«Абай жолы»
-
қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман
-
эпопея. Реализмнің нағыз
жетілген кезінде туатын роман
-
эпопея жанрының қазақ әдебиетінде пайда
болуы аса елеулі мәдени
-
көркемдік құбылыс болды. «Абай жолында» ХІХ
ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамының шындығы мейлінше кең
көрсетілді, қаһармандардың жеке өмірі халық тарихындағы күрделі
өзгерістермен байланысты берілді. Романда таптық, әлеуметтік қайшылықтар
мен тартыстар, Абай сынды ақын қайраткердің өмір жолдары дәуірдің
ұрымтал, кесек оқиғаларына тығыз қатыстырыла суреттеледі. «Абай
жолында» қаһармандар өмірінің сан түрлі кезеңі, байланыстары, әулеттер
ауысуы, мінездердің жасалу, толысу тарихы кең бейнеленеді. Тарихи дәуір
келбетін көрсететін типтердің көптігі, олардың дүниетаным, наным
Достарыңызбен бөлісу: |