Байланысты: 2021 Эссе жауаптары жаратылыстану математикалық бағыттағы2
34. .«Әлемді өзгерткен ұлы тұлғалар» тақырыбында дереккөздерді пайдалана отырып өз ойыңызды талдап жазыңыз
Ақыл – адам бойындағы ең асыл қасиет. Оны ештеңемен алмастыруға да, салыстыруға да болмайды. Айталық сізді қараптан қарап тұрып ит қауып алды делік. Егер әлгі иттің ақылы болса қабар ма еді? Тіпті жылқының иесін теуіп, сиырдың сүзіп жіберуін де осы тектес мысал ретінде айтуға болады. Бұл жан-жануарлар мен хайуанаттарда сананың дамымағанын дәлелдейді. Олардың жанында адамның жаратылысы мен болмысы керемет. Екі аяқты пендеге Алла Тағала сана мен ой берген. Мұны Абайша айтсақ «Ақыл – жан қуаты». Ақын тағы бір сөзінде «Пайда менен залалды – ақыл айырады» дейді.