жауынгер тайпа қырғыздан. Ормандай кәпір орыстан, сірә да жеңілмес еді». Алты
бақан алауыз болғанымен, «кертағыдай бұл қазақ бүлікшіл, өлермен халық екенін
көрсет!» деп баланы түрікпен ат бәйгесінде қаракөк тұқым, аузымен құс тістеген хас
жүйрікпен қашырмақ болады. «Жылқы әулие, әулиеге тапсырдым!». Көз алдыңызға
көкірек кенересін даналық кемсерген, әулие-абыз қарияның зор пішіні келе қалады.
Ғазиз, абыройлы өлімнің алдында құлқамыт өмірдің түк мәні жоқ. «Өмір мен өлім
деген не тәйірі!». Құлдықтан қашу зор үрей, алдын тосып құмдақ шөл, сусыз шөлейт,
алаөкпедей көбік құсқан ағынды дария тұр, бірақ, ата балаға қанат береді, құлдықтың
түбі тексіздік, тамырсыздық деп көрсетеді. Тексіздік үлкен таңба, қала берді жұтылу.
Достарыңызбен бөлісу: |