«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану математикалық бағыттағы эссе жауаптары


«Қазақстандағы туризмнің артықшылықтары мен



Pdf көрінісі
бет247/252
Дата31.01.2022
өлшемі1,82 Mb.
#130238
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   252
Байланысты:
2 5204258666231894294

46. «Қазақстандағы туризмнің артықшылықтары мен 
кемшіліктері» тақырыбын экономикалық, әлеуметтік 
тұрғыдан талдап жазыңыз
 
АВТОР АЯУЛЫМ АЛТАЙ
 
INSAGRAM @11bjb.tjb 
https://instagram.com/11bjb.tjb?igshid=jwi14fbh2s01
 
Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың 2019 – 2025 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Мемлекет басшысының 2018 жылғы 
5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын 
арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-
шаралар жоспарының 19-тармағын; 2018 жылғы 9-10 мамыр аралығында Алматы 
облысына сапар барысында Елбасы берген тапсырманы, "5 институционалдық 
реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам" Ұлт жоспарын, атап айтқанда, туристік 
кластерлерді құрудың табысты тәжірибесі бар стратегиялық (негізгі) инвесторларды тарту 
шеңберінде индустрияландыру және экономикалық өсу бойынша институционалдық 
реформаны іске асыру үшін әзірленді. Бағдарлама сондай-ақ Қазақстан Республикасының 
2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында белгіленген экономиканы 
әртараптандырудың басты бағыттарына және "Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 
мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы 
Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 732 
Жарлығына
 
сәйкес Қазақстанды 2050 
жылға дейін ұзақ мерзімді дамытудың стратегиялық бағыттарына сәйкес әзірленді. 
      
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 406 
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 
жылға дейінгі тұжырымдамасында көрсетілген саланы дамытудың негізгі қағидаттарын 
ескере отырып әзірленді. 
      
Әлемдік экономиканың дамуының қазіргі жағдайларында туризм жетекші және 
қарқынды дамып келе жатқан салалардың біріне айналып келеді. Бюджетке салықтық 
түсімдердің, шетел валютасы ағынының, жұмыс орындары санының өсуі есебінен туризм 
экономиканың басты секторларының (көлік, байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, 
жаппай тұтынылатын тауарлардың өндірісі) дамуына үлес қосады. 
      
Тиімді геосаяси жағдайда орналасқан Қазақстан қомақты тарихи-рекреациялық 
ресурстарды әрі әлемдік мәдени және тарихи мұра объектілерін, бірегей табиғи алуан 
түрлілікті иелене отырып, жаңа туристік өнімдерді дамыту әлеуетіне және әлемдік туризм 
картасында ірі ойыншыға айналуы үшін барлық қажетті алғышарттарға ие. 


      
Алайда, қазіргі уақытта туризм саласының даму қарқыны орташа, ұлттық ауқымдағы 
әлеуметтік-экономикалық әсері мардымсыз. Қазақстан Республикасына туристік ағынды 
ұлғайту мақсатында кедергілерді азайту және саланы стратегиялық жоспарлау арқылы 
саланың әлеуетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау керек. 
      
Осы Бағдарлама туристер қызығатын орындарды дамыту және еңбек ресурстарын 
туризм саласына жаппай тарту, сыртқы және ішкі туристік ағынды түбегейлі өсіру, 
қолайлы туристік ахуал құру арқылы туристік салаға инвестицияларды ұлғайту, ішкі және 
халықаралық нарықтарда Қазақстанның туристік әлеуетін танымал ету, елдің туристік 
саласын толыққанды институттандыру арқылы туристік көрсетілген қызметтер мен 
өнімдердің қолжетімділігін және сапасын, сондай-ақ халықтың өмір сапасының деңгейін 
арттыруға бағытталған. 
      
Бұл ретте, Бағдарламаны іске асырудың бастапқы кезеңіндегі мемлекеттің белсенді 
рөлі бәсекеге қабілеттілікті одан әрі дамыту және арттыру үшін сала субъектілеріне 
қажетті қолдауды етеді. 
      
Бағдарламаны қабылдау отандық туристік саланың тиімді дамуы үшін қажетті жағдай 
жасайды және 2025 жылы ЖІӨ құрылымында 8 %-дық үлеске қол жеткізу міндеттеріне 
жетуге мүмкіндік береді. 
      
Ағымдағы жағдайды талдау және Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу барысында 
саланың негізгі проблемалары айқындалды және Мемлекеттік бағдарлама арқылы 
шешілуі тиіс басты міндеттер анықталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет