«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 11класс



бет2/3
Дата19.12.2021
өлшемі21,17 Kb.
#103282
1   2   3
Байланысты:
тжб11 тіл шығару

2-мәтін
Бүгін, міне, еліміздің тәуелсіздік туын желбіреткеніне де біраз жылдың жүзі болыпты.
Біз тәуелсіздіктің әр жылын өсу, өркендеу жолында өткізіп келеміз. Осы жиырма бес жыл ішінде есімі тарихта алтын әріппен жазылатын Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында күрделі істер тындырылды.
Олардың ең көрнектісі – шекарамызды белгілеп, төрт құбыламызды тегістеп, әрі тұрақтандырып алуымыз және өзіміздің меншікті Қарулы Күштерімізді жасақтауымыз, әр елдің елдігін белгілейтін ұлттық белгілеріміз, қайта оралған тіліміз, дініміз, салт-дәстүріміз
Бұл Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі , әнұранымен айбатты, шекарасы мен тілі , теңгесі мен діні, басқа елдермен терезесі тең, керегесі кең ел деген сөз.
Санамалап айта берсек, бұл жылдарда тындырылған іс жетіп артылады. Бәрін де заң жолымен шешетін құқықтық, зайырлы мемлекетке айналдық. Бабамыздың табаны тимеген жерге, баламыздың қаламы тиіп, құрлық асып, білім алатын дәрежеге жеттік. Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық еттік, бүкіл дүниежүзі қазақтарының құрылтайын жасап, күллі әлемге татулық пен бірлікті паш еттік. 2017 жылы әлем халқының назарын «ЭКСПО-2017 көрмесі» арқылы өзімізге аудардық. Олимпиада чемпиондарын дайындап, дүниежүзіне Әнұранымызды тыңдатып, көк байрағымызды көкте шарықтаттық. Тәуелсіздікті тірек етіп, елдің тыныштығы мен ынтымақ-бірлігін сақтап, білім мен біліктілігімізді арттырып, рухани жаңару барысында еліміздің тәуелсіздігін мәңгіге сақтай білдік. Қарағайдың қырық бұтағы болса, соның біреуі ғана түзу бітеді екен. Бірақ біздің ұрпақтарымыздың барлығы теректей жайқалып, түзу бітуі шарт, өйткені азат елге қорған болатын – жастар.

Оқылым





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет