Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға
көмектеседі.Ал татулық –
болашақта гүлденудің маңызды
талабы.
Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына,
қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам
әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі
ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген
анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім
жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-
құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің
Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат
әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа
толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы
Достарыңызбен бөлісу: |