уақыт пен кеңістік
мәселесі көркем шығармада да (хронотоп) зерттелуде.
Кеңес
өкіметі тұсындағы саяси ахуалға байланысты Үш жүздің басын
қосқан Абылай хан заманын, одан бергі кезеңдегі тәуелсіздік
жолында «халық
жауы» атанып, мезгілсіз мерт болған Алаш
арыстарын жырға қоса алмаса да, ақын үні асқақ, ой тапқырлығы
айқын:
Туған дала,
менсіз талай қамалдар
алыныпты!..
Сенің арың –
маған да ар.
Кешір мені,
Кеш келіппін өмірге!
Кеш туыппын!
Кеш қалыппын!
Не амал бар? –дейді.
Дегенмен ол әл
-
Фараби сияқты ғылым
-
білім іздеп қиырға кетпей
-
ақ,
Махамбет, Амангелді сияқты қолына найза ұстап, жауға шаппай
-
ақ,
Рақымжан
Қошқарбаев сияқты Рейхстагқа ту тікпей
-
ақ, өзінің
парасатты поэзиясымен
-
ақ еліне адал қызмет ете білді. Сол себепті
ақын:
Саған уақыт сәл қиындық жолдаса –
қағаберіс қалмаспын мен,
енді аса!..
Бірақ мені кешірме сен,
өмірде
өлең қылар өз ерлігім болмаса!.. –
дейді, яғни уақыт пен кеңістік
белгілері тығыз бірлікте көрініс табады.
Жарасқан Әбдірашевтің:
Аға түгіл, тыңдамай бала да ақыр,
Орнағандай басына заманақыр.
Бүгінінен безінген қайран ақын,
Болашаққа адымдап бара жатыр –
деген поэма жолдарын эпиграф
етіп алып, «Ақын кетіп барады…» деген мақала
жазған ғалым
Бақытжан Майтанов: «Туған жер, халқы мен ана тіліне деген
Достарыңызбен бөлісу: |