«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11-сыныпқа арналған мемлекеттік емтихан (эссе) жауаптары 2021-2022ж Инстаграм


Ақылменойлап білген сөз, Бойғажұқпас, сырғанар. Ынталы жүрек сезген сөз, Бар тамырда қуалар, – дейді енді бірде Абай атамыз



бет45/63
Дата17.05.2022
өлшемі0,77 Mb.
#143556
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63
Байланысты:
2021 Эссе жауаптары жаратылыстану математикалық бағыттағы2

Ақылменойлап білген сөз,
Бойғажұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырда қуалар, – дейді енді бірде Абай атамыз.

Ақынның ақыл төңірегінде термелеген нақылдары мұнымен біт­пейді. Олардыңәрқайсысын оқы­ған сайын терең тұңғиыққа бой­лай бересің, көп нәрсені ой­лай бересің. «Ақыл, сезім бол­ма­са, тіршіліктің несі сән» дегенін де ой елегінен өткізіп отырсаңыз, тір­шіліктің тамаша көріністері мен қарым-қатынастың шынайы бол­мысы да «көбінің сырты – бү­тін, іші – түтін» дегенді ерекшелеп бе­ретін көрсеткіш.
Қазір көп айтылатын әңгіме­нің бірі де бірегейі ақшаға келіп ті­реледі. Өкінішке қарай, қазір кім дәулетті соның ақылы көп се­кілді көрінеді. Алайда қалталы кі­сінің де ақымақәрекеттері бо­ла­тынын жоққа шығара алмай­сыз. Ақылды кейде айлакерлік жасауға, зымиян ойды іске асыру үшін де пайдаланатындар бар. Бір қарағанда олар осы ісін ешкім байқамайтындай көреді. Адам­ның артықшылығы сезімтал­ды­ғында дер болсақ, әрбір әрекетті ба­ғамдай білетін пенде атаулы ақыл­дың арғы жағында арам ниет бол­са да біліп қояды.
Адам – аса күрделі жаратылыс. Ол туралы ғылыми тұрғыда да, ада­ми тұрғыда да түрлі пікір біл­діру­ге болады. Дау-жанжал, ұрыс-керіс, бақталастық, тіпті сұрапыл со­ғыс та адамдардың ақылының дұ­рыс пайдаланбағандығынан туын­дайды.Ақылдыңөзі парасат­пен, мінез-құлықпен тығыз байланысты. Осының барлығы біз­ді басқа тіршілік иелерінен ерек­шелейді. Ерекшелік – адамға тән құбылыс.Сол ерекшеліктіңәсе­рінен де адам дамиды. Мәсе­лен, ақпараттық технологияға жан бітсе, ол адамнан озып кетер еді. Бірақғылымды дамытқан адам. Соған қарамастан жаңа­лық­тарға ілесе алмай қалуымыз өкі­нішті.
Ж.Баласағұн бабамыз «Адам бойын­дағы ең тамаша нәрсе – бі­лім мен ақыл» дейді. Осы екеуі үй­лесім тапқан жерде үлкен іс тын­дырылады. Өмірдіңөз бояуын ша­тастырып алмауға да дәнекер бо­латын – білім мен ақыл. Ға­лым­­дар адамның жалқау, қатал, аса мейірімді болуы қан тобына байланысты екендігін айтады. Бір ғана мысал: 1907 жылы чех ға­лы­мы Я.Янский қан тобының 4-ке бөлінетінін айтқан. Әлемде ең көп кездесетін қан – 1-топ (жер ша­ры тұрғындарының 45 пайызы) 2-қан тобы адамдардың 35 пайы­зы­на тән. 13 пайызыныңқаны 3-топқа жатады. 4-қан тобы өте сирек кездеседі, (7 пайыз). Осы топ­тағылардыңқандай қабілетке ие екендігін де болжап бергендер бар. Бірақ адам ең алдымен өзіне сенуі керек. «Ақыл – саған ізгі дос, әділ жолдас», «Ақыл бар жер­де шындық бар, өтірік жоқ», – де­ген Жүсіп Баласағұн бабамыз ғұла­малықтыңғұмыры ұзақтығын құлаққағыс жасаған.
Дүниені өзгертіп жатқандар – ақылды адамдар. Соңғы уақыт­та данышпандарды интеллектілік коэффициенттеріне байланысты анық­тайтын амалдар пайда бол­ды. Мұныңқаншалықты дұрыс­ты­ғын немесе бұрыстығын ешкім дөп басып айта алмас. Мысалы, бү­­гінгі өмірдің ерекшеліктерін Мөң­­ке би секілді дөп басып ай­тып берген кім бар? Баба­мыз­дың бұл айтқандарын ешкім жоққа шы­ғара алмаса да интеллектілік коэ­ффициенттерін ешкім дәл ай­тып бере алмасы анық.
Соңғы бір деректерге назар ау­дарсақ, әлемнің он ғұламасы төңірегінде мынадай пікір біл­ді­рі­ліпті. Адамдардың 50 пайызына жуығының IQ деңгейі төмен. Де­мек, жер шары тұрғындары ақыл-ой деңгейі жағынан іріктелген. Жаңа­лық ашып, адамзаттың дамуы жолында тер төгіп жүр­ген­дер аз ғана бөлікті құрайды. Олар – ғалымдар. SuperScholar.org веб-басылымы ең ақылды 10 адам туралы былайша ой өрбітеді. Осының барлығын не үшін ай­тып отырмыз? Сұрақтан сұрақ туын­дайды. Интеллектуальдық коэф­фициентке көңіл бөлетін, да­рынды адамдар базасын жасай­тын уақыт бізге де келді. Өйткені өз­гелер ғылым саласынан оқ бойы озып бара жатқанда біздің артта қалуымызға болмайды. Бір ғана мысал: Қытайда халық көп. Олардың арасынан ақылды адам­дардың көп шығатыны – өмірдіңөз заңдылығы. Жер шарындағы 300 миллиондай орыс халқыныңөзі небір данышпандарымен мақ­тана отырып, олардыңқатарын қа­лай да көбейтуді ойластырып жа­тыр. Ресей тарихын жасаған ғұла­малардың мемлекетті әлемге та­ныту жолында қыруар іс бітір­ге­ні анық. Осы үрдісті қалай да ілгерлету, дамыту үшін білім мен ғылымды мықтап қолға алып, да­нышпандарға даңғыл жол ашу­да, күшті насихаттар жүргізілуде. «Ресейдіңұлы ойшылдары» атты кітаптың жарық көруінің арғы жа­ғында осындай бір ой, идея, ал­ға ұмтылу бар. Бірінші кітап Ми­хаил Васильевич Ломоносовқа арналған. Бәрінен қызығы – осы іске М.Ломоносов атындағы Мәс­­кеу мемлекеттік университеті жур­­налистика факультетінің оқы­тушылары мен студенттері ат­салысқан.
Қысқасы, өзге жұрт тарихты тү­зеткен ғұламалары мен бүгінде далада жүрген дарындыларын да жинап жатыр. Дарындылық де­геніміз – адамның кез келген іс-әре­кет түріне ерекше қабілетті болуы. Міне, сол қарым-қабілеті мықты, ақыл-ойы артық туған аза­маттарды елдің игілігі, келе­ше­гін жасау үшін мақсатты жұ­мыс­тар жүргізілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет