Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы сабақтың негізгі оқу материалы ретінде алынды. Елбасы мақаласының қазақы ұлттық дүниетанымның болмысына жасалған терең талдаулары негізінде қазақ тілі сабағының рационалдық сипаты тереңдейді. Мақаланың аксиологиялық болмысы және қазақша сөйлеу мен жазу дағдыларын саналылық принципке сүйене отырып дамыту бағыты магистранттарға өткізілген қазақ тілі сабағының мазмұнын құнды ете түседі. Елбасы мақаласын магистранттарға таныстыру, тілдік талдаулар жүргізу, өзіндік пікірлерін айтқызуда мәтінді аксиологиялық құрылым ретінде қарастырып, аксиологиялық талдау әдістерін қолдану ұсынылды. Мәтіннің құрылымын анықтау үшін мынадай сызба ұсынылып, оларды толтыру тапсырылады.