меңгертілуі керек. Елімізде жаңа қоғамдық нормалар мен құндылықтар жүйесін қалыптастыруда үлкен орын алатын Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары мен мақалаларының мәтіндерін қазақ тілін оқыту үдерісінде қолдану - тіл мен қоғамның байланысын және білім алушы жастар мен өмір тынысын сабақтастырудың бір жолы. Қазақстан халқының Тәуелсіздік дәуіріндегі өмірінде қалыптасып жатқан идеалдар, мәдени нормалар мен дәстүрлер, көпұлтты қоғамдағы әрбір жекелеген ұлттың құрметке лайық өзінің орны – барлығы мемлекетіміздің өміршеңдігін дәлелдейтін белгілер ғана емес, одан әрі дамуының да нәрлі көздері. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие болып отырған қазақ тілін оқытудың да осы тұрғыдан қарастырылуы көптеген