнін ауыр роктың, блюздің жайландыратын нью-эйдждің «мәдениетімен» тамаша үйлестіреді.