ғана құрыстанып отырған профессор жадырап, аяқастынан масаттанып
қалды.Сонымен, Қаныш – технология институты кен факультетінің студенті.Көптен бергі арманы жүзеге асып, білімнің биік ордасына қолы жеткен бақытты жан!..» [3].«Бүгінгі күннің төрінен қарағанда, мен үшін шүбәсіз шындық: Қазақстан ғылымының жолы әуелден - ақ құтты болды; өйткені оның негізін бекемдеумен Сәтбаев айналысты...», - деген ҚР ҰҒА - ның академигі Шапық Шөкиннің пікіріне сүйенетін болсақ, жазушы романның «Ұлытау жотасында» атты екінші бөлімінде Қаныш Имантайұлының Жезқазған кенішінің ашылуы, оның толықтай іске қосылуы жолындағы нақты іс - әрекеттеріне тоқталған. Ғалымның Жезқазған кенінің гидротермальдық тегіне қалтқысыз сенуі, мыс ерітінділері құйылған жарықшақ