«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары Күні ____________________ Сыныбы________________________ Аты-жөні___________________________________________________________________
Оқылым-5 балл тапсырма
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Ербол мен Тимур – достар. Екеуі бір сыныпта оқиды. Олар көптен бері болашақтың машинасын құрастырып жүр. Олар машинаға үлкен сағат орнатты.
Бүгін олар үшін ерекше күн. Олар машинаны алғаш рет іске қосып көреді. Өздері қуанып және қорқып тұр. Тимур үлкен қызыл тетікті басып, сағатты бұрады.
Қай уақытқа барамыз, Ербол?
Болашаққа барайық. Болашақта Қазақстанның қандай болатынын көргім келеді.
Жақсы, онда сағатты 2030 жылға қоямын. Дайынсың ба? Кеттііііік!
Осы кезде айналадағы заттар көрінбей, балалар кеңістікте ұшып бара жатты.
Балаларды сипаттайтын 2 сөзді анықта.
ақылды
жалқау
еңбекқор
мейірімді
[2]
Мәтіннің мазмұнына сәйкес болатын 2 сөйлемді анықта.
Уақыт машинасы үш бөлшектен тұрады.
Уақыт машинасын іске қосу сәтсіз аяқталды.
Достар уақыт машинасын бірінші рет іске қосты.
Достар уақыт машинасымен болашаққа саяхаттады.
[2]
Бұл күн достар үшін неліктен ерекше болды?
[1]
Жазылым-5 балл.
Жазылым. 2-тапсырма.
Мәндес сөздерді анықта./Определить синонимы
Жұрнақтарды дұрыс жалға -рек, -рақ, -ірек, -ырақ /Правильно определи суффиксы