«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік»



бет1/2
Дата18.05.2022
өлшемі16,78 Kb.
#143587
  1   2
Байланысты:
9-с 4-т Тжб каз т
Икт екинши тест, Химиялық реакция типтері 2, 5032



«Қазақ тілі » пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік», «Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бөлімдері ойынша


Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
[10]

1. Мәтінді оқып, мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдарының рөлін анықтаңыз. Көтерілген мәселені өмірлік мәселелермен байланыстырып, көзқарасыңызды мысалдармен дәлелдеңіз. Жағдаятқа сай сөздер мен тіркестерді қолдануды ескеріңіз.


2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдап, мазмұны бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Татқылауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.

1-мәтін
Қазіргі кездегі қақтығыстар ғаламшардың тұрақсыздық факторына айналып отыр.


ХХ-ХХІ ғасырлардағы қақтығыстардың қаупі зерттеушілерді, саясаткерлерді, ғалымдарды оларды реттеу үшін бейбіт құрал жолдарын іздеуге мәжбүрлеуде. Қақтығыстарды бейбіт негізде реттеу тетіктері қазіргі жағдайларда ерекше маңызға ие және адамзаттық өркениеттің сақталуына және одан әрі дамуында маңызды фактор болып қалмақ.
Қақтығысты қарулы күш пайдаланбай бейбіт түрде шешудің екі негізгі бағыты бар. Біріншісі құқықтық қағидалар шеңберінде және қақтығысты реттеудің заңдық өлшемдерін талдауға бағытталған. Мұнда қарастырылатын мәселелер, қарулы қақтығыстың құқықтық салдарлары, тұрғындардың азаматтық құқын қорғау, қарулы қақтығыстың қатысушыларының құқықтық жағдайы, қарулы қақтығыстың аяқталуына нұсқау беру, реттеу және т.б.
Екінші бағыты тараптар арасындағы қақтығысты саяси жолмен реттеуді көздейді. Қақтығысты реттеудің құқықтық және саяси жолы, бағыты бір-бірін толықтырып отырады. Қақтығысты саяси реттеу құқықтық күші бар жаңа құжаттың дайындалуымен, бекітілуімен аяқталады.
Бүгінгі таңдағы өзгермелі әлемдегі қақтығыстарды реттеу мен басқару бүгінгі күннің өте өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Тек қандай сипаттағы қақтығыс болса да, оны бейбіт жолмен шешіп, тараптардың өзара тиімді ымыраға келуіне талпыну қажет. Бұл - заман талабы.
(158 сөз)
http://www.rusnauka.com/9_NND_2014/Politologia/2_164111.doc.htm

2-мәтін
«Біз бүгін мүлде жаңа тарихи кезеңде өмір сүріп отырмыз. Елдің экономикасы, қоғам өмірі, технологиялар күрделі өзгерістерге ұшырады. Біз олардың көбін қабылдап, біразын үйренудеміз. Осы өзгерістердің арасында өзгермейтін қуатты құндылық бар. Ол – қоғамның бірлігі мен ұлт­ара­лық келісім. Қазір ол біздің басты құн­дылығымызға айналған.


Біріншіден, өтпелі кезең әлемді бұрынғыдан қауіпсіз ете алған жоқ. Бүгінгі таңда әлемде кикілжіңі 30-дан астам елге жайылған 40-тан артық «ыстық нүкте» бар. Олар­да­ғы кикілжіңнің басты себебі – ішкі эт­носаралық және дінаралық қақты­ғыстар. Бұдан қазір ешкім де сақ­тана алмайды. Екіншіден, этнос­ара­лық кикілжіңдер тіпті аса қуатты деген елдердің туын құлатып жатқанын сараптамалардан көріп отырмыз. Ұлтаралық және дінаралық саясатта жіберілген болмашы қателіктің өзі тарихи ауыр драмаларға соқ­тырып, мыңдаған адамдарды қайғы-қасіреттерге ұрындырды. Үшіншіден, әлемдегі бейбітшілік өте құ­был­малы және осал болып тұр. Күн сайын бірнеше мың адам жайлы жер іздеп, туған жерінен көшіп кетуде. Бүгінгі таңда дүние жүзіндегі мигранттардың саны 250 млн адамнан асты. Соның ішінде 70 миллиондайы – босқындар.Төртіншіден, қазіргі заманның көңіл аудармауға болмайтын тағы бір қаупі – цифрлы коммуникацияның дамуы. Пайдасымен қатар ол деструк­тивті әлеует тудыруда. Цифрлы ком­­му­­никацияның мүмкіндіктері этнос­­аралық және дінаралық жек көрі­ніш­терді туғызуға пайдаланылады. Кейбір жүйелі қауымдастықтар жау­лық пен ксенофобияның тұтастай ошағы бо­лып отыр. Мемлекет мұн­дай­ларға қар­сы батыл шаралар қолдануы керек».
(189 сөз)
(Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІ сессиясында сөйлеген сөзінен)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет