«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік»


Ақтолқын Құлсариева, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры



бет2/4
Дата21.05.2022
өлшемі28,98 Kb.
#144342
1   2   3   4
Байланысты:
9 сынып ТЖБ 4-тоқсан
ТПерП 20-11 Әбділда Камиля №9 №10, ТПерП 20-11 Әбділда Камиля №9 №10, Дизайн жизни рк1, Презентация Microsoft PowerPoint, 5 тапсырма Ғылыми әдістер, Тәрбие түрлерінің сипаттамасын құру, Тәрбие түрлерінің сипаттамасын құру, Сынып жетекшісі ойынның маңызы, 10 тест Жаңа формация, 332242.pptx, №9 1, diplom(1738), 4прак Зарина, dispanserizatsiya-zdorovyh-detey

2-мәтін


Ақтолқын Құлсариева, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры:
- «Адамның күні – адаммен» демекші, өмірде барлығымыз бір-бірімізбен өзара байланыстамыз. Дегенмен адамдар шын мәнінде жарастықта, үйлесімде өмір сүріп жатпағаны да рас. Бүгінгі күні адамзат ақпараттар, технологиялар және біліммен жақсы қаруланған, бірақ, өкінішке орай, соғыс пен түрлі қақтығыстарға жол бермеуге қауқары жетпеуде.
Көпшілігіміз үшін, шүкір, бейбіт өмір – күнделікті шындық. Күнбе-күн біздер университетке жұмысқа барамыз, көшелеріміз тыныш… Сонда біз осы мамыражай бейбіт тірлік құндылығына аса көңіл бөлмеуіміз де мүмкін. Бейбітшілік те ауа сияқты – барлығы білінбейді, ал егер жазатайым жоқ болып қалса – тіршілікке үлкен қауіп тудырады. Өкінішке орай, бізге күнделікті үйреншікті жағдай – әлемнің түрлі бөліктерінде шиеленіс пен қорқыныш қаупіне бөленген адамдар үшін арман ғана.
Бүгінде кикілжің мен қақтығыстар шиеленісе түсуде. ХХІ ғасыр дерті дерлік лаңкестік зардаптары, қоғамдағы қорқыныш пен үрей, жеке тұлғалар санасының зиянды стереотиптерге бейім болуы адамзат өркениетіне, тіпті, бүкіл планетадағы өмірге қауіп төндіруде. Демек әлеуметтік жүйе де, рухани-адамгершілік принциптер мен құндылықтар да сынға түсер заман туып тұр.
Біз қоғамның жүйелі қағидаттары ретінде «қауіпсіздік мәдениетін», «бейбітшілік мәдениетін» жиі айтамыз. «Бейбітшілік мәдениеті» құндылықтарын қолдау және оны өндірудің маңыздылығын мойындау аясында шынайы саясатта көретініміз мүлдем басқа жағдай – қоғамдық қауіпсіздік атын жамылған «соғыс мәдениеті». Осы жағдайды терең түсінген Президент: «…соғыс вирусы халықаралық жағдайды ушықтыруын жалғастыруда. Ол бірқатар мемлекеттерде экономиканың өлім ұрығын себетін ең қуатты саласына айналып, әскери-өнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттырып отыр», – деп ескертті.


2-тапсырма. Мәтінді оқып, берілген тест тапсырмаларын орындаңыз. [5]
Жер жаннаты — Жетісу
Жетісу — қазақ даласының баға жетпес бір мекені. Лепсі, Басқан,Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендері бар өңір «Жетісу» деп аталып кеткен.
Алматы облысы Жетісу жерін қамтиды. Жетісу жерінде 1 519 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Атап айтқанда, 1 250 археологиялық, 262 сәулет ғимараты және 7 табиғи
ескерткіш бар.
«Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында 1800-ге жуық өсімдік түрі бар. Олардың
21 түрі Қазақстанның Қызыл Кітабына енген. Жануарлар әлемі бойынша саябақтың аумағындағы 56 түрлі жануар Қазақстанның Қызыл Кітабына енген.
«Ақсу Жабағылы» — Қазақстанның ең көне қорығы. Ол — Орталық Азиядағы
ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық.
«Іле-Алатауы» ұлттық табиғи саябағында 1 мыңнан астам өсімдік түрі бар. Бұл
өсімдіктердің 36 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген.
Есік өзенінің маңынан ХХ ғасырдың 70 жылдары алтын киімді сақ жауынгері
табылған. Жауынгердің басына күн құдайының символы қанатты аттар бейнелен-
ген, әшекеймен безендірілген биік үшкір бөрік кигізілген. Ұзын қылышы мен қысқа
қанжары бар. Жауынгердің жанына саз балшықтан жасалған құтыға құйылған қымыз,
кесек-кесек ет салынған асаяқтар, күміс пен қоладан жасалған қымбат құтылар
қойылған.
Антропологтардың анықтамасы бойынша, Есік қорғанында жерленген адамның
жасы 17-18-дерде және ол біздің эрамызға дейінгі ІV ғасырдың аяғында өмір сүрген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет