«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11-сыныпқа арналған мемлекеттік емтихан (эссе) жауаптары 2021-2022ж Инстаграм



бет31/63
Дата17.05.2022
өлшемі0,77 Mb.
#143556
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63
Байланысты:
2021 Эссе жауаптары жаратылыстану математикалық бағыттағы2

Insagram :@UBT_GARANT
https://www.instagram.com/ubt_garant/

20. Оралхан Бөкей «Атау кере» повесінде Ерік перзенттік борышын ақтай алды ма? Баланың ата-ана алдындағы парызы жайлы ойың қандай? Ойыңды «Анаңның ақ сүтін Меккеге үш рет арқалап апарсаң да өтей алмайсың» деген халық даналығымен өз ойыңызды сабақтастырыпжазыңыз


Еріктің бар есіл-дерті – ақша табу, байлыққа мастану, аң аулау, қиялдағы қызға ғашық болу. Айна – табиғаты момын, адамгершілігі, мейірім-шапағаты мол адам. Таған – аспирант, ғылым жолына түскенімен, жолы болмай, өмірден баз кешкен маскүнем. Ал Нүрке (Нюра) кемпір осы үш адамға қосалқы әсер ететін төртінші кейіпкер ретінде сюжет желісін бір-бірімен байланыстырып, дамытып отырады.Романның «Атау-кере» аталуында да үлкен мағына бар, өйткені «атаукере»адамның өлер алдындағы ең соңғы асы, дәмі деген мағынаны білдіреді. Қазақ арасында қатты ашуланып, ұрсысып қалған жағдайда «Атау-кереңді ішкір» деген сөз қарғыс түрінде тұрақты тіркеске айналған. Еріктің ара шаруашылығынан басқа оннан аса сиыры, бес-алты жылқысы, елу шақты қойы бар.
Әкесі Қандауыр Еріктің ес білмеген шағында қайтыс болып кетеді. Ол әділетті, шыншыл адам ретінде суреттеледі. Шешесі Нюра Фадеевна (ауылдастары Нүрке деп атайды) – мыңдап марал өсіріп, пантысын (дәрі жасау үшін қолданылатын жас мүйіз) Қытайға сатқан сан жетпес омартасы бар кержақ-орыстың ең шонжары болған Фадейдің қызы. Нюраның шешесі Анна Филимоновнаның жадылайтын сұңғыла өнері болғандықтан, жұрт одан қорыққан. «Дұғаны оқыған кезде қара суды теріс ағызатын адам еді» деп суреттеледі.Басынан небір азапты күндерді өткізген Нюра Еріктің қолында, сал ауруына ұшырағандықтан, орнынан тұра алмайды. Оған Еріктің әйелі Айна қарайды. Ерік пен Айна Алматыда танысқан. Қолаң шашы тізесіне түскен өте өңді Айна қазіргі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жаратылыстану факультетіне түскенімен, белгілі бір себептермен оқуын аяқтай алмай, Алматы мақта-мата комбинатына орналасады.Осы кезде сұңғақ бойлы, көгілдір көзді, бұйра шашты денешынықтыру мамандығында оқитын ересек жігіт Ерікпен танысады. Екеуі қатар жүргенде жұрттың бәрі тамашалап қарайтын әдемі жұп болады. Ерік спорт мектебінде, Айна интернат тәрбиешісі болып, аудан орталығында он жыл жұмыс істейді.Шығарма экспозициясы бас кейіпкердің қазақтар Бек-алқа, орыстар Фадиха деп атап кеткен, ол жылына бір рет міндетті түрде қатынайтын ауылға сапарынан басталады. Бұл – Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма мен Катонқарағай өзендерінің жағасында орналасқан шұрайлы жерлерінің бірі.Жазушы Ерік туған өлкені «Атақты «Мұзтау» деп аталатын шың Алтайдыңмәңгі жығылмас, шаңырағы шайқалмас ақ отауы сынды еді. Осынау шілденіңмиқайнатар ыстығында пұшпағы шетінемей жататын, мұз құрсаулы шыңның алқымынан бұлақ болып басталып, арыны қатты арқыраған өзенге айналатын суды жергілікті қазақтар «Қатын суы» деп атағалы қа-а-а-ша-ан, одан бері де мың жыл өткен
шығар-ау.Сол, әсіресе, бас жағы ақ айран болып басталып, Таулы Алтай өлкесіне жақындағанда, тау-таудың омырауынан сандаған бұлақ саулап қосылып, мөлдірленіп барып Обьқа құятын ағынды өзеннің солтүстігін алтайлықтар, оңтүстігін қазақтар жайлайтын. Катонқарағай ауданы мен оған іргелес Үлкен Нарын ауданының үйір-үйір жылқысы, қора-қора қойы, табын-табын сиыры жаз бойы емін-еркін шүйгіндеп, тау басына алғашқы қар түскенде ғана, етекке мамырлай көшуші еді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет