А.Кемелбаеваны оқу – қарысып қатқан қолтығыңды сөгу, қамау теріңді алу, зиялы зердені талап етеді. Әуелгі туындыларынан-ақ, шұбалаңқылау, энциклопедиялық ірі біліммен танылған шығармагердің бар міні сол – ұлан-ғайыр төгілген тіркестерге бар білімін сарқып жұмсау шығар. Бірақ әдебиеттің негізі көркем тіл, көмбеленген ас- тарлы тіл деп ұқсақ, Айгүлде бұл олқылық қайта өз бағын асырып отыр. Жұлдызын жарқыратып тұр. Тіпті, диалогтарындағы ежелгі сөйлеу мәнерінде ақпараттық ны- ғыздық бар. А.Кемелбаева эпостық емеуріннен таза стиль қалыптастыра алған өз