«Қазақ тілі » пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік», «Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бөлімдері ойынша
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
[10]
1. Мәтінді оқып, мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдарының рөлін анықтаңыз. Көтерілген мәселені өмірлік мәселелермен байланыстырып, көзқарасыңызды мысалдармен дәлелдеңіз. Жағдаятқа сай сөздер мен тіркестерді қолдануды ескеріңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдап, мазмұны бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Татқылауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
1-мәтін
Қазіргі кездегі қақтығыстар ғаламшардың тұрақсыздық факторына айналып отыр.
ХХ-ХХІ ғасырлардағы қақтығыстардың қаупі зерттеушілерді, саясаткерлерді, ғалымдарды оларды реттеу үшін бейбіт құрал жолдарын іздеуге мәжбүрлеуде. Қақтығыстарды бейбіт негізде реттеу тетіктері қазіргі жағдайларда ерекше маңызға ие және адамзаттық өркениеттің сақталуына және одан әрі дамуында маңызды фактор болып қалмақ.
Қақтығысты қарулы күш пайдаланбай бейбіт түрде шешудің екі негізгі бағыты бар. Біріншісі құқықтық қағидалар шеңберінде және қақтығысты реттеудің заңдық өлшемдерін талдауға бағытталған. Мұнда қарастырылатын мәселелер, қарулы қақтығыстың құқықтық салдарлары, тұрғындардың азаматтық құқын қорғау, қарулы қақтығыстың қатысушыларының құқықтық жағдайы, қарулы қақтығыстың аяқталуына нұсқау беру, реттеу және т.б.
Екінші бағыты тараптар арасындағы қақтығысты саяси жолмен реттеуді көздейді. Қақтығысты реттеудің құқықтық және саяси жолы, бағыты бір-бірін толықтырып отырады. Қақтығысты саяси реттеу құқықтық күші бар жаңа құжаттың дайындалуымен, бекітілуімен аяқталады.
Бүгінгі таңдағы өзгермелі әлемдегі қақтығыстарды реттеу мен басқару бүгінгі күннің өте өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Тек қандай сипаттағы қақтығыс болса да, оны бейбіт жолмен шешіп, тараптардың өзара тиімді ымыраға келуіне талпыну қажет. Бұл - заман талабы.
(158 сөз)
http://www.rusnauka.com/9_NND_2014/Politologia/2_164111.doc.htm
2-мәтін
«Біз бүгін мүлде жаңа тарихи кезеңде өмір сүріп отырмыз. Елдің экономикасы, қоғам өмірі, технологиялар күрделі өзгерістерге ұшырады. Біз олардың көбін қабылдап, біразын үйренудеміз. Осы өзгерістердің арасында өзгермейтін қуатты құндылық бар. Ол – қоғамның бірлігі мен ұлтаралық келісім. Қазір ол біздің басты құндылығымызға айналған.
Біріншіден, өтпелі кезең әлемді бұрынғыдан қауіпсіз ете алған жоқ. Бүгінгі таңда әлемде кикілжіңі 30-дан астам елге жайылған 40-тан артық «ыстық нүкте» бар. Олардағы кикілжіңнің басты себебі – ішкі этносаралық және дінаралық қақтығыстар. Бұдан қазір ешкім де сақтана алмайды. Екіншіден, этносаралық кикілжіңдер тіпті аса қуатты деген елдердің туын құлатып жатқанын сараптамалардан көріп отырмыз. Ұлтаралық және дінаралық саясатта жіберілген болмашы қателіктің өзі тарихи ауыр драмаларға соқтырып, мыңдаған адамдарды қайғы-қасіреттерге ұрындырды. Үшіншіден, әлемдегі бейбітшілік өте құбылмалы және осал болып тұр. Күн сайын бірнеше мың адам жайлы жер іздеп, туған жерінен көшіп кетуде. Бүгінгі таңда дүние жүзіндегі мигранттардың саны 250 млн адамнан асты. Соның ішінде 70 миллиондайы – босқындар.Төртіншіден, қазіргі заманның көңіл аудармауға болмайтын тағы бір қаупі – цифрлы коммуникацияның дамуы. Пайдасымен қатар ол деструктивті әлеует тудыруда. Цифрлы коммуникацияның мүмкіндіктері этносаралық және дінаралық жек көрініштерді туғызуға пайдаланылады. Кейбір жүйелі қауымдастықтар жаулық пен ксенофобияның тұтастай ошағы болып отыр. Мемлекет мұндайларға қарсы батыл шаралар қолдануы керек».
(189 сөз)
(Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІ сессиясында сөйлеген сөзінен)
Достарыңызбен бөлісу: |